Гимнастикалық снарядта жүйелі жаттығулар құру. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім: Гимнастика арқылы

денені басқару дағдылары Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Мектеп:

Күні: Қатыспағандар саны:

Сынып: 9

Сабақ тақырыбы

Гимнастикалық снарядта жүйелі жаттығулар құру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.1 қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалай білу

 Сабақ мақсаттары

Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінуге және түсіндіре білуге үйрету

 Жетістік критерийлері

  • қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын бағалай біледі

 Тілдік мақсаттар

 

Жеке, жұптық, топтық гимнастикалық жаттығуларын, композициялық элементтер тапсырмаларын талқылайды және көрсетеді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • тепе-теңдік, айналу
  • жаттығулар кешені, басқа және қолға тұру
  • тәуекел, қауіпсіздік
  • гимнастикалық сайман
  • арқан, гимнастикалық кіші ағаш ат, керме, әр түрлі және бірдей биіктіктегі қос арыс, гимнастикалық бөрене;
  • гимнастикалық төсеніштер, орындықтар
  • қозғалыс үйлесімділігі, дене сымбаты

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

Өрмелеудің қай түрі сендерге жеңіл болды?

Сендер табысты өзара әрекеттесе алдыңдар ма?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

  • оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;
  • ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс;
  • оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады;

 Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен (жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану

дағдылары

Тақырып бойынша гимнастикалық снарядтағы жаттығуларды құру реттілігін АКТ арқылы көрсету.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда, дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс уақытта алған гимнастикалық жаттығуларды снарядта орындау дағдылары бойыншабілімдері мен дағдылары бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет.

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар гимнастикалық қондырғыларда жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

25 мин.

(Ж, ҚБ) Аласа бөренеде жаттығулар орындау:

  • Б.қ. – н.т.;
  • бөренеге міну;
  • алмакезек би адымы;
  • бір аяқта тепе-теңдік сақтау «қарлығаш» бейнесін ұстау (3-5 сек.);
  • кері бұрылу, қолдар жоғарыға;
  • оң аяқты сермеу, астынан қол шапалақтау, сол аяқты сермеу, астынан қол шапалақтау;
  • отыру қалпы, 90 градусқа бұрылып секіріп түсу.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Гимнастика сабағындағы қондырғыларда жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • бірқатар дене жаттығуларының стратегияларын қолданады;
  • қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Комбинацияларды орындау кезіндегі реттілікті сақтау қаншалықты маңызды? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады?

(Ж, ҚБ) Білім алушылар екі қанатты арыста жаттығуларды орындау үшін келесі арнайы дайындық жаттығуларын орындайды:

  • Б.қ. – қолға тірелу;
  • сермелу, аяқтарды жанға созып жердтерге отыру;
  • итеріле және сермей аяқтарды қосу; қолға тірелу қалпынан сермелу;
  • отыру қалпынан аяқтарды жанға созу;
  • оң қолды ауыстырып, оң жамбасқа отыру, 90 градусқа бұрыла секіріп түсу.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Гимнастика сабағындағы қондырғыларда жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • бірқатар дене жаттығуларының стратегияларын қолданады;
  • қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Комбинацияларды орындау кезіндегі реттілікті сақтау қаншалықты маңызды? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады?

Кең, бос кеңістік, таңдалып алынған әрекет түріне гимнастикалық жабдықтар, гимнастикалық бөрене, маттар.

Гимнастикалық бөренедегі жаттығулар интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=tDqEkT1-l64&t=1s

https://www.youtube.com/watch?v=o1te4itdIj0

https://www.youtube.com/watch?v=8S5YjJMCq-g&t=42s

Сабақтың соңы

5 мин.

Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
  • Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Құрал-жабдықтарды жинау.

Кері байланыс үшін парақ

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын барлық білім алушылар түсінеді және түсіндіре алады деп жоспарлап отырмын.
  • Қабілеті жоғары оқушыларға қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсіндіру кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Өзін-өзі бағалау

Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Рефлексия: оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өзінің бүгінгі сабақтағы әрекеттеріне рефлексия жасайды.

Қандай қате жібердім?

Нені білу керек?

Қауіпсіздік ережелері туралы не түсіндім?

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу