Қазақ халқының қалыптасу тарихы. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


«Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4 сынып

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 бөлім: «Мәдени мұра»

Күні:

Сынып: 4

Мектеп

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақ халқының қалыптасу тарихы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.2.2 сақтар, ғұндар, түркілер және қазақтар арасындағы байланысты графикалық түрде бейнелеу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

- қазақ халқының шығу тарихымен танысады;

- қазақ халқының қалыптасуы еліміздің тарихына әсерін зерттейді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

-қазақ халқының шығу тегі туралы айтады;

- "түркі тілдес", "этникалық құрам" терминдерін түсіндіреді;

- сақ, ғұн, түркі және қазақ арасындағы сызбалық байланысты көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- қазақ халқының қалыптасу тарихын түсіндіреді;

- Қазақ хандығының этникалық құрамы туралы айтады.

Терминология:

  • Этникалық құрам
  • Түркітілдес тайпалар

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Неге қазақ тілі түркі тілді топқа жатады?

Жазуға арналған сұрақтар:

Уақыт сызығын, кестедегі мәліметтерді пайдаланып, қазақ халқының қалыптасуы жайында қысқаша эссе жаз.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизмді, өз халқының тарихын құрметтеуді қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: сөйлеу дағдысын дамыту

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылардың қазақ халқының жүздерге бөлінуі туралы білімдерін қамтиды, еліміздің тарихи оқиғаларының хронологиясы туралы түсініктері бар, Қазақстанның тарихи тұлғаларымен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-9

10-13

  • Кіріспе тапсырма «Уақыт сызығын жаса» (топпен)
  • Қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін дұрыс тәртіпте орналастырыңдар.
  • Осы кезең туралы айтып беріңдер.

Оқушылар топтарға бөлініп, кезеңдерді дұрыс тәртіппен орналастырады. Таратпа парақтарын пайдалана отырып, сыныпқа бір дәуір туралы хабарлама дайындайды. "Үш шапалақ" әдісімен жұмыстарын бағалайды.

Бағалау критерийлері:

-оқушылар тарихи кезеңдерді дұрыс тәртіппен орналастыра алады;

- сақтар, ғұндар, түркілер және қазақтар арасындағы байланысты сызба түрінде көрсете алады.

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- қазақ халқының шығу тарихымен танысу;

- қазақ халқының қалыптасуы еліміздің тарихына қалай әсер еткенін зерттеу.

Таратпа парақтар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №2

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Сабақ ортасы

14-18

19-24

25-29

30-38

  • Ойлан (фронтальды жұмыс)

- Кестедегі деректерді оқып шығыңдар.

- Неге әр түрлі мемлекеттердің құрамына кірген тайпалар уақыт өте келе Қазақ хандығының құрамына кірді?

- Қазақ хандығының этникалық құрамы қандай болды?

Оқушылар кесте мәліметтерін оқып, өз бетінше жұмыс істейді. Фронтальды әңгіме барысында жалпы қорытынды шығарады.

  • Есіңе түсір (топпен)

-Қазақ жүздері туралы білесіңдер ме?

- Неге қазақтар жүздерге бірігеді?

Оқушылар топпен жұмыс істейді, қазақ жүздері туралы барлық білгендерін сызба немесе постер түрінде рәсімдейді.

  • Қорытынды жаса (жұппен)

-Қазақ хандығының құрылуы туралы білетіндеріңізді еске түсіріңдер:

- қалай пайда болды, кім құрды, бұл тарихқа қалай әсер етті?

Оқулықтағы мәтінді оқыңдар.

-Неге Қазақ хандығын біріктірген тайпалар түркі тілді деп аталады?

- Қорытынды жасаңдар.

Оқушылар жұппен жұмыс істейді, берілген сұрақтар бойынша білгендерін еске алады. Қорытынды жасайды және оны бүкіл сыныпқа таныстырады.

Бағалау критерийлері:

-оқушылар қазақ халқының шығу тегі туралы айтады;

- "түркі тілдес халықтар" терминін түсіндіреді.

  • Байқап көр(жеке)

-Қазақ халқының білімі күрделі процесс болғанын дәлелдеңдер. Жазыңдар.

Оқушылар өз бетімен алған білімдерін жинақтап,байланысты мәтін құрастырады.

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №4

А4 парақтары

Жүздердің картасы http://www.atyrau-city.kz/index.php?uid=historyKZgenus&l=r

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №5

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №6

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №7

Сабақтың соңы

39-40

«Сиқырлы сызғыш» әдісі

-Сабақ тақырыбын түсінгендеріңді бағалаңдар. «Х» белгісін қойыңдар.

- Сыныптастарыңңын жұмысын бағалаңдар.

Оқушылар сабақта өз жұмыстары және сабақтың мақсатына қалай жеткендерін бағалайды, сызғышқа белгі қояды.

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №8

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға "Қазақ"этнонимінің шығу тегін түсіндіре отырып эссе жазуды ұсынуға болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады.

"Сиқырлы сызғыш" әдісі оқушыларға сабақта өз іс-әрекеті туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бағалаңыз:

- Неге Қазақ хандығы қалыптасты?

-Қазақ хандығының құрамына қандай халықтар кірді?

-Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының одан әрі дамуына қалай әсер етті?

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу