Грэйг қызғалдағы. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 тарау: Қоршаған ортаны қорғау

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Намазбеков Т.Р.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Грэйг қызғалдағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.3.2 Шығармашылық идеяларды дамыту үшін әртүрлі дерек көздерінен (АКТ –ны қосқанда) ақпаратты іріктеп алу

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар оригами техникасында қызғалдақтар жасайды

 Жетістік критерийлері

Оқушылар жалпыадамзаттық табиғатқа, қоршаған ортаға деген махаббат сынды түсініктермен танысады. Оқушылар отбасының нышанын құрып, жақындарымен бірге қоршаған отраны қорғап ол туралы насихаттайды

 Тілдік мақсаттар

 

Онда келесілер қарастырылған:

  • Грэйг Қызғалдағы, қарағай, әлемдік ағаш, Бәйтерек
  • Оригами, пуантилизм, аппликация, коллаж.
  • Қазақстанның Қызыл Кітабы, Тянь-Шаньдық қоңыр аю, манул, жайран, қар барысы, қызыл қасқыр, орман күзені
  • аққұтан, қызғылт қоқиғаз, бүркіт, қара дегелек, үкі

Конструкциялау, модельдеу, біріктіру, кезеңдер.

Талқылау үшін сұрақтар:

Табиғатта бұл гүлдерді көрдіңіздер ме? Қайда?

Сізге жұмыс үшін не қажет болады?

«Оригами» техникасының айырықша ерекшеліктері қандай?

Бұл бейнелер өзара қалай байланысады?

Бұл аңызда сізге не ұнады?

Неліктен екенін айта аласыз ба?

… Бәйтеректі өмір ағашы деп атаған ба?

… сізге бәрінен бұрын осы техника ұнады ма?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Қоршаған ортаны, табиғатты онда өсіп өніп жатқан тіршілік иелерін, өсімдіктерін қорғап күтіп баптауды, табиғат пен адам егіз ұғымын бойға дарыту.

 Пәнаралық байланыстар

Музыка, дүние тану, әдебиет. Осы пәндермен байланыстыра отырып олар өзге елдің музыкасын, дүние танымын, мәдениетін түсініп ұғынады.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ ны қолданады оригами мен кәде сый үлгілерін көріп біледі

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда алған білімдері негізінде қоршаған орта туралы білімдерін қалыптастыруды әрі қарай жалғастырады. Олар түрлі материалдар мен құралдарды қолдана отырып, құрылымдап, әсемдейді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақ басында:

- оқушылардың көңілін сабақтың тақырыбына аудару.

- оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау.

- күтілетін нәтиже: сабақ соңында оқушылар жақындарына арнап оригами техникасында қызғалдақ гүлін жасап, әдемілеп безендіреді.

Сабақ барысын достық, махаббат, мейірімділік жайлы сұрақ жауаппен бастаймыз:

  • Оригами туралы не білесің?
  • «Оригами» техникасының айырықша ерекшеліктері қандай?

Бұл бейнелер өзара қалай байлнысады?

Сабақтың ортасы

(С) Бейнематериалды тамашалыңыздар. Сабақтың тақырыбын анықтаңыздар, сұрақтарға жауап беріңіздер:

  • Не көрдіңіздер?
  • Бейнеролик не туралы ?
  • Бейнероликті көргенде қандай сезімде болдыңыздар?
  • Табиғатта бұл гүлдерді көрдіңіздер ме? Қайда?

(С) Екі түрлі қызғалдақтың суретін салыстырыңыздар? Гүлдердің өзіндік ерекшеліктерін атаңыздар?

Қызғалдақтың ерекшелігі туралы қысқаша мәліметті тыңдаңыздар.

-Қалай ойлайсыздар, неліктен Грейг қызғалдағы қызыл кітапқа енген?

-Табиғатта қызғалдақты сақтап қалу үшін не істеуіміз керек?

(С) «Оригами» техникасында қызғалдақты орындаудың шеберлік-сыныбын көріңіздер.

(Ж) Қызғалдақты жасаудың кезеңдері бейнеленген иллюстрацияларды көріңіздер. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

  • Жұмыс жасау үшін не қажет?
  • «Оригами» техникасына тән ерекшелікті ата?

(Ө) Нұсқаулыққа сүйене отырып, оригами техникасында қызғалдақты жасаңыздар.

Грейг қызғалдағы туралы видео

https://www.youtube.com/watch?v=BRax7MG1OaY

Қызғалдақты «оригами» техникасында қалай жасауға болады

https://www.youtube.com/watch?v=KO_KV0psjPY

Қазақстан қызғалдақтары туралы сайт

http://megalive.kz/index.php?id=699

Қызғалдақтар композициясы

https://plus.google.com/+Gabrielaguga/posts/B5RsrucrkDv

http://www.karakyli.ru/2014/08/20/tyulpan-ploskaya-origami/

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралап іріктелген тапсырмаларды оқушылардың икем ыңғайына қарай, жеңіл және күрделі түрде бөліп орындауларына мүмкіндік беру.

Ең бірінші отбасының маңыздылығын ашып алып,оған деген сый құрмет,махаббатты бағалау. Жақындарыңа арнап кәдесый торсықтың оңай, тез жасалу жолдарын көрсетіп үйретемін.Бұл жайында видео сілтемеде көре аламыз.

Саусақ буындарына арналған жаттығулар жасаймыз.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Өткір құралдармен жұмысты абайлап істеу керектігін ескерту

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу