Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы: Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту.

Сабақ мақсаты: -түрлі бұлшық еттерді дамыту жаттығуларын орындату;

-қысқа,орта қашықтыққа жүгірудің әдіс-тәсілдерін меңгерту;

-өмірге қажетті қимыл-қозғалыс қасиетін қалыптастыру.

Оқу мақсаты: 10.2.5.5. Баламалы идеяларды дамыту мақсатында өзінің және өзгенің шығармашылық қабілетін біріктіру

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

Сабаққа дәрігерлік бақылаудан өткен және қауіпсіздік ережесімен танысқан соң жіберіледі;

Жарақат алу қаупі: жаттығуды жарамсыз спорт құралдарымен орындағанда және сақтандырусыз орындағанда.

Спорттық киімінің талаптарын назарда ұстау және спорттық аяқ киімнің табаны жылтыр болмауын қадағалау;

Дайындық жаттығуларын жүктеме бойынша өткізу;

Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының пайдалануға, орындарын ауыстыруға рұқсат етілмейді;

Құрал-жабдықтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ, таза шүберекпен сүртіп алу керек.

Жеке гигиена талаптарын сақтау

Дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс;

Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды;

Спорт киімін киім шешетін орында ауыстырып кию керек;

Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

Түрлі бұлшық еттерді дамыту жаттығулары.

Денсаулықты, дене белсенділігін дамытуға арналған жаттығулар топтамасын жұппен және жекелей орындау. Оқушылар 8-10 жаттығудан тұратын дамыту жаттығуларын құрастырады және орындайды.

Жүгірісті жүру қадаммен алмастыра отырып орындау

Арақашықтық 800 метр, бірінші айналымды тоқтаусыз бірқалыпты қарқында жүгіріп өту, екінші-үшінші айналымда 15-30 м қадам жүруге көшу,төртінші айналымда қарқынды көбейте отырып,мәреден өту.

Сөреден шығу жаттығуын 15-20 метр аралықта жүгіріп орындау

Жаттығуды бірнеше рет (орташа жылдамдықтан максималды жылдамдыққа дейін) қайталап орындату. Бастапқы қалып: төменгі сөре.

Екпінмен 60 метр арақашықтыққа жұптасып жүгірулер

Бастапқы қалып: төменгі сөре.

Қысқа қашықтыққа жүгірудің сипаттамасы

Қысқа қашықтықтарға жүгіру техникасы:

сөреде қол жеткен жылдамдық дистанция бойында сақталуы қажет;

жүгіру ырғақты және еркін болуы тиіс, денесінің қалпы сәл алға қарай еңкейген;

итерілген кезде, артындағы аяқ толығымен түзетіледі;

итерілуді аяқтай отырып, аяқ тізеден бүгіліп, алға қарай шығады;

жүгіру жолағында аяқтың ұшымен жүгіреді;

аяқтың ұшы тіректік фазасында, екпін алу ұзындығында өкшеге түсірілмейді;

толық табанға басу тік,түзу аралықта болады;

жүгіру кезінде қол шынтақтан бүгіледі;

қолдар тепе-теңдікті сақтауға және қозғалыс қарқынын сақтауға немесе өзгертуге ықпал етеді.

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасында еркін жүгіру қабілеті ерекше маңызға ие болады.

«Қуып жетуге тырыс» ойыны.

Ойынға бүкіл сынып қатысады. Ойынға қатысушылар стадионның жүгіру алаңында бір-бірінен бірдей ара қашықтыққа тұрады. Белгі бойынша барлық ойыншылар жүгіруді бастайды. Әрбір ойыншының міндеті:өзін қуып келе жатқан адамға жеткізбеу және алдында жүгіріп бара жатқан адамның денесіне немесе иығына қолын тигізу. Өзіне қол тиген балалар жүгіру алаңының ортасына жиналады, ал қалғандары жүгіруді жалғастыра береді. Ойыншылар жүгіру алаңның мәре сызығын басып өткен кезде ойын аяқталады.

«Қуып жетуге тырыс» ойыны.

Назарларыңызға рахмет!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу