Ғылыми-техникалық прогресстің тарихи кезеңдері. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Сабақ жоспары

4-бөлім

Білім мен ғылымның дамуы

3.3 бөлімшесі

Білім алу бүкіл адамзаттық құндылық ретінде

Сабақтың тақырыбы

Ғылыми-техникалық прогресстің тарихи кезеңдері (1 сабақ)

Оқу мақсаттары

11.4.2.1 мемлекетердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін «өнеркәсіп революциясы», «ғылыми-техникалық революция» ұғымдарын қолдану

Сабақ мақсаттары

"Өнеркәсіптік революция", "ғылыми-техникалық революция"ұғымдарын қарастыру және талдау.

Ғылыми-техникалық прогрестің кезеңдерін қарастыру.

Бағалау критерийлері

Әлеуметтік-экономикалық дамуды талдау үшін "өнеркәсіптік революция", "ғылыми-техникалық революция" ұғымдарын пайдаланады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- дереккөзге сүйене отырып, зерттеу тақырыбы туралы болжамдар айтады;

- "өнеркәсіптік революция", "ғылыми-техникалық революция" ұғымдарын таныстырады және талдайды және оларды оқу, жазу және сөйлеу кезінде пайдалана алады;

- мәтінде қажетті ақпаратты тауып, оны сызбаға рәсімдейді;

- дереккөздерді талдайды және қажетті ақпаратты бөле алады.

Құндылықтарды дарыту

Жұптық, топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, құрмет құндылықтарын дарыту; сабақ мазмұны арқылы азаматтық жауапкершілік, демократиялық қағидаттарды тәрбиелеу.

АКТ қолдану дағдылары

Қажет болған жағдайда оқушылар Интернет-ресурстарды пайдалана алады.

Пәнаралық байланыстар

Ғылым және техника

Алдынғы білім

Ұсынылған алдын ала білім дүниежүзілік тарих бойынша алдыңғы сыныптарда ғылыми-техникалық прогрестің қалай дамығандығы және оның ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі адамзат өркениетінің дамуына әсері туралы алған білімдерін қамтиды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

5 минут

Сабақ ортасы

5 минут

5 минут

6 минут

7 минут

8 минут

М) Ұйымдастыру сәті.

Б) БЫМ: слайдта ұялы телефондардың эволюциясын бейнелейтін иллюстрация. Оқушылардың зерттеу тақырыбы туралы негізделген болжамдар жасауын, сондай-ақ өз мысалдарын келтіруін сұраңыз.

М/Б) Сабақ тақырыбын қарастыру. Оқыту мақсатын, бағалау критерийлерін талқылау.

Ж) Оқушылар "өнеркәсіптік революция" және "ғылыми-техникалық революция"ұғымдарын талдайды.

Тапсырма:

Сызба бойынша түсініктерді талдау:

1 нұсқадағы оқушы үшін:

Өнеркәсіптік революция-бұл қол еңбегінен машинаға, мануфактурадан фабрикаға көшу; аграрлық экономикадан индустриалды өндіріске көшу, нәтижесінде аграрлық қоғамның индустриялдық экономикаға ауысуы.

2 нұсқадағы оқушы үшін:

Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) деп атаған құбылыс ғылымды қоғамдық өндірістің жетекші даму факторына айналдыру негізінде өндіргіштік күштердің түбегейлі, сапалы қайта құру болып табылады.

Сұраққа жауап беріңіздер: Бұл үдерістер қалай өзара байланысты?

Т/ф) Оқушылар ғылыми-техникалық прогресті сипаттайтын негізгі мәселелерді қарастырады.

Тапсырма:

Қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер.

1 топ

2 топ

3 топ

4 топ

Ғылыми-техникалық прогррестің қандай кезеңдерін атай аласыздар?

Өнеркәсіптік революция өркениеттің дамуына қандай әсер етті?

Әртүрлі елдерде өнеркәсіптік революцияның ерекшеліктері қандай болды?

Заманауи өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның рөлі қандай?

Мысалдар келтіріңіз.

Экономика, саясат, әлеумет сияқты салаларды қарастырыңыз.

Мысалдар келтіріңіз.

Экономика, саясат, әлеумет сияқты салаларды қарастырыңыз.

Дескрипторлар. Оқушы:

- қойылған сұраққа толық жауап қалыптастырады;

- 2-3 мысалдар келтіреді.

Б) Жоғары берілген сұрақтарды бүкіл сыныппен талқылап, топтар арасында өзара бағалауды ұйымдастыру.

Т/ф) Оқушылар ғылыми-техникалық прогрестің кезеңдерін қарастырады.

Тапсырма: "Ғылыми-техникалық прогрестің кезеңдері" сызбасын құрыңыз.

Б) Оқушылар ғылыми-техникалық прогрестің кезеңдерін қарастырады.

Оқушылармен сұрақтарды талқылау:

Аталған өнертабыстардың қайсысы заманауи өркениеттің дамуына әсер етті?

Оң әсер неде болды?

Теріс әсер неде болды?

Презентация слайдтары

Оқушыларға арналған ресурстар

Ғылыми-техникалық прогресс барысы мен бағыттары

https://www.opiq.kz/kit/46/chapter/4230

https://moluch.ru/archive/63/10023/

https://e-history.kz/kz/contents/view/1537

Сабақ соңы

4 минуты

К) Сабақтың қорытындысын шығару.

Рефлексия:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу