Мен үйде уақытымды қалай өткіземін? Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1A бөлім: Өзім туралы | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні :Иманбаева Н.З | |||||
Сынып: 1А | Қатысқандар: 20 Қатыспағандарсаны: 0 | |||||
Сабақ тақырыбы | Мен үйде уақытымды қалай өткіземін? | |||||
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.3.2 Уақытты білдіретін қарапайым түсініктерді пайдалану 1.1.5.1 Өз көзқарасы мен пікірін қарапайым түрде білдіру 1.1.5.8 Өзінің рухани, моралдық және этикалық нанымдары мен құндылықтары туралы білу 1.1.2.1 Кейбір нақты білімдері мен түсініктерін көрсету | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқиғаларды мерзімдік рет бойынша құрудың бастапқы дағдыларын қалыптастыру. оқушыларды уақытқа байланысты мерзімдік терминдерді қолдануға үйрету. | |||||
Жетістік критерилері | Уақыт кестесі шаблонын пайдалана отырып, оқушылар үйде өткізген бір күні бойынша өз кестесін құрастырады | |||||
Сөздік қор | таң, күн, кеш, күн тәртібі, демалыс күні. | |||||
Құндылықтарды дад дарыту | Оқушылардың топтық жұптық жұмысын жандандыру, өзара сыйласымдылыққа үйрету. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Ғылымға кіріспе «Кеңес бер» тапсырмасы «Адам» бөлімімен байланысты. Математика «Менің күнім» тапсырмасында оқушылар ұйқыға, серуендеуге, т.б қанша уақыт жұмсайтынын есептейді | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Менің сүйікті ісім. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Шаттық шеңбері. Оқушылар бір-біріне жымиып қарап, жақсы көңіл күй сыйлайды Оқушыларды сабақтың оқу мақсатымен таныстыру. Бүгін сендер күн тәртібі туралы білесіңдер. Күн тәртібін құрастыруды үйренесің. | Қораптағы сағат А3 көлеміндегі парақ, күн тәртібінің кезеңдері бейнеленген сурет. | ||||
Сабақ ортасы | (Ұ) Оқушылар шеңбер құрып отырады. Тосын сый. Балалар мына қораптың ішіндегі зат не болуы мүмкін? Қазір мен жасырған жұмбақты шешсеңдер қораптың ішінде не жатқандығын біле аласыңдар. Жұмбақ Уақытты өлшеп санап, таппайды бір тағат (сағат) Бұл құпияның әуенін тыңдаңдар. Сағат не үшін қажет? Сағаттың көмегімен уақытты өлшейді. Бүгін сабақта уақытты ненің көмегімен өлшейтінін білетін боласыңдар. -Күн тәртібі дегеніміз не? -Күн тәртібі туралы не білесіңдер? Оқушылардың пікірін білу. Әңгіме құрастыру Суретке қарап Асланның күн тәртібі туралы әңгіме айт. - Аслан таңертең не істейді? - Ол кешке не істейді? Оқушылар пікірін білу. (Т.Ө.Тәж) Орындап көр. Өз күн тәртібіңді құрастыр. Уақыт кестесі шаблонын пайдалана отырып, оқушылар үйде өткізген күні бойынша өз кестесін құрастырады. А3 парағын және күн тәртібінің кезеңдері бейнеленген суреттер жинағын топтарға үлестіру. Күн тәртібі сәттерінің орналасуында айырмашылық болса, сол топ мүшелері өз плакаттарын түсіндіреді. (Ж) «Кеңес бер» Оқушыларға сабақта ұйықтап отырған оқушы суретін көрсету. Бала неліктен сабақта ұйықтап отыр? Балаға қандай кеңес бересің? Сендерде осындай жағдай болды ма? Осындай жағдайға тап болмас үшін досыңа кеңес бер. «Менің демалыс күнім» тақырыбында әңгімелесу. Мәтінмен жұмыс. Демалыс күнін алдын ала жоспарлау керек. Әдетте оны отбасында өткізеді. Бұл күндері адамдар өз сүйікті істерімен айналысады. Шуақты күндері табиғат аясында демалуға болады. (Қ) «Дұрыс жауапты таңда» (дұрыс болған жағдайда жасыл түспен, дұрыс емес болған жаңдайда қызыл түспен белгіле)
| https://www.google.kz/search?q= .google.ru/search?q=% | ||||
Сабақтың соңы | (Ұ) Рефлексия. Сабақта. Мен білдім... Мен үйрендім... Маған ұнады.... Мен қиналдым.... Менің көңіл – күйім..... | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Уақыт кестесі шаблонын пайдалана отырып, оқушылар үйде өткізген бір күнгі кестені құрастыруда қиналатын оқушыларға дербес қолдау көрсету | «Дұрыс жауапты таңда» тапсырмасы арқылы бағаланады. | Осы сабақта Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар cергіту сәтін ұйымдастыру арқылы қарастырылады |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?