![]() |
|
![]() |
Саяхаттауға барамыз. Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5С-бөлім: Саяхат:Саяхаттауға барамыз | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Карипжанов М.С. | |||||
Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Саяхаттауға барамыз | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.4.1 зерттеу, жазып алу, бақылау, елестету, модельдеу, сурет салуды үйрену кезінде өз идеялар мен сезімдерін әр түрлі тәсілдер арқылы шығармашылық түрде ұсына және жеткізе бастау 1.1.4.2 қоршаған ортаны және жекелеген формаларды бейнелеу барысында, дамыған кеңістік түсінігін көрсету 1.2.2.1 қарапайым тәсілдер арқылы, материалдар, процесстер және құралдарды пайдалана және тәжірибе жасай бастау, сурет салуға арналған құралдардың кейбір қасиеттерін зерттей бастау | |||||
Сабақ мақсаттары | - саяхат түрлерімен, көлік түрлерімен танысады; - оқушылар өздерінің достарымен саяхатқа аттанғанда қолданатын көліктерін жасап үйренеді; - әр түрлі материалдармен жұмыс жасайды; | |||||
Жетістік критерийлері | - оқушы саяхат түрлерін және көлік түрлерін ажырата алады; - оқушы өз идеясын, ойын іске асыруда әр-түрлі материалдарды қолданады; - әр түрлі материалдармен жұмыс жасай алады | |||||
Тілдік мақсаттар
| Талқылауға арналған сұрақтар • Сіз ... бейнесін қалай жасай аласыз? • Сіз қандай құрал-саймандарды қолданатын боласыз? Тірек сөздер • форма (пішін), бүктеу; • қию, сурет салу, тесу, желімдеу, жабыстыру, ерекшелік; • көлік, құрылым, ұқсас, карта, қарындаш; | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар бір-бірінің пікіріне деген сыйластықты қалыптастыру. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүние тану, | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Бұл сабақта АҚТ қолдану дағдылары дамымайды себебі , бұл сабақта қолданбайды | |||||
Бастапқы білім | Оқушы түрлі түсті қағазбен, ермексазбен, қайшы, желіммен жұмыс жасай алады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру бөлімі 1. Сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгендеу. Оқушылармен «Көлік түрлері» атты таныстырылымды қарап бірігіп сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау. | «Көлік түрлері» атты таныстырылым | ||||
Сабақтың ортасы
| Зерттеу жұмысы; көліктің түрлерін және айырмашылығын зерттеу тағыда саяхат түрлерін анықтап ажырату. Мұғалім сөзі Ал енді балалар біз сендермен өзіміздің қазақ еліміздің жерінде саяхат жасап көрелік. Сендер өзіміздің Астанамызға барғыларың келеме? Ондай болса кеттік жолға шығайық. Қараңдар балалар мен біздің жүретін жолымыздың картасын тауып алдым (Қазақстан картасы көрсетіледі). Енді сендерден сұрайтыным бар, біздің Талдықорғанмен Астананың ортасында үлкен көл бар екен, оның атын кім біледі? Оқушылар жауап береді Ол көлге дейін қараңдаршы суы жоқ, қиыршық құмды кең дала жатыр екен бұл даланы өту үшін бізге қандай көлік түрі жарайды? Оқушылар жауап береді Ал енді көлдің жағасына келдікте демалып аламыз да ойланамыз көлден қалай өтуге болады? Қандай көлік керек? Өте жақсы көлден жүзіп өттік, балалар біздің уақыт азайып бара жатыр екен енді бізге Астанаға тез жету үшін қандай көлік керек? Неге? Сен тағыда оның қандай түрлерін білесің? Ал енді саяхатымызға қажет көліктерді жасауға кірісейік. Саяхатқа аттану үшін оқушылар әр түрлі көлік түрлерін, әр түрлі материалдарды пайдаланып орындайды. Топтық жұмыс, оқушылар топқа бөлінеді (ұшақ, плот, түйе): - 1 топ қағаздан 2-3 ұшақты оригами әдісімен жасап әсемдейді; - 2 топ жіңішке ағаштардың, жіптің немесе скотчтың көмегімен суда жүзетін 2-3 плот жасайды және қосымша бөлшектер қосуына болады; - 3 топ шөл даланың патшасы 2-3 түйенің мүсінің ермексаздан жасап шығады. Оқушыларға көмек ретінде қысқа бейне материалдарды көрсетуге болады. Оқушылар жұмыс жасап жатқан кезде олардың іс-әрекеттерін қадағалап жүру керек. Тапсырманы барлығы орындай алады ма, соны қарастыру және қауіпсіздік ережелерін сақтауға баса назар аудару қажет. | А4 форматындағы қағаз, қарандаштар, жіңішке ағаштар, жіп, желім, скотч, ермексаз. Қазақстан картасы. Көліктердін ойыншық макеттері. Ермексаздан түйе мүсінің сомдау https://www.youtube.com/watch?v=-NoP3Gpz0XU Қағаздан ұшақ жасау https://www.youtube.com/watch?v=q4_wP99zwOE Сал жасау әдісі http://podelki-sr.ru/starshaya-gruppa.html?start=14 | ||||
Сабақтың соңы | Сабақ сонында әр топ өздері жасаған жұмыстарымен таныстырады. Жұмыстар басқа оқушылармен талқыланады, қосымша ұсыныстар айтылады. Талқылауға арналған сұрақтар • Сіз бұл жұмыстарды қалай орындадыныз? • Сіз қандай материал қолдандыныз? • Жұмысты жақсарту үшін келесі жолы сіз не істер едіңіз? | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, қабілеті жоғары оқушыларға жасаған жұмыстарына қосымша детальдар қосуды ұсынамын | Өзін-өзі бағалау мұғалімнің бағалауы |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023