Жаса да, пайдалан. Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8D-бөлім: Дені саудың – жаны сау

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 11.05.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Шойынбекова Л.Н.

Сынып: 1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы

Жаса да, пайдалан

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 Сабақ мақсаттары

  • оқушыларға театр өнерінің өзіндік ерекшеліктері туралы және театр декорациясы, сахналық костюм туралы мәлімет беру;
  • көрініс қоюға дайындықтың алғашқы кезеңінде сахнада ойнау дағдыларын дамыту;
  • оқушылардың техника қауіпсіздігі туралы білімдерін кеңейту.

 Жетістік критерийлері

  • оқушылар өздеріне таныс кескіндер мен пішіндерді зерттеп, идеяларын талқылап, артқы фон, силуеттер және сахналық костюмге бас киім дайындай бастайды;
  • техника қауіпсіздігін сақтайтын болады;

 Тілдік мақсаттар

 

Түйін сөздер:

декорация – декорация – settings

сахналық костюм – сценический костюм – onstage dress

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет көрсету:

Сыныптастарымен ынтымақтаса жұмыс істеу;

Сыныптасының ойын құрметтеу және тыңдау;

Еңбек және шығармашылық:

Шығармашылық жұмыс барысында еңбектену дағдыларын қалыптастырады;

 Пәнаралық байланыстар

Өнер. Декорация, сахналық костюмдер, бутафория туралы мәліметтер.

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация мен видео жазбаны көрсету үшін, АКТ қолданылады

Бастапқы білім

Дене сұлбасын- силуэтін жасап үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау және назарларын сабаққа аудару.

Сабақтың ортасы

36 минут

Сабаққа қатысты деректі материалдар

Декорациялар ( фр.тілін decoratio — безендіру) заттарды немесе ғимараттарды әсемдеп безендіру. Декорация сахнада көрсетіліп жатқан оқиғаның өтіп жатқан орнын көз алдына елестетеді. Негізінен сахналық

декорация пейзажды, көшенің көрінісін, алаңдар мен ғимараттың ішін көрсетеді. Декорация кенепке бояумен салынады. Кез келген театрдың ең негізгі бөлігіне артқы көрініс және шымылдықтар (кулисы) жатады. Ең алдымен сахнаның төріне декорациялар ілінеді, ал шымылдықтар сахнаның шетіне бірінен соң бірі қатар-қатар ілінеді.

Сахна киіміне қойылымға арналған кез келген киім жатады. Бұл – актерлердің, эстрада орындаушыларының, цирк әртістерінің костюмдері. Сахна киімі адамның өзіндік қасиеттерін ғана көрсетіп қоймай, қойылымды көруге келген көрермендерді де қызықтыра білуі керек. Актерлерге кейіпкерлерді сомдауға көмектеседі.

Сабақ байланысты ескертпелер. (2 минут)

 Оқушыларды тақырыпқа енгізу үшін сабақтың басында келесі сұрақтарды қойыңыз. Кім театрда болды? Театр сахнасынан не көруге болады? Театр ұнады ма?

Мүмкін жауаптары: Театр сахнасында үйдің, ағаштың макетін, жиһаздар көргендерін айтады.

 Оқушылармен жыл бойы не оқығандары туралы және не істеп үйренгендері туралы әңгімелесіңіз. Оқу жылының аяқталуға жақын қалғаны туралы ескертіңіз де оқу жылының соңында ата- аналарына, оқушыларға жыл бойы алған білімімізді, қалыптасқан дағдыларымызды, қолымыздан келетін өнерімізді көрсетейік деп ұсыныс жасаңыз. Өткен тақырыптарды шағын спектакль, бидің фрагменті, көлеңкелер театры түрінде көрсетуге болатынын айтыңыз. Қойылым тартымды болу үшін барлық қажетті заттарды: сахналық костюмдер, декорация, силуэт дайындап алу керек екенін ескертіңіз.

Қажетті ақпарат. (3 минут) Театр өнері туралы білімдерін кеңейту үшін бутафория туралы айтыңыз. Бутафория – қойылым үшін арнайы дайындалатын заттар. Олар сол заттардың өздеріне ұқсас болулары керек.

Оқушылардың назарын негізгі мәтіннің мазмұнына аударыңыз.

Бір оқушыға дауыстап оқытқызыңыз. Оқушылардан сахналық костюм, декорация дегенді білетіндері бар ма екен, сұраңыз.

Театр декорациясы – суретшінің оқиға орнын көрсету үшін салған сахналық суреті. Декорацияның ең маңызды бөлімі артқы фон. Театр сахнасын безендіретін адамды суретші декоратор дейді. Сахнаға актерлер арнайы костюмдерін киеді. Олар сахналық костюмдер деп аталады. Сахналық костюмдер актерлерге кейіпкерлерін сомдауға көмектеседі.

Практикалық жұмыс. (10 минут) Оқушыларды үш топқа бөліңіз. Оқушылар сегіз бөлімнің кез келген біреуін таңдай алады. Жұмыс тиімді болу үшін оқушылар үш тақырыптан артық таңдамасын. Мысалы: «Менің мектебім», «Жемістер мен көкөністер», «Музыкалық аспаптар». Олар – екінші, бесінші және жетінші бөлімдердегі сабақтар. Оқушылар тақырыпты қалай көрсететіні және ол үшін не істеу керектігі тапсырмада жазулы тұр. «Менің мектебім» тақырыбын таңдап алған оқушылар шағын спектакль қояды және декорация ретінде артқы фонды салады. «Жемістер мен көкөністер» тақырыбын таңдап алған топ би қояды. Ол үшін олар бас киімдер жасайды. «Музыкалық аспаптар» тақырыбын таңдап алған топ көлеңкелер театрын көрсетеді. Оқушыларға сюжет ойлап тауып, силуэттер дайындау керек.

Шығармашылық жұмыс: (20 минут) Оқушыларға суретті қарап шығып, өз тақырыбына қатысты тапсырма орындауды ұсыныңыз. Ол үшін оларға артқы фонға қандай сурет салатынын, қандай жемістер мен көкөністердің пішінін таңдап алатынын, шағынспектакль үшін қандай сюжет алатындарын талқылау керек. Бұл айдар жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Декорация жасау үшін ең алдымен артқы фонның нобайын дайындап алу керек. Содан кейін ғана үлкен қағазға салып, оны бояулары керек. Көкөніс немесе жемістің пішінінде бас киім жасауға тапсырма беріңіз. Оқулықтағы бас киімдердің кескіндемесі берілген иллюстрацияны қарап шығуды ұсыныңыз. Оқулықта алманы жеміс сабағымен, жапырағымен пішудің үлгісі берілген. Оқушыларға шаблонды пайдалана отырып, алманы қағаздан пішіп алуды ескертіңіз. Оны қатырма қағазға қойып, айналдыра сызып шығу керек, содан кейін қиып алады. Осылайша жапырақты да жасауға болады. Бұл үлгі ретінде берілген. Осы үлгі бойынша басқа да бас киімдер дайындауға болады.

Силуэтті өткен сабақта істегендерін айтып, қазір шағын спектакльдері үшін сюжет ойлап табуды және қатырма қағаздан фигуралар жасауды ұсыныңыз.

Пәнаралық байланыс. Оқушыларға өздерінің қойылымдары үшін музыка таңдап алуды ұсыныңыз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру (1 минут)

Топтық жұмыс «Сөздер мен суреттерді жина». Кабинетке үш тілде түйін сөздерді, декорациялардың және сахналық костюмдердің әр түрлі бейнелерін іліп қойыңыз. Оқушыларды екі топқа бөліңіз. Оларға белгілі бір уақыт беріңіз. Оқушыларға суреттерді сәйкес келетін үш тілдегі түйінді сөздерімен бірге жинап алу керек екенін түсіндіріңіз. Кім жылдам жинап алады?

Ресурстар

А4, А3 форматтағы қағаз, қатырма қағаз, қайшы, скотч, әмбебапжелім, ПВА желімі.

Сабақтың соңы

2 минут

Бағалау.

Жұмыс келесі сабақта аяқталатын болғандықтан, бұл сабақта оқушылар бағаланбайды.

Жұмыс орындарын жинастыру.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топқа бөлу арқылы.

Бағалау.

Жұмыс келесі сабақта аяқталатын болғандықтан, бұл сабақта оқушылар бағаланбайды.

Өткір, үшкір заттармен жұмыс істеу барысында әрдайым техника қауіпсіздік ережесі туралы ескеріп отыру қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? ,

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу