Ойынды тестілеу. Сауалнама және ақпараттар жинау. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Ойынды тестілеу. Сауалнама және ақпараттар жинау» тақырыбына арналған сабақ «Дизайн және технология» бөлімінің тоғызыншы тақырыбы. Сабақта оқушылар үстел үсті ойындарына тестілеу сұрақтары мен бағалау жүргізеді.

Сабақты өткізбес бұрын үстел үсті ойындары туралы дидактикалық материалдар мен қосымша мәліметтер туралы танысып алу ұсынылады.

Сабақ зерттеу, қолдану дағдысына негізделген.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Кез- келген ойын түрінде оқушылардың назарын сабаққа көңілдерін аударуға болады. Мысалы: оқушылар орындарынан тұрып, парталасымен жұптасып, бір- біріне өткен сабақта алған білімдеріне кері байланыс беру арқылы қысқаша шолу жасатуға болады. Қажет болған жағдайда жұптағы оқушылар ауысуға болады. Осыдан кейін оқушыларға сабақтың ережесін естеріне түсіріңіз.

Өткенге сабаққа қысқаша сұрақтар көмегімен шолу жасау ұсынылады. Сұрақ – жауап көмегімен сабақтың мақсатын байланыстырыңыз.

Сабақ барысы

Презентация:....

Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері мен термин сөздіктермен таныстырыңыз. Таныстырып болғаннан кейін, 2р топ өз ойындарын басқа топтардағы сыныптастарына үйретеді.

Ойындарын таныстырып, үйретіп болғаннан кейін, сабақтың тақырыбына байланысты «Сауалнама мен тестілеу не үшін өткізіледі» жұмысын ұсыныңыз.

Талқылауға 5 минут уақыт жеткілікті.

Талқылаудан кейін ойынды тестілеу туралы сұхбттаңыз.

Бұл диалог арқылы оқушылардың өз идеяларын толық жеткізуге көмектеседі. Қажет болған жағдайда толықтырулар еңгізіңіз.

Оқушылар өткен сабақта бөлінген топ (көңіл- күй көтеретін үстел үсті ойыны, үйрету ойындары, басқатырғыш, коммуникативтік ойындар (қарым- қатынасқа арналған ойындар), зияткерлік) атаулары арқылы жұмыстарын жалғастыру ұсынылады.

Тапсырма №1

Оқушылар топта өзінің және өзгелердің үстел ойындарына сауалнама жүргізеді. Сауалнама кестетүрінде ұсынуға болады.

Сауалнама орындауға 10 минут беруге болады.

Сауалнамадан кейін өз ойындарын бағалау критерийлері арқылы бағалауды ұсыныңыз.

Оқушылар өз ойындарына байланысты алған сауалнамалар мен бағалау критерийлері бойынша ұсыныстарды, жіберілген қателіктерді өзгерте алады. Қажет жағдайда мұғалім көмек беруге болады.

Топтар өздерінің тестілеу, талдау жұмыс нәтижелерін бүкіл сынып алдында көрсетеді. Таныстыруға әр топқа 2-3 минут уақыт беріледі.

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«2 жұлдыз және бір тілек» әдісі қолданылады.

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу