Гномға арналған үй. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Гномға арналған үй» тақырыбына арналған сабақта 3.2.3.1 Нақты дәлдікке жету үшін материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру және 3.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану оқу мақсаттары қаралады. Аталған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін екі мәселеге аса көңіл аудару қажет. Біріншісі, әртүрлі шығармашылық жұмысты орындау барысында қауіпсіздік ережесін сақтауға, қауіпсіздік ережесін біліге бағытталған. Екінші мәселе ол оқушылардың көркемдік және әртүрлі материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамыту (мысалы, материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру).
Қажетті материалдар
Гном үйін жасауға қажетті материалдар: ескі картон қораптар, қағаз, қатты қағаз, моншақтар, страздар, мата, гофрленген қағаз, түрлі түсті қатырма қағаз, түймелер.
Жалғауға арналған құралдар мен материалдар: қайшылар, тістеуіктер, степлер, ПВА желім және желімнің басқа түрлері, мысалы, «Момент».
Сабаққа қажетті қосымша ақпарат
Гном – ол ергежейлі. Қиял-ғажайып ертегінің кейіпкері. Батыс-еуропалықтардың аңыздарынан туған. Ол жер асты мен тауларды мекендейді. Және асыл тастар іздейді.
Гномдар қараңғыда тамаша көрінеді, 250-400 жыл бойы өмір сүреді және ашкөз адамдарға ұнамайды. Кішкентай гномдар, зұлымдық жасамайды, алайда күлкілі және біраз дөрекі келеді. Осы кішкентай ертегі кейіпкерлерінің негізгі жаулары - бұл гномдардын тапқан алтындарды ұрлауға тырысатын айдаһар.
Гномдарды ерекшелейтін тағы бір нәрсе, ол олардың сақалдары. Гном сақалдары олардың жас кездерінде пайда болады және әйел гномдарда да болады.
Сабақ барысы
Сыныпта тақтаға гномның суреттерін іліп қойыныз, оқушылардың назарын сол суреттерге аудартыныз.
Сұрақтарға жауап берулерін сұраныз:
- Бұл ертегі кейіпкерін, қалай атайды?
- Олар қайда тұрады?
- Олар не істейді?
- Олар қалай көрінеді?
Оқушылар жауап бергеннен кейін сабақтың тақырыбен және мақсаттарымен таныстырыңыз:
Сабақ тақырыбы: Гномға арналған үй.
Сабақ мақсаты:
•Жұмыс барысында практикалық дағдыларын көрсетеді: үйдің бөлшектері мен компоненттерін өлшеу, белгілеу, кесу, пішіндеу, қосу, біріктіреді;
•Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерің сақтау.
Тапсырма №1
Суретшілердің жұмыстарын талдаңыздар
Гномды бейнелеген суретшілердің жұмыстарымен танысыңыз. Презентациядан көрсетініз, дидактикалық материалдарды қолданыңыз немесе мүскіндік болса бейнеролик та көрсетуінізге болады.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
- Суретшілер гномдарды қандай кеіпкер ретінде бейнелеген?
- Олар қандай жерлерде тұрады, немен айналысады?
Гном – ол ергежейлі. Қиял-ғажайып ертегінің кейіпкері. Батыс-еуропалықтардың аңыздарынан туған. Ол жер асты мен тауларды мекендейді. Және асыл тастар іздейді.
Оқушылар гномдардың бейнелерін қарастырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Кез келген кейіпкердің (гномның) мінезі мен қоршаған ортасын талдайды. Оқушыларға өз ойларын толық айтуға мүмкіндік беріңіз, қажет болса бағыттаушы сұрақ қойып отырыныз.
Тапсырма №2
Тәжірибелік жұмыс
Гномға арналған үйді жасаңыздар. Ол үшін қолда бар материалдарды пайдаланамыз.
Оқушыларды жұмыс барысымен таныстырыныз:
1. Цилиндір пішінді қағаз картонды алып, ортасынан бөл.
2. Ақ қағаз ұзындығы 15-см ені 2-3 см болатын цилиндірден биіктеу жолақ дайында.
3. Терезесін, есігін, түрлі-түсті қағаздан қырқып желімде, есіктің ұстайтын темірін, терезенің торларын фломастермен салуға болады.
4.Құрғақ клейдің көмегімен терезе есікті ақ жолақты қағазға желімде.
5.Дайын болған жолақты цилиндірге ора,2-3см биіктеу болған жерін цилиндір ішіне қарай желімде.
6.Түрлі-түсті қағаздан бірнеше конус жасаңыз конустың төбесін желімдеп, цилиндірге ПВА мен бекітіңіз.
Оқушылармен бірге материалдарды қолдану мен жұмыстың орындалу реттілігі туралы талқылаңыз.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
Бағалау
Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Қайшымен жұмыс жасау кезінде -
- жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
- қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
- қайшыны ашық тастама;
- сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
- қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
- қайшыны керек уақытында пайдалан.
Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -
- жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
- арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
- жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
- ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
- желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
- желімді керек мөлшерде ғана ал;
- артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
- жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Бізбен жұмыс жасау кезінде –
- бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
- тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру