![]() |
|
![]() |
Кемелер көлік ретінде. Көркем еңбек, 2 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 -бөлім: Саяхат | Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||
Сынып, күні: 2 «А», «В» 05.05.2018 |
| |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Кемелер көлік ретінде | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2.3.1 Әртүрлі тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру | |||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Талқылауға арналған сұрақтар:
Пән лексикасы және терминология:
| |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыныптастардың бір- біріне деген, бір- бірінің ойына деген, пікіріне деген сыйласымдықты диалогтік оқыту арқылы арттыру. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану. Кемелер туралы ақпарат. Музыка. Кемелер туралы қарапайым өлеңге ән шығару немесе ән тыңдау. | |||||||||||
Бастапқы білім | Көлік құралдарының түрлерін біледі және ажырата алады. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 1 минут 3 минут |
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:
| АКТ- презентация | ||||||||||
Сабақтың ортасы 4 минут 25 минут 3 минут |
Бұл тапсырма қағаздан жасалған кемелердің үлгілерін қарастыруға және талдауға арналған. Олар бірнеше үлгілерден практикалық жұмыс үшін қажетті бір үлгісін таңдауы қажет. Оқушылар жұмыс жоспарын құрып, жазбаларын альбомда жазады.
Тапсырма №1. Қағаздан кеме жасау. Көлемді пішіндерді құрастыруға байланысты бірнеше нұсқалардың ішінен өздері ұнатқан нұсқаны таңдап, қағаздан кеме жасайды. Олардың назарын әрекеттерді дәл орындаудың қажеттігіне аудару қажет. Жекелеген бөлшектерді немесе бөліктерді нұсқаулыққа сәйкес дұрыстап құрастыру қажеттігін айту керек. Кеменің борты үшін құс немесе аң формасындағы қағазды қиып, корпусқа жабыстыруға болады. Қағазды түтікше етіп бұрау арқылы діңгекті жасауға болады немесе сок ішетін трубкаларды қолдануға болады. Барлық бөлшектері (корпус, борттары, желкен, діңгегі, жалаушасы) дайын болған соң біріктіру қажет. Саралау. Кейбір оқушылар кемелерді жасаудың шаблондарын қолданады, ал кейбіріне мұғалімнің көмегі қажет болады. Кері байланыс: Қалай ойлайсыздар, кеме су бетінде қалқып тұру үшін қандай материал таңдау қажет? 5. Таныстырылым. Шығармашылық жұмыстарын орындап болған соң, әр оқушы өздерінің жасаған кемелері туралы қысқаша айтып өтеді.
| Тарату материалдары- көліктердің бөлшектері Альбом парақтары, түрлі түсті қағаз, қайшылар, желім-қарындаш, фломастерлер, қарындаштар, сызғыштар. | ||||||||||
Сабақтың соңы
| 6. Бағалау. Жұптық бағалау түрі. Әрбір оқушы түсініктемелері бар бағалау парағын алады және орындау техникасын бағалайды: Дескрипторлар:
7. Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі Өз жұмыстарыңыздың екі жағымды және бір жағымсыз тұсын айтыңыз. | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Кейбір оқушылар кемелерді жасаудың шаблондарын қолданады, ал кейбіріне мұғалімнің көмегі қажет болады. | Берілген дескрипторлар арқылы жұптық бағалау түрі. Дескрипторлар:
| Денсаулық сақтау технологиялары. Бұл сабақта практикалық жұмыс жасау барысында оқушылар орындарынан тұрып жүреді Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелері | ||||||||||
Сабақбойыншарефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Эстетикалық бағытындағы әдістемелік бірлесігінің жетекшісі_________________Дюсенова Г.Г.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023