Қайталау және өтілген материалдарды пысықтау. Халық шығармашылығының түрлері. Материалдар мен құрал-жабдықтар. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, презенатция.


Халық қолөнерінің түрлері. Материалдар мен құрал-жабдықтар

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Киіз өнімдерінен бұйым жасауға қажетті құрал-жабдықтармен танысады;

Халық қолөнері түрлері туралы біледі;

Бұйымдарды әшекейлеуде қазақтың ұлттық ою-өрнектерін қолдана біледі;

Сабақ үстіндегі іс-әрекетттерде белсенділік танытады;

Берілген тапсырмаларды орындайды;

Халық өнері түрлерін зерттейді.

Тері өңдеу өнері

Теріден әртүрті киімдерді жасаған, мәселенаяқ киім, белбеу, әр салада қолданылатын ыдыстар, ат әбзелдері, қорамсақ т.б Сонымен қатар теріден сандық жасау ісі де кеңінен тараған. (жағлан - шабадан - чемодан) т.б. Теріден жасалған өнімдер: (ішік), дақы, жақы, жарғақ (тұлып). Қасқыр, түлік, бұлғын секілді аңдарт терісінен ішік тіккен. Терілердің түгін ішіне қаратып бет жағын қатты материямен қаптапшекпен. Теріден тігілген бас киім - бөрік.

Халық: «Кемер белбеу белге сән,

Кемелді жігіт елге сән», - деп текке айтпаған.

Теріге түрлі бейнелерді таңбалай отырып әртүрлі ыдыстар жасалынған, аталған ыдыстар әдетте сұйықтықты ұзақ жолға алып жүруге арналған ыдыстар қатары: торсық, саба, сүйретпе, мес. Жылқы және ірі қара терісінен - шелек, бие және түйе саууға арнапкөнек жасаған. Қоғамда аяқ киімді тігіп, кем-кетігін түзейтінетікші болды.

Аяқ киімге арналған қалың тері түрі - көн. Иленген терінібылғары деп атады. Шеберлер тіккен аяқ киім - етік, мәсімен кибге арнапкебіс тіккен. Ыдыстар және аяқ киімдер жануарлар сіңірлерінен алынғантарамыс көмегімен тігілді. Күміс белдікті кез келген қазақ жасай білсе, қамшыны өрімдей тоқудыөрімші жасаған. Қамшы өрудiң көптеген түрi қолданылады, соның iшiнде 3 таспадан 32 таспаға дейiн жететiн түрi кiредi. Өрiмдер домалақ, жұмыр, төртқырлы болып келедi. Қамшының қарапайым түрiнiң бiрi — бишiк. Ол қамшыға қарағанда қарапайым, өрiмi сабынан үш-төрт есе, кейде одан да ұзын болуы мүмкiн. Өрiм алғашқы басында жуан болып ұшына қарай жiңiшкере бередi. Қамшыны жасау үшiн ең бiрiншi терiнi илеп, иiн қандырып, қайыс өңдеп шығару қажет.

Зергерлік өнер

Қазақ халқының зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Қазақ зергерлері көбіне жеке – дара жұмыс істеп, өз өнерінің қырсырын ұрпақтанұрпаққа үйретіп отырған. Зергерлердің басты жұмысықоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған - әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау. Халық зергерлері көбінесе білезік, өңіржиек, сақина, сырға, түйреуіш, ілгек, шашбау, шолпы, алқа, қапсырма, жүзік сияқты адамдардың өз бойындағы әсемденетін заттарды жасады. Осы әшекейге орнатылған тастардың белгілі мән-мағаналары да бар.

Ер-тұрман

Ер-тұрманатқа салт мініп жүруге қажетті жабдықтардың жиынтық аты. Ер-тұрманға ерден басқа тоқым, желдік, тебінгі, үзеңгі, үзеңгі бау, таралғы, тартпа, айыл (төс айыл, шап айыл), өмілдірік, құйысқан, жүген, шылбыр, тізгін, ат көрпе, көпшік, пыстан, кежім, қамшы, шідер, тұсамыс, кісен, қанжыға жатады. Әйелдерге арналған ер-тұрман (тоқым, үзеңгі, үзеңгі бау, таралғы, ноқта, жүген, сулық, айыл, өмілдірік, құйысқан, пыстан, шеттік, сауырлық, салпыншақ) әшекейленеді. Ерлерге арналған ер-тұрман жеңіл, ықшам, көбінесе мүйіз, сүйекпен, әшекейленеді. Ер-тұрман «ер-тоқым» деп те аталады.

Изделия из дерева и камня

Ағаш бұйымдардың шеберлері киіз ұй, арбалар, үлкен ағаш бұйымдар орындаған.

IX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Біздің елімізді, ұлтымызды танытатын бірден бір бұйымдомбыра. Домбыраның күмбірлеген үні қазіргі кезде бүкіл дүние жүзін шарлап кетті. Домбырасыз ұлтымыздың өмірін елестету мүмкін емес. Домбыра қазақ халқының арасында өте кең тараған кос ішекті шертіп ойнайтын аспап. Домбыраның ән сүйемелдеуге, күйге арналған түрлері болады. Күйге арналған домбыраның шанағы үлкендеу, мойыны ұзын болып келеді.

Өзіндік жұмыс кезеңі (20 мин.).

Тапсырма:

4 командға бөлініп, ою-өрнек жасаныз

* I топ - геометриялық ою-өрнектерді қағаздан оясындар;

* II топ - өсімдік ою-өрнектерді оясындар;

* III топ - зооморфтық ою-өрнектер;

* IV топ - космогониялық ою-өрнектер.

 

Ою-өрнек түрін анықтайды (геометриялық, өсімдік, зооморфтық, космогониялық);

Тиісті тапсырма бойынша қазақ ұлттық ою-өрнектін суретін орындайды (қағазды бүктеп, ою суретін бейнеленіз);

Ою-өрнекті ұқыпты, эстетикалық талаптарға сай қағаздан ояды;

Ою-өрнек үшін фонның түсін сауатты таңдайды (ойып, қағазға жапсырындар).

Тапсырмаға дескрипторлар:

Рефлексия:

Командалардың жұмыстарын талдау. Өзін-өзі бағалау

және өзара бағалау. Ұнаған жұмыстарға стикерлер жабыстыру.

Жұмыстарды талдау. Бағалау

Әрбір оқушы стикерде жазады:

Сабақта қызықты болды ма?

Не ұнады?

Неге үйрендім?

Сабақта не жақсы болды?

Не кедергі жасады?

Өзіне сабақтан нені алар едін?

Жұмыс орнын жинастыру.

Үй тапсырмасы:

Қазақ ұлттық ою-өрнек түрлерін зерттеуді жалғастырыңыз. Қазақстандық киім дизайнері Айи Бапанидін шығармашылығын қараныз. Шығармашылық эскиз орындау үшін келесі сабаққа А 4 форматтағы қағаз, акварель немесе гуашь бояуларын, бояужаққыш және үшкір синтетикалық қылқаламдарды әкелініздер.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу