Фантастикалық құстар. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Фантастикалық құстар» тақырыбына арналған сабақта 3.1.1.1 Табиғатпен жасалған сәндік өрнектер (ою-өрнек) мен формаларды анықтау және тану, оларды өз жұмыстарында интерпретациялау және 3.3.3.1Шығармашылық жұмысты жақсарту үшін идеяларын түсіндіру және ұсыну оқу мақсаттары қаралады. Аталған оқу мақсаттары оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамытуға, қоршаған ортада (табиғатта) мекен ететің тіршілік иелері туралы білімін толықтыруға, табиғат әлемінде кездесетің сәндік элементтерді тани білуге, оларды шығармашылық жұмыстарда пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, аталған оқу мақсаттары аясында оқушылар өздері жасаған шығармашылық жұмыстарды, суретшілердің туындыларын талдайды, бағалайды және пәндік терминологияны қолдана отырып өз ойларын (пікірлерін) айтады. Сол себепті осы сабақ аясында академиялық тілге және коммуникативті дағдыларды дамытуға аса назар аудару қажет.
Қажетті материалдар
Шығармашылық жұмысты орындауға қажетті материалдар: А4 немесе А3 пішінді қағаз, акварель бояулары, гуашь, сия, су құятын ыдыстар, сулықтар, алжапқыш. поролон (жұмсақ сорғыш), әртүрлі қылқаламдар, ақ түсті және/немесе түрлі түсті қалың қағаз, қайшы, қарындаш, түрлі-түсті қарындаш, фломастер.
Сабаққа қажетті қосымша ақпарат
Құстар - омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құстар — жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.
Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада ұша алатындығы.
Тауыс (павлин) – әлемдегі ең ғажайып құстардың бірі, қырғауыл тұқымдасына жатады. Туыстығы жағынан қораздарға өте жақын. Ол жәндіктермен, тұқымдармен, өсімдіктермен, кейде ұсақ жануарлармен қоректенеді. Өзгелерден өзгеше түр беріп, тартымды ететін, алып желпіткіш секілді қанатшасы тек ұрғашы түрлерінде болады, ал еркек тауыстар қарапайым құсқа ұқсайды. Ұрғашысы одан екі есе кіші болады.
Біз аузымыздың суы құрып, тамсана тамашалайтынымыз – құйрығы емес, қауырсыны. Оның құйрығы қысқа, 40-50 см болады. ал қауырсыны 2 метрге дейін жетеді. дене тұрқы – 100-125 см. Мұндай үлкен әрі ұзын қауырсынды көтеріп жүру қиын секілді көрінеді. Бірақ бәрі біз ойлағандай емес. Ол мұнымен оп-оңай жүгіреді, тіпті ұшады.
Материал Massaget.kz сайтынан алынды (Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/ol-kim-bl-ne/38314/)
Сабақ барысы
Құстардың бейнесін көрсетіңіз, олардың ұшқан кездегі қозғалысына, қауырсынының текстурасына, көзге тартымды көрінетін мәнерлі элементтеріне көңіл аударуын сұраңыз (бейне ролик, презентация және т.б.).. Ол үшін итернет желісінен алынған бейнероликтерді қолдануға болады (1. Құстар туралы бейнефильм: https://www.youtube.com/watch?v=4fwzvgTsE34, 2. Ұшу кезіндегі құстардың фотосуреттері: http://newpix.ru/pticy-v-polyote).
Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.
Тапсырма №1
Оқушыларды топқа бөліңіз. Оқушыларға екі суретті (құстың нақты бейнеленген суреті және фантастикалық суреттің бейнесі) салыстырып айырмашылығын айтып беруін ұсыныңыз. Оқушылар ойларын толық жеткізе алмай жатса, оларды қосымша сұрақтармен бағыттап отырыныз, әрқашан қолдау көрсетіп тұрыныз.
Бірнші тапсырмаға аса көп уақыт бөлменіз, тапсырманы тезірек орындау үшін сұрақтарды топтарға бөліп беріңіз. Жауапқа 1-2 минуттай ғана уақыт беріңіз. Бұл тапсырма үшін №1 дидактикалық материалды пайдалана аласыз, қажет деп санасаныз, дидактикалық материалдарды басқа материал мен және техникада орындалған жұмыстармен толықтыра аласыз.
Тапсырма №2
Тәжірибелік жұмыс
Оқушылар түрлі материалдар мен түрлі тәсілдерді қолдана отырып, құстардың стилизацияланған кескінің жасап көреді. Оларға шығармашылық ой еркіндігін беріңіз. Материалдармен тәжірибе жасасын, жұмыс жасау материалдарын өздері тандасын. Құстардың қауырсыны, қанатының текстурасын бейнелеудің көптеген балама варианттары бар екендігі туралы мұғалім оқушыларды ескертуі керек. Сондықтан олар бейнелеудің түрлі тәсілдерін қолдана алады, мысалы, сызықтар, дөнгелектер немесе нүктелер арқылы, мыжылған қағазбен, поролон сорғышпен басу арқылы.
Сурет салуға икемі жоқ балаларға дайын үлгілерді (шаблондарды) көмек ретінде беруінізге болады. Олар сол үлгілер арқылы құстардың контурлы суретін сала алады, бұл жұмыс барысын біраз жеңілдетеді және уақытты үнемдейді. Дайын үлгілер №3 дидактикалық материалда берілген.
Тапсырма №3
Шығармашылық жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылар, өздері жасаған шығармашылық жұмыстарды талдайды, алдынала берілген дескрипторлар бойынша бағалайды және пәндік терминологияны қолдана отырып өз ойларын (пікірлерін) айтады. Сол себепті осы сабақ аясында академиялық тілге және коммуникативті дағдыларды дамытуға аса назар аудару қажет.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
Бағалау
Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» 🎂 Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру