Топта гимнастика жаттығулар тізбегін құру және бағалау. Дене шынықтыру, 9 сынып, презентация.
9 сынып
3 бөлім: 3-бөлім Гимнастика арқылы денені басқару дағдылары
Сабақтың тақырыбы:
Топта гимнастика жаттығулар тізбегін құру және бағалау
Оқу мақсаты:
9.2.2.1 Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді бағалау
Сабақ мақсаты:
Гимнастика жаттығуларындағы көшбасшылық дағдыларын және командада жұмыс істей біледі
Бағалау критерийлері:
- Қауіпсіздік ережесін сақтайды, оқушылар мақсатқа қол жеткізуде өзінің және командалық жұмыстың маңызын түсінеді;
- Көшбасшылық дағдыларын бағалауды біледі;
- Команда құрамында бағалауды түсінеді.
Гимнастикалық жаттығулардың әсері:
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына:
- Дене жаттығулары;
- Гимнастика;
- Ойын;
- Туризм;
- Спорт;
- Табиғи фарторлар жатады.
Дене жаттығулары – бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерінің жұмысын дамытады.
Ойын – оқушыларды жылдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Ойын барысында оқушылар белсенді, тапқыр, ұйымшыл болуға дағдыланады.
Туризм – оқушыларды төзімділікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштіккке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт – оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және мральдік еріктік қасиетін дамытатын дене тәрбиесінің құралы
Дене тәрбиесінде маңызды құралдардың бірі –
табиғи факторлар. Оларға күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау жатады. Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді.
Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер.
Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш қуатының, сымбаттылығымен т.б адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығын дұрыс қалыптасуы. Жалпы, адамның адами болмысын қалыптастырады.
Бөлім мен тақырыпқа қысқаша шолу
Бұл бөлімде оқушылар гимнастикалық жаттығулар сериясы арқылы ептілікке, күшке, иілгіштікке, шыдамдылыққа, тепе-теңдік сақтауға және корординацияға арналған ойындар ойнайды.
Бөлім оқушылардың аэробика мен қозғалмалы ойындар көмегімен тепе-теңдіктегі жаттығуларды, акробатикадағы гимнастикалық дағдыларын жетілдіруге көмектесетін жекелей, жұптық және топтық тапсырмалардың бірқатар қимыл әрекеттерін қамтиды.
Тақырыпқа сай, тапсырмалардың орындалуы.
Оқушыларға үйренген техникалық элементтерден акробатикалық композиция құру.
Тақырыпқа сай, тапсырмалардың орындалуы.
Гимнастикалық таяқшамен жаттығу түрлерін орындап көрсету.
Әр оқушы өзіне қалаған құралмен жаттығулардың бірнеше түрлерін таныстыра отырып, көрсету. Құрал мен жұмыс жасау барысында ережені мұқият сақтау. Жаттығулардың орындалуы барысында икемділік, шеберлік дағдыларына мән беру. Мұғалім тарапынан бақылау, бағалау жүргізу.
Денені қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Денсаулықты күту бізге не береді?
Оқушының дене дайындық формасы дамиды, қозғалыс үйлесімділігі пайда болады;
Денсаулықты күту, таң ертеңгілік, гимнастикалық, фитнес жаттығу орындау деген сияқты түсініктер игеріледі;
Оқушы ішкі эмоцияларын жаттығумен нақты жеткізуге үйрененеді, шығармашылық белсенділік артады;
Енжар оқушылардың ортақ жұмыс арқылы ашылуына көмектеседі;
Жас ағзаның жазылып, еркін қозғалу мүмкіндігін сынайды;
Денсаулыққа деген махаббат тәрбиеленеді;
Қозғалыс қабілеттерін дамытуға, жетілдіруге қалыптастырады
Күтілетін нәтиже:
Негізгі қозғалыс жаттығуларын меңгеру;
Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;
Әлемдік мәдени құндылықтарды білу, ұлттық мәдени құндылықтарды қастерлейтін азаматтар тәрбиелеу;
Дене жаттығулары мен денсаулықты күту қызығушылықты ояту;
Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу;
Гимнастикалық, акробатикалық, фитнес, тепе-теңдік жаттығуларын игере алады.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру