Ғылыми-техникалық прогресстің тарихи кезеңдері. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Сабақ жоспары

4-бөлім

Білім мен ғылымның дамуы

3.3 бөлімшесі

Білім алу бүкіл адамзаттық құндылық ретінде

Сабақтың тақырыбы

Ғылыми-техникалық прогресстің тарихи кезеңдері (2 сабақ)

Оқу мақсаттары

11. 4. 2. 2 - әртүрлі мемлекеттердегі өнеркәсіп революциясының ерекшеліктерін анықтап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

11.4.2.3 қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын бағалау.

Сабақ мақсаттары

Бірқатар мемлекеттердегі өнеркәсіптік революцияның ерекшеліктерін талдап, заңдылықтар мен айырмашылықтар туралы қорытынды жасау.

Адам өмірінің түрлі салалары тұрғысынан ғылыми-техникалық прогрестің мәнін бағалау.

Бағалау критерийлері

Әртүрлі елдерде өнеркәсіптік революцияның ерекшеліктерін анықтайды, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайды;

Қазіргі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңызын бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- дереккөзге сүйене отырып, зерттеу тақырыбы туралы болжамдар айтады;

- мәтінде қажетті ақпаратты тауып, оны сызбаға, кестеге,;

- дереккөздерді талдайды және қажетті ақпаратты бөле алады;

- қазіргі заманғы өркениеттің дамуы үшін ғылыми-техникалық прогрестің мәні туралы өз пікірін білдіреді.

Құндылықтарды дарыту

Жұптық, топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, құрмет құндылықтарын дарыту; сабақ мазмұны арқылы азаматтық жауапкершілік, демократиялық қағидаттарды тәрбиелеу.

АКТ қолдану дағдылары

Қажет болған жағдайда оқушылар Интернет-ресурстарды пайдалана алады.

Пәнаралық байланыстар

Ғылым және техника

Алдынғы білім

Ұсынылған алдын ала білім дүниежүзілік тарих бойынша алдыңғы сыныптарда ғылыми-техникалық прогрестің қалай дамығандығы және оның ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі адамзат өркениетінің дамуына әсері туралы алған білімдерін қамтиды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

5 минут

Сабақ ортасы

8 минут

5 минут

5 минут

5 минут

8 минут

М) Ұйымдастыру сәті.

Б) БЫМ: слайдта ғылыми-техникалық прогресс туралы екі пікір:

"Инженерлер әлемді құтқарады деп сенемін". Д. Лено.

«Технологияның дамуы бізді кері қайтарудың барған сайын күрделі әдістерін ұсынады».

О. Хаксли.

Оқушыларға сұрақтар қою: қандай пікірмен келісесіз? Неліктен?

М/Б) Сабақ тақырыбымен танысу. Оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін талқылау.

Т/ф) Оқушылар үш елде: АҚШ, Англия және Ресейде өнеркәсіптік революция үрдісін талдайды. 3 оқушыдан топ құру ұсынылады, бұл ретте әрбір оқушы материалдың өз бөлігін қарайды, содан кейін оқушылар ақпаратпен алмасады және тапсырманы орындайды.

Тапсырма.

Англия, Ресей және АҚШ-тағы өнеркәсіптік революция процесін салыстырыңыз. Ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтаңыз.

Дескрипторлар. Оқушы:

- елдердегі өнеркәсіптік революция процесінің 2-3 ұқсастығын көрсетеді;

- елдердегі өнеркәсіптік революция процесінің 2-3 айырмашылығын көрсетеді;

- салыстырудан логикалық қорытынды жасайды.

Б) Пікірталас пен өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру.

Т/ф) Оқушылар қазіргі өркениет үшін ғылыми-техникалық прогрестің мәні туралы мәселені қарастырады.

Тапсырма. Қоғамның өмір сүруінің түрлі салаларындағы ғылыми-техникалық маңызын бағалаңыз.

Мысалдар келтіріңіз.

ҒТП маңыздылығы туралы логикалық қорытынды жасаңыз.

1 топ: саясат.

2 топ: экономика.

3 топ: әлеумет.

4 топ: мәдениет.

Дескрипторлар. Оқушы:

-саясатта/экономикада/әлеуметтік өмірде/мәдениетте қазіргі заманғы өркениетті дамыту үшін ҒТП мәнін көрсететін 2-3 мысал келтіреді;

- қазіргі кезеңдегі адам өркениетінің дамуы үшін ҒТБ мәні туралы логикалық тұжырым жасайды.

Б) Пікірталас пен өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру.

Д) Оқушылар болашақта ғылыми-техникалық прогрестің даму үрдісі туралы өз болжамдарын ұсынады.

Тапсырма.

ХХІ ғасырдың соңына дейін қандай ғылыми жаңалықтар жасалатыны туралы болжам жасаңыз.

Ғылымның қандай бағыттары дамиды? Неліктен?

Презентация слайдтары

Оқушыларға арналған ресурстар

https://e-history.kz/media/upload/55/2013/10/01/30d068d46e4b209e94a3b12b372fdef8.pdf

Сабақ соңы

4 минуты

Б) Сабақтың қорытындысын шығару.

Рефлексия.

Бір сөйлемді таңдап, аяқтаңыз:

* ҒТП адамзатты құтқарады, өйткені...

* ҒТП адамзатты өлтіреді, өйткені...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу