Көңілді жануарлар. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Көңілді жануарлар» тақырыбына арналған сабақ «Жанды табиғат» бөлімінің алғашқы тақырыбы. Сол себепті осы бөлім тақырыптарын бастамас бұрын сынып бөлмесінде жанды табиғат жағдайын қалыптастырыңыз. Ол үшін сынып бөлмесін аталған тақырыпта безендіріп, фон ретінде табиғат әуендерін қосыңыз. Әңгімені жанды табиғат әлемінің сан алуандығымен қызықты екенінен бастаңыз. Оқушылардың «Жаратылыстану» пәні сабақтарынан алған білімдеріне сілтеме жасап, жанды табиғат туралы көп жайттардан өздерінің хабардар екендігін айтып өтіңіз. «Көркем еңбек» сабақтарында оқушылар сурет салып, бейнелер жасаудың түрлі тәсілін оқып, жанды табиғаттың қызықты әлемінің бір бөлшегін өз қолдарымен жасай алады.

 Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:

  •  жанды табиғат әлемі туралы білімдерін жетілдіреді;
  •  Қазақстан жерінде және басқа жерлерде мекендейтің жануарларды, жәндіктерді зерттейді, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін анықтайды;
  •  жануарлар мен жәндіктерді бейнелеудің әртүрлі тәсілдерімен танысады;
  •  өздері зерттеген ақпатааттарға сүйене отырып жануарлар мен жәндіктердің бейнелерін жасайды;
  •  жасалған жұмыстарды талдайды, жұмыстарын жақсарту үшін ұсыныстар айтады, дайындалған критерийлер бойынша жұмыстарды бағалайды;
  •  өз жұмыстарын таныстыру үшін көрме ұйымдастырады.

 

 «Көңілді жануарлар» тақырыбына арналған сабақта 3.2.1.1 Қоршаған ортаның визуалды элементтерін әртүрлі тәсілдермен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу оқу мақсаты қаралады. Аталған оқу мақсатын жүзеге асыру үшін екі мәселеге аса көңіл аудару қажет. Біріншісі, оқушыларды қоршаған ортаның визуалды элементтерімен таныстыру керек (бұл сабақ аясында ол жануарлардың өздеріне тән ерекшеліктері, пішіні, қимылы, түсі және т.б.). Екінші мәселе ол оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту (бұл сабақ аясында оқушылар жануарлар бейнесін әртүрлі көркемдік құралдар арқылы бейнелейді немесе мүсінін жасайды).

 Сабақ барысы

 1-тапсырма

 Сабақты Қазақстан жерінде мекендейтін жануарлар жайлы сұрақтардан бастаңыз. Оқушылардан Қазақстан жерінде мекендейтін қандай жануарларды білетінін сұрастырыңыз. Үйінде жануарлардың қандай түрлері бар екенін сұраңыз. Олардың қандай айырмашылықтары бар, соған назар аудартыңыз Бұл тапсырма оқушылардың тақырыптың байыбына баруына, Қазақстан жерінде мекендейтін жануарлардың түрлерін естеріне түсіруіне көмектеседі. Жануарларыдың қандай пайда әкелетіні, өнерде қандай жануарлардың бейнелері жиі қолданылатыны жайлы (неліктен екенін түсіндіруін сұраңыз), жануарларды бейнелейтін суретшілерді қалай атайтыны туралы қысқаша әңгіме жүргізіңіз.

 2-тапсырма

 Оқушыларға әртүрлі техникада және әртүрлі материалдарда орындалған анималист-суретшілердің туындыларымен таныстырыңыз (карандашпен, акварель бояулармен салынған суреттер, саздан, ағаштан қашап жасалған мүсіндер). Бұл тапсырма суретшілердің жұмыстарына салыстырмалы талдау жасау дағдыларын дамытады. Оқушылар жануарларыдың суреттеріне қарап, әрбір жануардың пішініндегі, көлеміндегі, түсіндегі ортақ белгілер мен айырмашылықты анықтайды. Суретшілердің жануарлардың өздеріне тән ерекшеліктерін қалай суреттеді соған назар аударады, талдау жасайды, қолданған материалдарын анықтайды. Бұл оларға шығармашылық жұмыс жасаған кезде көмектеседі.

 Қосымша ақпарат

 И. Ватагин жұмыстарын мысал ретінде алып, суретшілердің жануарлар терісі фактурасының суретін бейнелеу үшін түрлі сызықтар мен штрихтарды қалай қолданағандығын көрсетіңіз. Белгілі кеңес (орыс) анималист-суретшісі Василий Алексеевич Ватагин жан-жануарлар бейнесін салып қана қоймай, ағаштан ойып, тасқа қашап та бейнелеген.

 Тәжірибелік жұмыс

 Оқушылар жануарлардың бейнесін жасап (салып) көреді. Жұмысты орындау тәсілі мен материалын оқушылар өздері тандайды.

 Егер оқушылар бұйым жасаудың көлемді техникасын таңдайтын болса, көрнекі түрде шығармашылық жұмысты орындау кезеңдерінің бірнеше тәсілдерін көрсетіңіз, мысалы сызғыштың көмегімен белгі түсіру, техника қауіпсіздігін сақтап, қайшымен жұмыс жасау, дайын бөлшектерді желімдеу және бір-біріне жабыстыру және т.б. Сондай-ақ, жұмыс барысында оқушылар тоқыма бұйымдары, әртүрлі әшекейлер сияқты әртүрлі материалдарды қолдана алатындығын ескертіңіз.

 Оқушыларға материалды таңдауда шектеу қоймау керек.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 

 

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  •  жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  •  қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  •  қайшыны ашық тастама;
  •  сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  •  қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  •  қайшыны керек уақытында пайдалан.

 

 Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  •  жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  •  арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  •  жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  •  ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

 

 Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  •  желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  •  желімді керек мөлшерде ғана ал;
  •  артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  •  жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

 

 Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  •  бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  •  жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  •  тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу