Іштей және сырттай сызылған шеңберлер. Геометрия, 7 сынып, дидактикалық материал.


1 сабақ

1-тапсырма

Ақиқат тұжырымдарды анықтаңыз:

Тұжырым

Ақиқат

Жалған

Егер үшбұрыштың барлық қабырғалары шеңбермен жанасса, онда шеңбер үшбұрышқа сырттай сызылған деп аталады.

Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер центрі медианалардың қиылысу нүктесінде жатады.

Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрі үшбұрыштың биссектрисаларының қиылысу нүктесінде жатады.

Кез келген үшбұрышқа сырттай шеңбер сызуға болады.

Тік бұрышты үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрі тік бұрыштың төбесінде орналасады.

Кез келген үшбұрышқа іштей шеңбер жүргізуге болады.

Кез келген үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрі үшбұрыштың биіктіктерінің қиылысу нүктесінде жатады.

Дескриптор: Оқушы

- ақиқат тұжырымды анықтайды;

- жалған тұжырымды анықтайды.

2-тапсырма

  • Үшбұрыш берілген. Осы үшбұрышқа іштей шеңбер сызыңыз.
  • Үшбұрыш берілген. Осы үшбұрышқа сырттай шеңбер сызыңыз.

Дескриптор: Оқушы

- іштей сызылған / сырттай сызылғаншеңбердісызуалгоритмінқолданады;

- центрін анықтайды;

- іштей сызылған / сырттай сызылған шеңберді салуды орындайды.

3-тапсырма

  • Тең қабырғалы үшбұрышқа іштей шеңбер сызыңыз.
  • Тік бұрышты үшбұрышқа сырттай шеңбер сызыңыз.

Дескриптор: Оқушы

- іштейсызылған / сырттай сызылған шеңбердің центрін анықтайды;

- іштей сызылған /сырттай сызылған шеңберді салуды орындайды

2 сабақ

Сөйлемдерді аяқтаңыздар

1)Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер деп...........

2) Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер деп...........

3) Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрі осы..........

4) Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрі осы.........

5)Шеңбердің кез келген екі нүктесін қосатын кесінді ......

6) Әрбір хорда өзінің ұштарымен шеңберді екі бөлікке бөледі, бұл боліктер .......

7) Доға және дөнгелектін осы доғаға тірелген радистармен шектелген бөлігін......

8) Шеңбердің бір нүктесі арқылы өтіп және осы нүктеге жүргізілген радиусқа перпендикуляр болатын түзу ..........

9) Шеңбермен екі ортақ нүктесі болатын түзу.........

10)Салу есептері деп......

1-тапсырма

i) Берілген бұрышқа тең бұрышты салыңыз

ii) Осы бұрыштың биссектрисасын салыңыз.

Дескриптор: Оқушы

- берілген бұрышқа тең бұрышты салу алгоритмін анықтайды;

- берілген бұрышқа тең бұрышты салады;

- бұрыштың биссектрисасын салу алгоритмін анықтайды;

- бұрыштың биссектрисасын салады.

2-тапсырма

Үшбұрыштың биссектрисаларының қиылысу нүктесін табыңыз.

Дескриптор: Оқушы

- бұрыштың биссектрисасын салу алгоритмін қолданады;

- үшбұрыштың әрбір бұрышының биссектрисасын салады;

- биссектрисалардың қиылысу нүктесін белгілейді.

3-тапсырма

i) Берілген кесіндіге орта перпендикуляр тұрғызыңыз.

Дескриптор: Оқушы

- кесіндіге орта перпендикуляр тұрғызудың алгоритмін анықтайды;

- циркуль және сызғыштың көмегімен керекті сызбалар жүргізеді;

- кесіндіге орта перпендикуляр тұрғызады.

ii) Үшбұрыштың В бұрышына қарсы жатқан қабырғасына орта перпендикуляр тұрғызыңыз.

Дескриптор: Оқушы

- үшбұрыштың берілген қабырғасын анықтайды;

- кесіндіге орта перпендикуляр тұрғызудың алгоритмін қолданады;

- белгілі қабырғаға орта перпендикулярды тұрғызады

ii) Үшбұрыштың барлық 3 орта перпендикулярын тұрғызыңыз. Олардың қиылысу нүктесін белгілеп көрсетіңіз

Дескриптор: Оқушы

- кесіндіге орта перпендикуляр тұрғызудың алгоритмін қолданады;

- үшбұрыштың әрбір қабырғасына орта перпендикуляр тұрғызады;

- қиылысу нүктесін белгілейді.

4-тапсырма

Суреттеa және b перпендикуляр түзулері берілген., .

i) Берілген нүктелерден өтіп әрбір түзуге перпендикуляр болатын түзулерді тұрғызыңыз.

ii) Пайда болған фигураны атаңыз.

iii) Пайда болған фигураның диагоналдарының қиылысу нүктесін белгілеңіз.

iv) Табылған нүкте арқылы bтүзуіне перпендикуляр тұрғызыңыз.

Дескриптор: Оқушы

- түзуге тиісті нүкте арқылы осы түзуге перпендикуляр тұрғызу алгоритмін анықтайды;

- әрбір қабырғасына перпендикуляр тұрғызады;

- алынған фигураны атайды;

- диагоналдарының қиылысу нүктесін белгілейді;

- түзуге тиісті емес нүкте арқылы осы түзуге перпендикуляр тұрғызу алгоритмін қолданады;

- түзу бойында жатпайтын нүкте арқылы b түзуіне перпендикуляр тұрғызады

Үйге тапсырма

1. Радиусы 5 см болатын шеңбердің ұзындығын табыңыз

2. Радиусы 2 см болатын шеңбердің ұзындығын табыңыз

3. Сызбадағы бұрыштарды толықтырыңыздар

4. Сызбадағы белгісіз бұрыштарды табыңыздар

Дескриптор: Шеңбердің ұзындығын табады; Жазыңқы бұрышты қолданады; Белгісіз бұрышты анықтайды.

Тапсырма. Суреттен радиус, диаметр, хорда, жанама, қиюшы, центрлік және іштей сызылған бұрыштарды көрсетіп жазыңыз және әрқайсысына анықтама беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу