Дәлдеу және оның түрлері. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді
Келісілді «Дене тәрбиесі» ӘБ жетекшісі Арыстанов А.С. ________ | |||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1- бөлім Жеңіл атлетика түсінігі және қозғалыстың озық дағдысы | I-тоқсан | ||||||||
Күні: 13.09.2021 | Мектеп: Ақтау ХБ Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектеп | ||||||||
Сыныбы: 10 А | Мұғалімнің аты-жөні: Турдымбетова А | ||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Дәлдеу және оның түрлері | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.3.1.Әр-түрлі жаттығулардағы бұлшық ет жұмысын көрсету және талдау | ||||||||
Бағалау критерийлері | лақтыру барысында, лақтыру дағдысын дамытып жатқандығын орындап көрсетеді. физикалық жаттығулардың денсаулыққа тигізетін әсерін бағалай білетіндігін көрсетеді | ||||||||
Тілдік мақсат | Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар:Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін, ағазадағы функционалды өзгерістерді көрсете және талқылай алады қауіпсіздік техникасы, қадамдар, аттау. Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды:дайындалу, екпін алу, крестік қадам, дәлдеу, лақтыру, орындаған іс әрекетіне баға беру. Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері Талқылауға арналған сұрақтар:
бұл тапсырмадағы жаттығулар аэробты ма, әлде анаэробты ма? (аэробты: бірнеше минуттан көп физикалық белсенділік – бұлшық еттердің тұрақты жиырылуын қамтамасыз ету үшін оттек қолданылады; анаэробты: жарылғыш (взрывные) әрекеттер не жаттығулар - оттексіз. Бұл жаттығуда қандай бұлшық еттер тобы қатысады? | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | • оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады; • ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс, жауапкершілік пен өзара түсінушілік қалыптастырады; • оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады; • білімді байыту және оқушылар арасында дене тәрбиесінің адам мәдениеті бөлігі идеясын дамытуға мүмкіндік береді. | ||||||||
Пән аралық байланыс | Биология ( жаттығулар орындау барысында дене бұлшық еттерінің әсерін анықтайды) Физика (оқушылар өз лақтыру қашықтықтарын есептеп бағалайды) | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша жаттығуларды орындау кезіндегі іс әрекет көрсету. | ||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ мектептен тыс қызметте меңгерген жеңіл атлетика туралы біледі, лақтыру дағдыларын игерген. | ||||||||
Сабақ кезендері | Сабақтағы іс-әрекеттер | Құрал-жабдықтар (ресурстар) | |||||||
Сабақтың басы: 10 минут | Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау. Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру. - Жүру жаттығуларын орындау; - Жүгіру жаттығуларын орындау; - Жылдамдыққа жүгіру; Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Қимыл-қозалыс ойындарын ойнату. |
Үлкен, бос кеңістік әр қызмет үшін. Ысқырық, секундомер.
| |||||||
Сабақтың ортасы 25 минут | (К, ЖЖ) Оқушылар жұптарға бөлінеді. Допты біріне-бірі лақтыру әр түрлі арақашықтықта 2 метр, 6 метр, 9 метр, 12 метр, қолдардың шапшаң түзетілуіне назар аударылсын. Серіктестер арақашықтығы олардың дайындығына сәйкес бекітіледі. Жаттығу вооейбол және теннис добымен орындалады. Әр жаттығу 4 реттен қайталанады. (Б, Ж, К) Оқушыларды екі топқа бөліп допты әр түрлі биіктікке лақтыруды ұсынылады. Алысқа екпінмен кіші допты (150 гр.) лақтыру техникасы: Орында, допсыз көрсету, қолмен лақтыру қимылдарына еліктеу, дұрыс алақандау мен орнынан лақтыруды үйрену. 5-6 қадамдық екпінді үйрену. Допты алысқа лақтыру. (Б, К, Ф) Ысқырық бойынша оқытушы волейбол добын екі ортаға қоязы олар теннис добымен сол допты жылжыту керек теннис добымен нысанаға тигізуге тырысады. Әр нысанаға тигізу үшін, ойыншыға ұпай қосылады. 8-10 талпыныс ішінде ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз болыа саналады. | Кең ойын алаңы, нығыздалған доптар (1-5 кг), ысқырық, Лақтырушының арнайы жаттығуы. https://www.youtube.com/watch?v=NMm3qkpxoHQ https://www.youtube.com/watch?v=w1bvOFZI7F8 Үлкен, бос кеңістік. Теннис доптары, 6-8 волейбол добы | |||||||
Сабақтың соңы: 5 минут | Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау. Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: -нені білдім, нені үйрендім. –нені толық түсінбедім. | Ашық сұрап-жауаптар | |||||||
Үйге тапсырма | Жеңіл атлетика бөліміндегі ҚЕ білу. Лақтыру техникасын игеруді жетілдіру. Дене қабілеттерін дамыту жаттығуларын орындау. | ||||||||
Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады. Жұптық және топтық жаттығуларды, сонымен қатар қозғалыстың құрамдас элементтеріне сараптау жүргізу, көрсету, талқылау және мәлімдеу | Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау Осы бөлімде оқушылар жеңіл атлетика бойынша түрлі жаттығулар орындайды, секіру қабілеттерін танып біледі, сонымен қатар өз денсаулықтарын жаттығулар арқылы бекітеді. | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Оқушылар басқа оқушылардың жаттығуларының реттілігін оқиды және кері байланыстың құрамдылығын көрсетеді. Оқушылар секіру қабілеттерін құрамдас жаттығулардың дамуына себепкер болатын топтық жұмыстарды орындау кезінде біріктіріп жібереді. | |||||||
Сабақ бойынша рефлекия: 1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді? |
| ||||||||
2.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? | |||||||||
3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? | |||||||||
4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ? | |||||||||
Жалпы оқушыларды бағалау: | Сұраңыз: лақтыру қалайша Сіздің дене қабілеттеріне әсер етеді? Сіздің дәлдеуді жетілдіру үшін қандай арнайы жаттығуларды орындау қажет? бұл жаттығу қандай дене қабілеттерін жетілдіреді? бұл ойын кезінде қауіпсіздік техникасы сақталды ма? Ойын ережелерін сақтау қаншалықты қиын болды? | ||||||||
Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)
| |||||||||
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)
| |||||||||
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі (қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?) | |||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру