Түркілер және олардың өмір сүру салты. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім «Өнер»

Мерзімі: 3-тоқсан

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Түркілер және олардың өмір сүру салты

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.2.1 Түрлі материалдар негізінде ежелгі түркілердің өмір жолын анықтайды

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

- түркілердің өмір сүру салты туралы құжаттарын зерттейді;

- түркі әлемінің жетістіктері туралы әңгімелейді.

Бағалау критерийлері

- ежелгі түркілердің мәдениеті туралы жазылған мәтіннің 3 айғақты қатесін табады;

-түркі жауынгерін сипаттайды;

- түркі әлемінің жетістіктерін ұсынады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- ежелгі түркілердің жетістіктері туралы әңгімелейді.

Терминология:

  • Егіншілік
  • Бұйымдар
  • Қолөнер

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Ежелгі түріктер туралы не білесіңдер?

- Олар қайда және қалай өмір сүрген?

- Олардың ата тегі кім болған?

Жазуға берілетін тапсырма:

- «Түркілердің жетістіктері» тақырыбында постер жасау.

Құндылықтарды дарыту

Патриотизмді дамыту өз ата-тегінің тарихын білу және сақтау маңыздылығын түсіну арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек: постер жасау.

Әдебиеттік оқу: ескерткіштерді сипаттау.

Алдыңғы меңгерілген білім

3 сыныптың «Уақыт» тарауынан адамдардың көшпенді және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері,ертедегі түркілердің өмірі туралы ,мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптасқан.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4

5-9

10

  • Топтарға бөліну

Оқушылар «Менің ата-бабам» тақырыбына қатысты бір-бір сөзден атап шығады. Атаған сөздерінің бірінші әрпі бойынша әліпбиге сәйкес шеңбер құрып тұрады. Оқушылар 1-4 дейін санап, 4 топ құрады.

  • «Еске түсірейік» тапсырмасы (ұжымда)

-Әрбір топқа «Қазақ елінің төр шежіресі» суреті мен картасы және тапсырмалар таратылады.

-Жұмыс топта орындалады:

№1 топ Сақтар туралы не білесің? Олар қайда тұрған және немен айналысқан?

№2 топ Ғұндар туралы не білесің? Олар қайда тұрған және немен айналысқан?

№3 топ Томирис туралы айтып беріңдер.

№4 топ Атилла туралы айтып беріңдер.

Мұғалім сұрақтарға ауызша жауап берулерін сұрайды. Негізгі тірек сөздерді мұғалім тақтаға жазып, бүгін ежелгі ата-тегіміз туралы тақырып жалғасатынын айтады.

  • Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- түркілердің өмір сүру салты туралы құжаттарын зерттейді;

- түркі әлемінің жетістіктері туралы әңгімелейді.

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Қазақ елінің төр шежіресі суреті

Тапсырмалары бар карточкалар

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

бор, тақта

Слайд №3

Сабақ ортасы

11-14

15-19

20-24

25-35

  • «Есі ауысқан профессор» стратегиясы бойынша мәтінмен жұмыс (жұпта)

Түркілердің өмір сүру салты туралы мәтінді оқып-зерттеу ұсынылады. Жұпта «Есі ауысқан профессор» стратегиясымен мәтінді оқу сұралады:

  • Әдеттегідей оқу;
  • Баяу оқу;
  • Тез оқу;
  • Қуанып отырып оқу;
  • Ашуланып оқу;
  • Күліп оқу және т.б.

Тапсырманы ұжымда негізгі фактілерді талқылап, Түркі қағанаты картасын көрсете отыра қорытындылайды.

  • «Зерттеушілік әңгіме» стратегиясы (жұпта)

Қаруланған түркі жауынгерінің фотосуреті көрсетіледі. Жұпта осы сурет бойынша талқылау жүргізіледі.

Келесі сұрақтарды қойыңыз:

- Фотосуретте кім бейнеленген?

- Жауынгерді сипаттаңдар.

- Оның тұлпарын сипаттаңдар.

-Түркілердің жеңісінің себебі неде деп ойлайсыңдар?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, сондай-ақ өздері де суретке қарап бірнеше сұрақ құрастырып қоя алады.

Бағалау критерийлері:

- түркі жауынгерін сипаттайды.

  • «Құжатты зертте және қатесін жөнде» стратегиясы (жеке)

Оқушыларға ежелгі түркілердің мәдениеті туралы жазылған ақпараттық мәтін таратылады және оларға мәтінде 3 қате кеткенін ескертеді. Оқушыларға мәтінді оқып шығып, қатені тауып, маркермен белгілеу ұсынылады. Мәтіннің дұрыс нұсқасымен салыстырылады.

Бағалау критерийлері:

- ежелгі түркілердің мәдениеті туралы жазылған мәтіннің 3 айғақты қатесін табады.

  • «Түркілердің жетістіктері» тапсырмасы (топта)
  • Түркілердің кейбір жетістіктері көрсетіледі (презентация)

Үзеңгі, көне түркі руникалық жазуы, ағаштан жасалған ер, киіз үй, көне Тараз қаласы.

  • Әрбір топ бір суретті таңдап алып, постер дайындайды;

Мақсаты: таңдап алған өнертабыстарын ұсынып, көп дауыс (стикер) жинау.

Бағалау критерийлері:

  • түркі әлемінің жетістіктерін ұсынады.

Таратпа мәтін

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Түрік қағанатының картасы

(дидактикалық материалға қараңыз)

Түрік әскерінің фотосуреті

http://www.kazakh.ru/news/articles/?a=1481

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Көне түркілердің мәдениеті жазылған ақпараттық парақ (қатесімен және қатесіз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Суреттер: түрік халықтарының жетістіктері

А3 парағы

Маркерлер фотосуреттер, суреттер

Стикерлер

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия (жеке):

«Еркін микрофон» стратегиясы

Сабақты келесі сұрақты талқылау арқылы қорытындылаңыз:

Түркілердің өнертабыстары адамдардың өмірін қалай жеңілдетті?

Оқушылар ортаға шығып өз пікірлерін айтады.

микрофон

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті жоғары оқушыларға ата-аналарымен бірге «Ежелгі түріктердің зергерлік бұйымдары» тақырыбында кітапша жасау ұсынылады. Бағалау критерийлерін оқушылармен алдын ала талқылаңыз.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Құжатты зертте және қатесін жөнде» тапсырмасында жұптар бір біріне парақтарын алмастыру арқылы бағалау жүргізеді. Оқушылар 3 қатені тауып, түзету енгізулері қажет. Слайдтан дұрыс мәтінді көрсетіңіз.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу