Жемістер ассортиі. Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7D-бөлім: Тағам және сусын

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Карипжанов М.С.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жемістер ассортиі

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.2.1.

Қарапайым әдістер мен техникаларды пайдаланып, материалдарды және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу.

1.2.4.1

Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Сабақ мақсаттары

-түрлі-түсті қағаздан жемістер асортиін жасайды

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • шығармашылық жұмысты орындайды;
  • еркін әдіс-тәсілді қолданады;
  • ұқыпты орындайды;

Тілдік мақсаттар

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

• Қандай материалдарды білесіңдер?

• Бұл неге ұқсайды?

• Өздерің жасаған үлгіні сипаттап бере аласыңдар ма?

• Сендерге ол несімен ұнайды?

Неліктен екенін айта аласыңдар ба?

Пәндік лексика және терминдер

• қайталау, дайындау, үстінен жабу, біріктіру;

• пішін, дөңгелек, шеңбер, сопақ;

• түс, жарқын, көмескі, жеңіл, қара, ақ, қарақоңыр;

Құндылықтарды

дарыту

Отанды сүюге, мейірімділікке.

Миссия, пайымдау, жаһандық азаматтық

Бұл сабақта бір-бірін құрметтеуге, өмір бойы білім алуға дайын оқушылар өз елімізде және өзге елдерде өсетін жемістер мен жидектер, көкөністер туралы әңгімелеседі және оны өз қолымен бейнелеп қияды

Пәнаралық

байланыстар

География және биология пәнімен байланысады

Бастапқы білім

Жеміс-жидектерді ажыроата біледі оларды бейнелей алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Сабақтың тақырыбын, мақсатын оқушылармен бірге анықтау.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

(К) Өткен сабақтағы композицияларға шолу жасаңыз.

Сұрақ қойыңыз: Сіз жемістер мен көкөністерден композиция үлгісін қалай жасадыңыз?

(К) Құрақ үлгілерін көрсетіңіз. Сұрақ қойыңыз: Бұл жұмыстар қандай материалдардан жасалған? Бұл жұмыстардың ерекшелігі қандай? Сендердің ойларыңша, құрақтар қайда қолданылады?

Матаның қиындыларынан жасалған қазақтың ұлттық көрпесін көрсетіңіз.

(К) Оқушыларға қағаздан бірнеше бірдей элементтерді қиып көрсетіңіз.

(Ө, Ж, Қ) Жұмысты бірнеше кезеңдермен ұйымдастыруға болады:

1. Оқушылар жемістер мен көкөністердің үлгісін таңдайды.

2. Жемістер мен көкөністерге сәйкес келетін түстерді таңдайды.

3. Оқушылар қағазды 2 рет бүктейді (осылайша 4 элемент пайда болады).

4. Үлгіні жиегінен айналдыра сызып, қайшымен қиып алады. Оқушыларда бірдей 4 жеміс немесе көкөніс шығады.

5. Оқушылар басқа түсті қағаз таңдап, екі рет бүктеп, бүктелген жерінен қияды. 4 тіктөртбұрыш пайда болады.

6. Әр оқушыда әр түрлі тіктөртбұрыш болатындай етіп, тіктөртбұрыштармен алмасуды ұсыныңыз.

7. Оқушылар 4 тіктөртбұрышты альбом парағына жапсырады. Содан кейін өздерінің жемістері мен көкөністерін кезектестіре орналастырып желімдейді.

(Ө, Ж) Оқушылармен бірге жасалған жұмысты қалай қарапайым әдіспен безендіруге болатынын ойланыңыз.

Оқушылар өзінің жұмысына жапырақ пен бұтақ, жиектеме жасауына болады.

Арчимбольдо еңбектері

http://www.terra-z.ru/archives/1698

Материалдар мен құралдар: түрлі-түсті қағаз, әр түрлі пішіндегі парақтар, желім, қайшы.

Жемістер мен көкөністердің үлгілері.

Сабақтың соңы

6. Рефлексия

  • Орындауда не жақсы шықты?
  • Не жаман шықты?
  • Тағы нені жақсартуға болады.

7. Қорытынды. Оқушылар ауызша бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, өзара бағалау жүргізеді.

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып оқушыларға қажетінше қолдау көрсетемін

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізіліп, ауызша өзара бағалау жасайды

Денсаулық сақтау технологиялары интерактивті тақтаны 10 минуттан көп қолданбау.

Сабақта белсенді іс-әрекет қарастырылған.

Сабақ барысында Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу