Жарық және көлеңке. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Жарық және көлеңке» тақырыбына арналған сабақта 3.3.2.1 Арнайы терминдерді қолдана отырып өнердің әртүрлі туындыларының суреттеу құралдары мен орындау материалдарын анықтау және салыстыру оқу мақсаты қаралады. Аталған оқу мақсаттары аясында оқушылар өздері жасаған шығармашылық жұмыстарды, суретшілердің туындыларын талдайды, бағалайды және пәндік терминологияны қолдана отырып өз ойларын (пікірлерін) айтады. Сол себепті осы сабақ аясында академиялық тілге және коммуникативті дағдыларды дамытуға аса назар аудару қажет.
Қажетті материалдар
График суретші туындыларының репродукциялары, графикалық материалдар, қарапайым қарандаш, көркем көмір, А4 форматтағы қағаз, өшіргіш.
Сабаққа қажетті қосымша ақпарат
Тонды көрсету үшін орындалған жұмыстар көп жағдайда ахроматикалық (бояусыз) түстерде орындалады.
Ахроматикалық түске ақ , қара, және сұр түстің барлық реңктері жатады.
Әрбір хроматикалық түстің өзіне тән үш қасиеті немесе ерекшелігі бар:
Түс реңкі бұл хроматикалық түстің өзіне жарықтығы жағынан тең келетін ахроматикалық түстен негізгі айырмашылығы, негізгі қасиеті.
Жарықтық ұғымы хроматикалық түсте қара не ақ пигменттің қаншалықты мөлшері бар болуымен түсіндіріледі.
Түс қанықтығы түстегі таза бояутегінің болу дәрежесі . Ең қанық бояу спектр түстері болып саналады.(мысалы: қанық қызыл, қанық көк түс, т.б)
Қанық бояу деп - түстегі ашықтық дәрежесін түс қуатын, үдемелі қарқындылықты түсінуге болады.
Сабақ барысы
Оқушыларға жарық пен көлеңкенің өзара әрекеттестігін түсіндіріңіз.
Оқушылардың назарларын тәжірибе жасау барысындағы жарықтың түсу бұрышына аударыңыз. Тәжірибелерді камераға түсіріп алыңыз.
№2 тапсырма аясында суретшілердің жұмысын мұқият талдаңыздар. Суреттердің туындыларын бақылау және талдау оқушыларға тондық шкала жасау барысында көмек көрсетеді.
Тәжірибелік жұмыс
Тапсырма барынша мүмкін максималды тондарды жасауға бағытталған.
Шығармашылық жұмыс оқушыларға тондық шкала жасау үшін көмірмен және бормен тәжірибе жасауға мүмкіндік береді.
Сабақтың соңында жасалған жұмыстарды шашқа арналған лакпен немесе бекіткішпен (закрепитель) бекітуге болады.
Тондық шкала жасау кезінде дидактикалық материалдарда берілген үлгілерді қолдануынызға болады.
Бағалау
Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.
Бағалау кезінде тек тәжірибелік дағдыларына ғана көңіл аудармай, осы сабақ аясында менгерген академиялық терминдер мен коммуникативті дағдылардың дамуына да аса назар аударыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру