Қайталау және өтілген материалдарды пысықтау. Халық шығармашылығының түрлері. Материалдар мен құрал-жабдықтар. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.


«Көркем еңбек» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар

Бөлім 1. Сәндік-қолданбалы өнер

Мектеп:

Орал қаласындағы ФМБ НЗМ ДББҰ филиалы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Гумарова А.М.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы: 2

Қайталау және өтілген материалдарды пысықтау

Халық шығармашылығының түрлері. Материалдар мен құрал-жабдықтар

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.5.2 – Графикалық, технологиялық құжаттамасын дайындау, әртүрлі графикалық тәсілдерді қолдану;өнімді дайындаудың сатыларын көрсету;

8.1.4.1 –Шығармашылық жетістікті жоспарлау, алған білімі мен дағдысын қолдана білуі, алдағы іс-әрекетін жүйелеп көрсету;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

* Киіз өнімдерінен бұйым жасауға қажетті құрал-жабдықтармен танысады;

* Халық қолөнері түрлері туралы біледі;

* Бұйымдарды әшекейлеуде қазақтың ұлттық ою-өрнектерін қолдана біледі;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар қорытынды жасап өз бетімен талдай алады.

Ерекшелік – особенность – uniqueness

Зергерлік, былғары,көркем ою, ұсталық кәсіп, кестелеу, тоқымашылық, кілем тоқу, өру

Пәннің спецификалық лексикасы мен терминологиясы:

асыл бұйым - ценный предмет, оніржиек - нагрудное украшение, білезік - браслеты, жузік - перстни, сырға - серьги, кемер белбеу - женские пояса, кісе, күміс белбеу - виды мужских пояс. Убранство лошади (ер-тұрман, ат абзелі), седло (ер), узда (жүген), чепрак (тебінгі), подпруга (айыл-тартпа), ремень с подвешенными на нем стременами (таралғы), седельная шлейка (құйысқан).

Сосуды для хранения, перевозки и изготовления молочных продуктов: торсық, саба, сүйретпе.

Сүт өнімедерін құятын, сақтайтын, жолда алып жүруге арналған ыдыстар: торсық, саба, сүйретпе.

Сөйлеу мен жазуға қажетті тіркестер:

Сәндік қолданбалы өнердің ең тиімді тәсілдері…

Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері басқа өнер түрлерінен несімен ерекшеленеді?

Мен сәндік-қолданбалы өнердің басты еркшеліктерін атай аламын...

 Бағалау критерийлері

* Сабақ үстіндегі іс-әрекетттерде белсенділік танытады;

* Берілген тапсырмаларды орындайды;

* Халық өнері түрлерін зерттейді.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

*Оқушылар арасындағы өзара түсіністікке қол жеткізу.

*Оқушылардың көркемдік эстетикалық талғамын, шығармашылық белсенділігін дамыту.

*Отанға сүйісепншілік сезімдерін арттыру, өзара түсіністік, сыйластықта болуды насихаттау;

 Пәнаралық байланыс

* Қазақстан тарихы – халық өнері түрлерінің тарихы

* Қазақ тілі – жаңа сөздер, терминдер

 Сабақта АКТ қолдану

Оқуышаларды ақпаратты қолдана отырып, өз бетімен жұмыс жасауға баулу, ақпарат ішінен құнды деректерді табу, қолдану. Вебсайттар мен интернетті - ресурстарды әртүрлі зерттеулер үшін пайдалану.

 Осыған дейінгі білім

Өнер түрлері арқылы шығармашылық жұмыстарын тәжірибе арқылы жетілдіру. Көркемөнер туындыларын салудағы композицияның негізін біледі. Қол жеткізген ақпараттарын өздері саралап, талдай алады

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • мин.
  • Ұйымдастыру бөлімі

Сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақ тақырыбы мен сабақ мақсаттарымен таныстыру:

- Оқушылар біздер өткен сабағымызда қандай ұғымдармен таныстық? Біз өткен сабақтан нені білдік?

- Иә, біз Қазақстанның сәнді-қолданбалы өнері туралы сөз қозғадық. Біз ши тоқу мен киіз өңдеу туралы кеңінен әңгімеледік. Біздің бүгінгі сабағымыз өтілген тақырыппен тығыз байланыста, біз бүгін халықтық өнер түрлерімен танысатын боламыз.

Сыни ойлау дағдыларын дамытуға арналған сұрақтар.

1. Мүсіндеу өнеріне жататын қыштан жасалып, отта күйдірілетін өнім. (Керамика)

2. Саз балшықтан ыдыс жасаушы шебер. (Қыш шебері- гончар)

3. Ашық түсті бархаттан жасалатын әйелдерге арналған киім. (Қамзол)

4. Қазақы ою-өрнектермен әшекейленген, дөңгелек пішінді бас киім. (Тақия)

5. Бие сүтін ашыту арқылы алынатын сусын. (Қымыз)

6. Шойыннан жасалатын, ас пісіруге арналған ыдыс. (Қазан)

Презентациямен танысуға арналған интерактивті тақта.

Сабақ тақырыбына сай көрнекілер: қазақтың сәндік-қолданбалы өнеріне жататын бұйымдардың фотосуреті мен суреті.

1-2 слайды

Сабақтың негізгі кезең

(жалпы уақыт - 30 мин)

10 мин

20 мин

2. Жаңа материалды игеру.

Оқушылармен қазақ халқының өнері жөнінде әңгіме өрбіту.

- Өткен сабақта халқымыздың арасында кеңінен тараған кілем тоқу өнерімен танысқан болатынбыз. Бүгін біз қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің түрлерін қарастыруды жалғастырамыз:

- Тері өңдеу өнері

- Зергерлік өнер

- Сүйек өңдеу өнері

- Тас өңдеу өнері

- Ұсталық  кәсіп

- Ағаш өңдеу

Видеофильмдерді көру

- Тері өңдеу өнерін қарастырайық…. Теориялық материалдармен жұмыс. Оқушылар материалдар бойынша зерттеу жұмысын жүргізеді

- Қазақ халқының зергерлік өнері

- Ер-тұрман – атқа салт мініп жүруге қажетті жабдықтардың жиынтық аты.

- Сүйек пен тасты мәнерлеп өңдеу – қазақ халқында әріден келе жатқан өнер. Археологиялық қазба жұмыстарының барысы Қазақстанда сүйек пен тастан зат жасауды пайдалану ертеден-ақ дамығандығын байқатады. Ұзақ ғасырлар бойы жинақталған тәжірибе, шикізат көзінің молшылығы, сүйек пен тас бұйымдарына деген сұраныс қолөнердің бұл түрінің ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында шырқау биікке көтерілгенін баяндайды. Сүйек оюды қазақ шеберлеріағаш және металл өңдеумен байланыстырған. Жасалуы әдемі болуы үшін әртүрлі қымбат маталар, майлы бояулар пайдаланған. Сүйекті пайдаланбас бұрын ыстың суға қайнатып, содан соң барып әртүрлі формаға келтіріп, өңдеуге кіріседі.

- IX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Біздің елімізді, ұлтымызды танытатын бірден бір бұйым – домбыра. Домбыраның күмбірлеген үні қазіргі кезде бүкіл дүние жүзін шарлап кетті. Домбырасыз ұлтымыздың өмірін елестету мүмкін емес. Домбыра қазақ халқының арасында өте кең тараған кос ішекті шертіп ойнайтын аспап. Домбыраның ән сүйемелдеуге, күйге арналған түрлері болады. Күйге арналған домбыраның шанағы үлкендеу, мойыны ұзын болып келеді В изготовлении казахской домбыра, корпус и дека инкрустировались костью.

- Қазақтардың тас өндеу ісі негізінен ескерткіштер орнатылумен байланысты болған.

- Ағаш бұйымдардың шеберлері киіз ұй, арбалар, үлкен ағаш бұйымдар орындаған.

- Жүнді басуға арналған материалдарды зерттеу:

* инелермен басу: поролон алашасы, тоқыма желім, инелер (№ 36 тәжі; №19 үшбұрышты; №38 жұлдызды; №40 үшбұрышты; №36 үшбұрышты);

* сабынмен басу: сабын, жапқыш материал, матаны пішуге арналған қайшы, пульверизатор, қарындаш немесе маркер.

3. Өзіндік жұмыс кезеңі (20 мин.).

Дамыту, зерттеу, коммуникативтік және шығармашылық дағдыларды дамытуға арналған тапсырма.

- Балалар, сіздер 4 командға бөлініп, ою-өрнек жасау тапсырмасын орындайсындар:

* I топ - геометриялық ою-өрнектерді қағаздан оясындар;

* II топ - өсімдік ою-өрнектерді оясындар;

* III топ - зооморфтық ою-өрнектер;

* IV топ - космогониялық ою-өрнектер.

Дескрипторлар және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Тапсырмаға дескрипторлар:

  • Ою-өрнек түрін анықтайды (геометриялық, өсімдік, зооморфтық, космогониялық);
  • Тиісті тапсырма бойынша қазақ ұлттық ою-өрнектін суретін орындайды (қағазды бүктеп, ою суретін бейнеленіз);
  • Ою-өрнекті ұқыпты, эстетикалық талаптарға сай қағаздан ояды;
  • Ою-өрнек үшін фонның түсін сауатты таңдайды (ойып, қағазға жапсырындар).

Дифференциация: қарапайым және күрделі ою-өрнектер оқушылардың таңдауы бойынша таңдалуы мүмкін.

- Балалар, сабақтың соңында әр команда көрме ұйымдастырады.

Практикалық жұмыс барысында көз демалу үшін жаттығулар жүргізіледі.

(жоғары, төмен, оңға, солға, көзімен шеңбер немесе өз атының бірінші әрібін бейнелеу).

Практикалық жұмыс орындау барысында мұғалімнің кері байланысы жүзеге асырылады:

• қателермен жұмыс – түзету, ескертулер, ұсыныстар, кеңестер;

• мұғалімнің оқушыларға жұмыс істеу тәсілдерін көрсетуі;

• көтермелеу, дәлелдеу, мақұлдау, мақтау.

Интерактивті тақта, слайдтар

1 видео

Дәстүрлі ши тоқу өнері

https://youtu.be/2HRi3eWVNuA

2 видео

КИІЗ БАСУ. Киізден жасалған сумка - клатч және сақина. Киіз басып үйренейік. Динара Жанат

https://youtu.be/et7-4NOLvTc

(оқушыларға аналған Теориялық материалдар)

Слайд 3

Кемер белбеу

Слайд 4-7

httpwww.hobby-haus.rusite38

сайтынан материалдар

Слайд 8

Кітаптар, журналдар, фотосуреттер, суреттер.

Қайшы, желім, түрлі-түсті қағаз, қарындаштар.

Қазақ ұлттық оюлар туралы ақпаратты іздеу үшін

АКТны қолдану

Сабақтың соңы.

(5 мин)

4. Рефлексия:

Командалардың жұмыстарын талдау. Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. Ұнаған жұмыстарға стикерлер жабыстыру.

Оқушының кері байланысы. Әрбір оқушы стикерде жазады:

- Сабақта қызықты болды ма?

- Не ұнады?

- Неге үйрендім?

– Сабақта не жақсы болды?

– Не кедергі жасады?

– Өзіне сабақтан нені алар едін?

Мұғалімнің кері байланысы. Сабақ туралы қорытындысы.

Жұмыс орнын жинастыру. Үй тапсырмасы.

- Үй тапсырмасы:

Қазақ ұлттық ою-өрнек түрлерін зерттеуді жалғастырыңыз. Қазақстандық киім дизайнері Айи Бапанидін шығармашылығын қараныз. Шығармашылық эскиз орындау үшін келесі сабаққа А 4 форматтағы қағаз, акварель немесе гуашь бояуларын, бояужаққыш және үшкір синтетикалық қылқаламдарды әкелініздер.

Стикеры для рефлексии

Слайд 9

Слайд 10

Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғарықандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

(смайликтер, тағыбасқа)

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау әр-түрлі тапсырма бойынша көрсетіледі:

- күрделі ою-өрнек;

- қарапайым ою-өрнек.

Дескрипторлар, бағалау критерийлері бойынша бағалау. Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау және мұғалімнің бағалауы.

Практикалық жұмыс барысында көзге жаттығулыр қолданылады.

Қауіпсіздік техникасының ережелері:

* қолында қайшы болса - қолды бұлғамау

* қайшыны бір-біріне берген жағдайда ұшын өзіне қарай ұстау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:.

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу