Гимнастикалық жабдықтарда жүйелі жаттығулар. Дене шынықтыру, 9 сынып, презентация.
9 сынып
3 бөлім: Гимнастика
Сабақтың тақырыбы: Гимнастикалық жабдықтарда жүйелі жаттығулар
Оқу мақсаты:
9.1.1.1. Спецификалық қозғалыс әрекеттерін көрсету
Бағалау критерийлері:
-гимнастикалық жабдықтарда жүйелі жаттығуларды көрсетеді;
-үй жағдайында гимнастикалық жаттығуларды өз бетінше орындайды;
- спецификалық қозғалыс әрекеттерін көрсетеді (жүру, тепе-теңдік жаттығулары, секіру, аунау, шатқа отыру т.б)
Тепе-теңдік жаттығуларың әсері:
Тепе-теңдіқ сақтау жаттығулары
Тіректің әртүрлі жағдайында тепе-теңдігін сақтау білу қабілеті күрделі, бірақ өмірде манызды дағды болып табылады. Осы міндет балалық шақ жасынан дами бастайды,
6-7 жастағы балалар дененің тік қалыппын еркін сақтай алады. Тепе-теңдік сақтау міндеттің табиғи дамуы мектеп жасында жалғасады, ал оны
жетілдіру үшін арнайы жаттықтыру керек.
Тепе-теңдік сақтау жаттығулар динамикалық, қозғалу кезінде тепе-
теңдік сақтау, және статикалық, бір орында тұрып тепе-теңдік сақтау,
және де аралас, белгілі қозғалыс әрекеттерден кейін өз қалпын сақтау,
түрлеріне бөлуге болады.
Негізгі динамикалық жаттығуларға жатады:
– жүру түрлері(жай жүру, аяқ ұшымен , қырындап, арқамен адына
қарап, тіркеме қадаммен, көзді жұмып, қолдың, дене және аяқтың әр түрлі қозғалыстарын қоса жүру),
– әртүрлі әдістермен жүгіріп өту, жүқ көтеріп жүру,
– кедергілерден өту және т.б.
Осы жаттығулар гимнастикалық бөренеде және орындықтарда жасауға болады. Тіректің биіктігі біртіндеп көтеріледі 1 сыныпта 60 см бастап, жоғарғы сыныптарда 110 см дейін көтеріледі. Тосқауыл ретінде секіртпе, таяқтар және т.б. заттар пайдаланады. Жүк ретінде тығыздалған доптар пайдаланады.
Статикалық жаттығуларға екі аяқтағы әр түрлі тұрыстар,бір аяқтағы әр түрлі қалыптағы тұрыстар (бос аяқ алдына, артқа және т.б.), шектелген тіректе, отыру, жауырында, білекте, баспен қолда, қолмен тік тұрыстар жатады.Аралас жаттығуларға қозғалу әрекеттен кейін тұрақты статикалық қалыпты сақтау керек қылатын жаттығулар жатады. Осы топтың ең сипатты жаттығулар әр түрлі секірулерден кейін жерге қону болып табылады. Дұрыс және тұрақты жерге қонуды бастауыш сыныптардан бастап үйрету керек. Бастапқыда оны қарапайым қозғалыс әрекеттерден (жоғары секіру, шамалы биіктіктен және т.б.) кейін үйретеді.
Бөлім мен тақырыпқа қысқаша шолу
Бұл бөлімде оқушылар гимнастикалық жаттығулар сериясы арқылы ептілікке, күшке, иілгіштікке, шыдамдылыққа, тепе-теңдік сақтауға және корординацияға арналған ойындар ойнайды.
Бөлім оқушылардың аэробика мен қозғалмалы ойындар көмегімен тепе-теңдіктегі жаттығуларды, акробатикадағы гимнастикалық дағдыларын жетілдіруге көмектесетін жекелей, жұптық және топтық тапсырмалардың бірқатар қимыл әрекеттерін қамтиды.
Гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережесі:
денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайды;
гимнастикалық құрал-жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек;
жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды;
секіріп түсетін орынға гимнастикалық төсеніш (маты) төсеу қажет;
спорт жабдықтарынан (ат бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек;
бірінің артынан бірі жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау барысында арақашықтық қатаң сақталсын;
гимнастикалық құрал-жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттігін ұмытуға болмайды. Құрал-жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтардың бекітілуі мұқият тексерілсін;
арқан бойымен жоғарыдан төмен түскенде, екі қолмен ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек;
гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды;
гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.
Қыздырынуға бағытталған дене жаттығулары
Акробатика сабақтарының алдында барлық дене бұлшық еттерін жақсы созу керек, бұл ширатуды қамтиды.
Оқушылар созылуға арналған жаттығулар кешенін орындайды.
Құрал жабдықпен орындалатын жаттығулар
Оқу материалдарына сілтеме https://works.doklad.ru/view/1Zj7MKqOHM4/all.html
Денені қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Денсаулықты күту бізге не береді?
Оқушының дене дайындық формасы дамиды, қозғалыс үйлесімділігі пайда болады;
Денсаулықты күту, таң ертеңгілік жаттығу орындау деген сияқты түсініктер игеріледі;
Оқушы ішкі эмоцияларын жаттығумен нақты жеткізуге үйрененеді, шығармашылық белсенділік артады;
Енжар оқушылардың ортақ жұмыс арқылы ашылуына көмектеседі;
Жас ағзаның жазылып, еркін қозғалу мүмкіндігін сынайды;
Денсаулыққа деген махаббат тәрбиеленеді;
Қозғалыс қабілеттерін дамытуға, жетілдіруге қалыптастырады
Күтілетін нәтиже:
Негізгі қозғалыс жаттығуларын меңгеру;
Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;
Әлемдік мәдени құндылықтарды білу, ұлттық мәдени құндылықтарды қастерлейтін азаматтар тәрбиелеу;
Дене жаттығулары мен денсаулықты күту қызығушылықты ояту;
Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу;
Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін жауап бере алады
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- Оқушыларды үнемі мақтау сөздері арқылы бағалау;
Өзін өзі әділ бағалауға дағдыландыру;
Оқушыларды ынталандыру.
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру