Көркемдеп безендіру мен жұмыстарын таныстыру. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Көркемдеп безендіру мен жұмыстарын таныстыру» тақырыбына арналған сабақ «Сәндік қолдаңбалы өнер» бөлімінің сегізінші тақырыбы. Бұл сабақта оқушылар өткен сабақта орындаған мозаика панно жұмыстарын безендіріп, көрме жұмыстарын өткізетін болады. Яғни осы бөлім бойынша орындаған жұмыс нәтижесін кең аудитория (көпшіліктің) алдыңда таныстыратын болады.

Жаңа тақырып түсінкті болу үшін, жұмысты бастамас бұрын оқушылар назарына шағын бейнебаян көрсету ұсынылады. Бейнефильм көрсету:

Астанадағы Ұлттық Мұражайда Итальяндық Шеберлердің Көрмесі Өтті

http://kazakh-tv.kz/kz/view/culture/page_176906_italian-mosaic-works-exhibited-in-astana

Оқушылардан бейне көрініске байланысты алған әсерін сұрау.

  • Бейне роликтен не байқадық?
  • Қандай ой түйдіңіздер?
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

Жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар назарына таныстырылып, бүгінгі сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, және тілдік мақсаттарға нақтылап түсіндіру.

Тәжірибелік жұмыс жасауды бастар алдыңда оқушыларға техника қауіпсіздігін сақтауын ескертіңіз.

Тәжірбиелік жұмыстың таныстырылымын орындау кезеңдеріне тоқтала кетіңіз:

Тәжірибелік жұмыстың таныстырылым кезеңіне арналған сабақта оқушылар өз жобаларын әсемдеп, көрмеге ұсынады. Таныстырылымды орындау кезеңдері төмендегідей:

*презентация және таныстырылымның өзге де түрлерін дайындау;

* панно/мозаиканы әсемдеу(рамка, багет және т.б.)

*атауын қою;

*көрме ұйымдастыру;

*жобаны таныстыру;

*бірі-бірі бағалау және кері байланыс алу.

Қажет болған жағдайда келесі бейне баянды оқушылардың назарына ұсынуға болады.

Керамикалық плиткілер және мозаика салондарының таныстырылымы.

https://www.youtube.com/watch?v=8DI0OSfY_ZQ

Тапсырма. Топтық жұмыс.

Дайын болған өнер туындыларына қосымша қажетті материалдармен безендіру жұмыстарын жүргізіп, кең аудитория алдында қорғаңыз. Жұмыстарды таныстыру (қорғау) барысында қажетті сөз тіркестерін қолдану ұсынылады. Көрме жұмыстары.

Әр оқушының жұмысына объективті түрде баға беру ұсынылады (кері байланыс). Осы кезеңге арнайы маман (суретші) немесе мектеп әкімшілігін шақырып қатыстыруға болады.

Тілдік мақсатты дамыту мақсатында оқушылар өз жұмыстарын таныстыру барысында сөйлемге қажетті сөз тіркестерін қолдануды ұсынуға болады;

  • Бұл мозаика панносы …. аумағында талап етіледі.
  • Бұл мозаика панносы…. тәсілі арқылы орындалды.
  • Бұл мозаика панносының тартымдылығы
  • Бұл мозаика панносы …. технологияда тиімді қолданылады.
  • Қиындықтың негізгі себебі…

Таныстырылым кезінде оқушылар өз жұмыстарына басқа оқушылардан талдау, бағалау арқылы кері байланыс беруді сұраңыз.

Оқушыларға орындайтын тапсырмалармен таныстырып болғаннан кейін, тапсырманы бағалау критерийлерімен таныстырыңыз.

Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылардың сабақ мақсаттарына қол жеткізе алдыма? Осына қадағалау керек. Ол үшін оқушылардың орындаған тапсырмаларын арнайы алдын ала дайындалған:

Тапсырманы бағалау критерийлерге тоқталып өтіңіз.

Сабақтың соңғы бөлігінде кері байланыс алу ұсынылады. Мысалы;

Рефлексия: оқушылар бөлім бойынша орындаған жұмыстары туралы топ арасында талдау жүмыстарын жүргізе отырып, бір- бірлеріне болашақта қай орындарда қолдануға болатындары туралы ұсыныстар беруге болады.

«Талқылаудағы әріптестер»

Серіктеспен, жұппен, топпен талқылау, ұсыныстар ұсыну.

 

 

 

 

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 

 

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  •  желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  •  желімді керек мөлшерде ғана ал;
  •  артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  •  жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

 

 Әйнек немесе керамикалық плиталар кескішпен жұмыс жасау кезінде –

  •  кескішті дұрыстап ұстауды үйрен;
  •  жұмысты астына тақтайша немесе қатты затты қойып жаса;
  •  кескішпен ойнама;
  •  кескішті арнайы орынға қойып қоюды ұмытпа.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу