Өмір ағашы. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 тарау: Қоршаған ортаны қорғау

Мектеп: Көкшетау қаласы, Физика- математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:.

Мұғалім аты- жөні: Мухаметкалиева Г.Т.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өмір ағашы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.4.1

Шығармашылық идеялар мен сезімдерді әртүрлі жұмыс техникаларын қиыстыра отырып, жеткізу.

4.2.3.4

Шығармашылық жұмысты орындау барысында, еркін әдіс-тәсілді қолдану.

 Сабақ мақсаттары

  • Басқа ұлттардың өмір ағашы туралы қысқаша мәлімет қарастыру;
  • Өздігінен өмір ағашын жасау тәсілін таңдау.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Өздігінен ағашты жасау әдісін таңдады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылардың қолынан келеді:

  • Берілген тақырып үшін келесі терминдерді қолданады:

Өмір ағашы, Бәйтерек, Самұрық құсы

  • Сөз тіркестерін қолдана отырып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамыту: өмір ағашын жасау үшін мен … қолданамын.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Әлемнің түрлі мәдениетін құрметтеу, Бәйтеректің образы болып табылатын әлем ағашын жасау үшін қажетті ақпарат көздерін зерттеу арқылы ұлттық мәдениеттің дамуына және сақталуына қолайлы жағдай туғызу.

 Пәнаралық байланыстар

Тарих

Бастапқы білім

Қазақстанның Қызыл кітабы туралы білімі бар. Қызыл кітапқа енгізілген кейбір өсімдіктер мен құстар туралы, Грейг қызғалдағының жойылу мен үкі құсының азаю қауіпінің себебі туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1 Ұйымдастыру.

Сабақ басындағы белсенді оқыту әдісі. Сабаққа психологиялық дайындалуы үшін

Шеңберге тұрамыз. Шеңбер бойымен, сағат тілімен әрқайсысы өз есімін атайды және дүкеннен сатып алған өзінің есімінің бастапқы әріпінен басталатын затты атайды. Өз орындарымызға отырамыз.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:

  • Өмір ағашы туралы қысқаша мәлімет қарастыру.
  • Өздігінен өмір ағашын жасау тәсілін таңдау.

Стартер сұрақтары.

  • Біздің әлемнің, жердегі өмірдің туындауы туралы не білесіздер?
  • Берілген слайдтағы сурет туралы не айта аласыздар? (слайдта әлемдік ағаш немесе өмір ағашы бейнеленген)

АКТ- слайдтар

Сабақ ортасы

32 минут

2 Оқушыларға әр түрлі ұлттардағы әлемдік ағашы туралы мәліметтерді тарату. Оқып алып бір-бірімен бөлісу. (жұптық жұмыс) (6 минут)

1 жұпқа.

1. Скандинавиялық аңызда өмірлік жасыл ағашы туралы айтылған. Бұл барлық жаратылыстың негізі және тоғыз әлемді біріктіруші зәулім күл болған. Ағаштың ұшар басында бүркіт отырған, тамырын жыландар және аждаһар Нидхегг кемірген.

2. Славяндықтардың әлемдік ағашы.

Әлемдік ағашының нышаны әр түрлі бейнеленеді. Ол нақты қарапайым ағаш түрінде бұтақтары мен тамырымен, жапырақтарымен және басқа да атрибуттарымен бейнеленуі мүмкін. Сонымен қатар схемалық түрде қарапайым таяқша тәріздес, жоғары көтерілген үш бұтақты болуы мүмкін.

2 жұпқа.

1. Үнді елінде әлем ағашы Бодха атын иеленген. Гаутама ханзадасы ағаш түбінде медитация жасап отырып ағартушылыққа жетіп, Буддаға айналды.

2. Түрік аңызында және кейіннен- қазақ ертегілерінде Бәйтерек ойластырылған. Бәйтерек өзінің композициялық құрылысымен көшпенді халықтың космогениялық көзқарасын ұсынады. Өзінің аңыздарымен әлемдік қосындысында Әлемдік өзен ағатын болған. Осы ағаштың тамыры терең жер асты әлемінде, ағаштың діңі жер үстінде, ал тәжі- аспан әлемінде болған.

3 жұпқа

  • Славяндықтар төменгі әлем мен жерді және тоғыз аспанды біріктіруші болып табылатын Әлемдік ағашы арқылы кез келген аспанға өрмелеп жетуге болады деп санаған.
  • Әлемдік ағашының образы кез келген ұлттың фольклорында кездеседі. Біздің ата- бабаларымыз әлемді басқаша қабылдаған. Олар үшін барлық қоршаған орта тірі болып саналды, барлық заттардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің жаны бар деп санаған. Адамдардың сенімі бойынша құдайлардың әлемі мен адамдардың, жерді және аспанды біріктіруші ағаш әлемнің орталығында өседі делінген.

4 жұпқа

  • Өмірлік ағашының тағы бір нұсқасы ол египеттік болып табылады. Ағаштан әйел адамы- Исида өседі. Мүмкін оның өзі ағаш болып табылады. Ол сыйлық береді. Матриархаттық сендіру бойынша тек Материя анасы- Исида ғана бар. Ол өзі өмірді туындатады деп сенген.
  • Көне Қытай Киен- Му елінде Өмірлік ағашы жердің орталығында өседі- ол бір мезгілде Күн көзі мен Ай ғана түсетін баспалдақ емес, сонымен қатар ханымдар мен данагөйлер көтеріліп түседі делінген. Оларға Аспан мен Жер арасындағы хабаршы, делдалы миссиясы тапсырылған.

Кері байланыс. Ал енді тағы да екі ағашқа қараңыздар. Екеуі де әлемдік ағашы, бірақ неге олар екі түрлі, жауап бере аласыздар ма? (1 минут)

3 Сұрақтарға жауап беру: (9 минут)

  • Осы екі суретпен қандай байланыс бар? (слайдта Бәйтерек пен Самұрық құсы мен өмір ағашы)
  • Самұрық құсы туралы аңызды білесіздер ме? Айтып беріңіздер.

Балалар бүгін біз сіздермен ағашты жасайтын боламыз. Бірақ алдымен маған сіздердің ағаш құрылысын көрсетулеріңіз немесе суретін салып берулеріңіз қажет. Ол қандай бөліктерден құралады.

(Белсенді тақта қолданылады)

Екі оқушы шығады да ағаштың суретін салады.

- ағаш діңі болуы қажет, төмеңгі бөлігі жуан, ал жоғарғы бөлігі жіңішке;

- бұтақтары жуандау, ал одан тараған бұтақшалары жіңішкелеу;

Кері байланыс.

Ағашты түрлі материалдардан жасауға болады ма? (2 минут)

Ағаштар қалай көрінетіндігін суреттен қараңыздар (слайдтарды қарау). Оларды жасау үшін қолданылған материалдарды атаңыздар. (2 минут)

4. Практикалық бөлік. (Жұптық жұмыс, 12 минут)

 Әр қайсысыңыз ағашты жасау үшін қажетті материалдарды әкелдіңіздер. Өздіктеріңізден орындалу техникасын таңдаңыздар. Сіздер оларды өзара араластыра аласыздар. Егер бұл аппликация немесе коллаж болса, негізі ретінде қатты қағазды қолданыңыздар. Гуашь техникасымен орындайтын болсаңыздар А3 форматын қолданыңыздар.

Қайшы мен ыстық желімді қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережесін еске түсреміз.

Бағалау үшін дескрипторларды анықтаймыз:

- ағашты орындау үшін жасау техникасын таңдады (аппликация, коллаж, бояулармен жұмыс, түрлі материалдардан көлемді ағаш және т/б)

- егер жазықтықта орындайтын болса, қарындашпен ағаштың контур сызығын белгіледі;

- ағашты жасау үшін материалды таңдады.

Мұғалімнің бақылауы. Мұғалім жұмыс барысында оқушыларды бақылап отырады, кейбір оқушыларға көмек көрсетеді.

Саралау.

Барлық оқушылар: әлемдік ағашы туралы ақпаратты оқи алады, Бәйтерек пен ағашты салыстыра алады, ағашты орындау техникасын өздігінен таңдайды.

Оқушылардың көпшілігінің қолынан келеді:

пратикалық үдерістің кезеңін жоспарлайды;

Кейбір оқушылар:

берілген сабақта практикалық кезеңін аяқтайды.

Кері байланыс. Не сіздерге түсініксіз болды? (1 минут)

Тарату материалы

АКТ. Белсенді тақта.

Түрлі түсті қатты қағаз, түсті қағаз, фетр, жүн жіптер, сулықтар, қарындаш-желім, ыстық желім, қайшы, гуашь, қылқаламдар, су құйғыш, алжапқыш, сым, тістеуіктер.

Сабақ соңы

3 минут

4. Рефлексия:

- бүгін сіздің қолыңыздан не келді;

- не жақсартуды қажет етеді.

5. Жұмыс орындарын жинастыру.

Ү/ж: ағашты аяқтау үшін бүгінгі материалдарды әкелу + үкіні әкелу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау.

Барлық оқушылар: әлемдік ағашы туралы ақпаратты оқи алады, Бәйтерек пен ағашты салыстыра алады, ағашты орындау техникасын өздігінен таңдайды.

Оқушылардың көпшілігінің қолынан келеді:

пратикалық үдерістің кезеңін жоспарлайды;

Кейбір оқушылар:

берілген сабақта практикалық кезеңін аяқтайды.

Мұғалімнің бақылауы.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Физминуткалар және белсенді жұмыс түрлерін таңдау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың шығармашылық бөлігі

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: сабақ жақсы өтті

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу