Отбасым – бақыт мекенім. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар

  • «Ойлан. Бөліс. Талқыла» тапсырмасында талдау кезінде отбасындағы этикалық құндылықтарға баса көңіл аудару қажет. Отбасы құндылықтары:
  • жауапкершілік,
  • шексіз махаббат,
  • кешірімділік,
  • отбасына қызмет ету және қамқорлық,
  • шыдамдылық,
  • өзара түсіністік,
  • қарым-қатынасты сыйлау,
  • көмектесу,
  • шынайылық,
  • адалдық және сенім т.б.)
  • Оқушылардың жауаптарын тақтаға жазу барысында құндылықтар тізімі жасалады. Мұғалімнің өзі де толықтыруға болады. Осы тізімнен оқушылар ең құнды деп бағалағанын таңдайды. Таңдалған құндылық бойынша қойылым дайындауға мүмкіндік беріледі.
  • «Қойылым қою» тапсрымасында «Құндылық» ұғымына көрсетілген қойылымды алдын – ала жасалған бағалау өлшемдері арқылы бағалайды. Бағалау өлшемдерін жасауда қиындық туғызған жағдайда оқушыларға «тақырыпты ашылуы», «актерлік шеберлігі», «өзектілігі», «шынайылығы», «барлық топ мүшелерінің қамтылуы», «уақытты тиімді пайдалану» өлшемдерін беруге болады.
  • Рефлексияға арналған тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Ол үшін дидактикалық материалдағы таратпа парақ үлестіріледі. Жазар алдында 1 минут тыныштықта көз жұмып, бүгінгі сабақта барлық үйренгендерін ой елегінен өткізуге мүмкіндік беріледі. Парақтар толтырылғаннан кейін ұстаз жинап алып, сараптама жасауы тиіс. Қорытындысын келесі сабақты жоспарлауда қолдану керек.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу