Белгілі бір интерьер үшін жиһаз құрастыру (көрме залдарына арналған модульді креслолар, трансформаланатын балалар жиһазы, сәнді шамдар). Талқылау және идеяны дамыту. Материал таңдау. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім: Дизайн және технология

Мектеп: ФМБ НЗМ Орал қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Отаров М.Т.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Белгілі бір интерьер үшін жиһаз құрастыру (көрме залдарына арналған модульді креслолар, трансформаланатын балалар жиһазы, сәнді шамдар). Талқылау және идеяны дамыту. Материал таңдау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.5.1 күрделі объектілерді жобалау үшін түрлі салалардан алынған білімдерді қолданады;

9.1.6.1 жобаланған объектінің техникалық, экологиялық және пайдалану сипаттамаларын ескере отырып, табиғи және жасанды материалдарды қолдану және өңдеу әдістерін дұрыс анықтайды.

Сабақ мақсаттары

Интерьерге арналған бұйым дайындау

Жобаланған өнімге арналған өңдеу әдістері мен материалдарын анықтау

Бағалау критерийлері

Білу

  • Интерьердің не екенін біледі
  • Жиһаздың түрлерін біледі

Түсіну

3. Жиһаз өндірісінің өндірістік және технологиялық үдерісін түсінеді

Қолдану

4. Қолданылатын өңдеу әдістері мен материалдарын өз бетінше анықтай алады

Сараптау

  • Алынған білім өзінің жобалық жұмысына қажет болады

Синтез

  • Өнер мен техниканың байланысын біледі

Бағалау

  • Өз жұмысын және өзгелердің жұмысын бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Тілдік емес тақырыптарға арналған.

Дизайн

Design

Дизайн

Жиhаз

Furniture

Мебель

Интерьер

Interior

Интерьер

Жиһаз дайындауға арналған материалдар......

Өндеу тәсілдері….

Құндылықтарды дарыту

Мақсатшыл, өмір бойы оқу

Пәнаралық байланыстар

Физика, геометрия, сызу

АКТ қолдану дағдылары

Ноутбуктерді зерттеу жұмыстарына қолдану.

Бастапқы білім

Оқушылар интерьердің түрлі стилдерімен бұрын таныс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

30 мин.

5 мин.

Сабақтың соңы

5 мин.

Өткен тақырыпты қайталау

Бүгінгі сабақта сіздердің әрқайсысыңыз алдыңғы сабақтарда белгіленген критерийлерге сай келетін жиһаздың жеке бөлігін ұсыну.

Интерьер көрініс, мысалы: көрме залы үшін модульдық орындықтар, трансформалы (ауыспалы) балалар жиһазы, сәндік шамдар және тағы басқалар болуы мүмкін.

Интернетте мысал бола алатын кейбір жиһаздар келтірілген.

Слайд көрсетілімі.

Тақырыпты таңдағаннан кейін, дизайн формасын жасаңыз, материалдардың және өңдеудің әдістерін шешіңіз.

Жұмыс альбомдарында эскиздер мен суреттер орындаңыз.

Әзірленген эскиздер мен сызбаларды талқылау.

Рефлексия

Барлық эскиздер мен сызбалар бүкіл сыныпта ұсынылады және талқыланады. Болашақта, барлық ұсыныстарды ескере отырып, түзетулер енгізу мүмкіндігі болады.

https://museum-design.ru/ctrlzak/

http://sdelajrukami.ru/svetilnik-svoimi-rukami/

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып оқушының оқу материалдары мен ресурстарды таңдау кезінде тапсырмаларды таңдауда, оқушылардың нәтижелерін анықтауда дифференциация жүргізілуі мүмкін

Жұмыстар жеке жүргізіледі, бұл бағалау процесін жеңілдетеді. Оқушылар критерий бойынша бір-бірін өздігінен бағалайды.

Бағалауда әрбір оқушының деңгейін ескеріледі.

1. Сабаққа бес минут қалғанда келіңіз.

2. «Технология» бөлмесіне тек мұғалімнің рұқсатымен кіріңіз.

3. Арнайы киім кию.

4. Бекітілген орындарға отырыңыз және мұғалімнің рұқсатынсыз тұрмаңыз.

5. Жұмысты тек мұғалімнің рұқсатымен ғана бастаңыз. Мұғалім сізге хабарлағанда, жұмысты тоқтата тұрыңыз. Жұмыс істеген кезде алаңдамаңыз.

6. Таныс емес құралдарды түсіндірмейінше пайдаланбаңыз.

7. Құралды тек қана мақсатқа сай пайдаланыңыз.

8. Ақаулы және өткір емес құралдармен жұмыс істемеңіз.

9. Жұмыс кезінде құралды мұғалім көрсеткендей ұстаңыз.

10. Белгіленген жерде құралдар мен жабдықтарды сақтау.

11. Жұмыс орның таза және ұқыпты ұстаңыз.

12. Мұғалім көрсеткен тәртіпте құралдар мен жабдықтарды орналастырыңыз.

13. Жұмыс кезінде сөйлеспеңіз.

14. Жұмысты мұқият орындаңыз, бөтен заттармен айналыспаңыз.

15. Үзіліс кезінде сіз сыныптан шығуыңыз керек.

16. Сабақтың соңында жұмыс орныңызды тазалаңыз.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу