Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 64 сабақ.
Сабақ тақырыбы
Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту
Оқу мақсаты
8.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу;
Бағалау критериі
-қауіпсіздік ережесін біледі;
- баскетбол ойыны кезінде рөлдерді көрсетеді және салыстыра алады;
- түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу
Алаңда сен жүгіру бағытын жиі өзгертесің, жылдам да, жай да жүгіресің, сондай-ақ жиі тоқтап, қайта жүгіресің.Егер шапшаң тоқтау керек болса, секіру арқылы бір аяқпен итеріліп, екі аяқпен бірден түсу керек. Егер қатты жүгіріп келе жатсаң, секіріп жаныңа бұрыл.
Дұрыс жүгіріп, тоқтай білуің керек..
Сондай-ақ қадам жасап та тоқтауға болады.Бұл тәсілмен тоқтағанда екі қадам жасауың керек.Бірінші қадамың қысқа, аздап жанға бұрылған болу керек.Соңғы қадамның алдындағы қадамың қысқа болып, бір жаныңа бұрылу керек. Аяққа сәл отырып,соңғы қадамыңды алшақ алып барып тоқтау
Дұрыс жүгіріп, тоқтай білуің керек .
Сен алаңда бәріне дайын тұруың керек: аяқ тізеден бүгіліп, бір аяғың жарты қадамға алға шығып, денең аздап алға шығыңқы тұрады.Алдыңа тура қара. Қолың төменде. Бұл баскетболшының негізгі тұрысы.
Баскетболшының негізгі тұрысы
Шабуылшы
Доп қолыңда тұрғанда көп әрекет жасай аласың: допты алып жүре аласың, әріптесіңе бересің, себетке лақтырасың.Сенің доппен жасаған әрекетің дұрыс тұрысыңа байланысты. Бұл тұрыс допсыз тұрысыңа ұқсайды. Допты алып жүргенде дұрыс әрекет жасау үшін,сен алаңда не болып жатырғанын байқауың керек.
Допсыз әректтер
Сен допсыз шабуылшысың.Саған әріптесің допты бергенін қалайсың. Ал әріптесің саған допты қорғаушы қарсыласыңнан құтылып, ашыққа шыққанда ғана бере алады.
Кері байланыс
Назарларыңызға рахмет !!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру