Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 16 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №16 сабақ

Сабақ тақырыбы: Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру

Оқу мақсаты:

8.1.1.1 арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету;

8.1.3.3 арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіру және көрсете білу;

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.

-ойын арқылы денсаулықты шыңдауды біледі.

-допты тордан асыру тәсілдерін орындайды

Ойын кезінде қауіпсіздік техникасын еске салыңыз..

Оқушылардың дайындық бөлімінде «Капитан» ойынын өткізіңіз.

Ойынның шарты кемеден топ болып, теңізге құламауы керек. Капитан пәрмен беріп тұрады.

Капитан, капитан, ......!

Капитан: 1 адамнан рафт беріп жүреді;

Құтқарушы: 2 адамнан балон лақтырады;

Қайықта: 3 адамнан ескек еседі

Түскі ас: 4 адамнан тамақ жейді

Кемеде : 5 адамнан дөңгеленіп тұрады.

Сұраңыз: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Допты қабылдау кезінде төмендегі нұсқаулыққа көңіл бөліңіз.

Бастапқы жағдайда (БЖ) аяқтар тізеде бүгілген, қолдардың үлкен саусақтары қастардың деңгейінде орналасады. Сұқ және үлкен саусақтар үшбұрыш құрайды, одан ойыншы жақындаған допты бақылайды.

Қолдың саусақтары біріктірілген, сопақ қалпы бар, және тиімді қозғалыста өзінше ожау құрайды.

Доп таянғанда аяқ тізеден бүгіледі, және денені жоғары көтереді. Шамалыдан соң қол кіріседі – олар допқа ұшу бағытын береді, аяқ тез және жылдам бүгіледі, ал қол доптың ұшуын қамтамасыз етіп, жай бүгіледі.Қолдың саусақтары бүгілу жағдайын сақтайды, онда алақан әрі қарай берудің бағытына перпендикуляр болады.

Допты ұру кезнде, үлкен саусаққа доптың амортизациясы бойынша негізгі салмақ түседі, сұқ саусақ білезік буынының негізгі бөлігі, ортаңғы аз мөлшерде, аты жоқ саусақ пен кіші саусақ ұшу бағытын реттеп, допты бр жақты бағытта ұстап қалады.

Доп ұшқаннан кейін қолды белгілеу қозғалыспен қоса аяқталғаннан толық тоқтағанға дейін ұсынылады.

Егер доп ұшу кезінде айналмаса немесе аз айналса (сағат тілі бойынша) — әрі қарай беру, дұрыс.

  • Тіреліп тұрып, артқа қарай лақтыру жағдайы.

Артқа қарай лақтыруды, бір аяқ екінші аяқтан алға қарай тұру жағдайында орындаған дұрыс. Қолдар білезіктермен бастан жоғарыдай етіп қойылады. Ұру қозғалысында бірінші аяқтар түзеледі және ойыншы бір уақытта дененің кеуде кеуде және бел бөліктерінде еңкейеді. Содан кейін жұмысқа қолдар қосылады: олар шынтақ буында ашып көтереді. Әрі қарй берудің ұшу бұрышы, бииіктігі және бағыты белде еңкею мөлшерімен реттеледі.

  • Секіріп тұрып екі қолмен лақтыру – шабуыл, ұрыс үшін арналған секіру ретінде.

Ұшу барысында қолдар бастан жоғарыы шығарылады және де треліп тұрып лақтыру жағдайындағыдан гөрі биігірек, үлкен саусақтар бастың деңгейінде орналасады. Қарсы ұру қозғалысы қолдардың белсенді жұмысымен және дене мен аяқтың шамалы қозғалыстаымен сипатталады. Дененің жоғары нүктеге көтерілу жағдайында лақтыру аса тиімді болады.

  • Алаңдату әрекеттерімен лақтыру.

Бұның мәнісі – дайындық фаза бір техникалық амалдан, ал негізгісі – басқадан тұрады. Мұндай лақтырудың мысалы ретінде «лақтырып жберу» болады.

Дайындық фазада ойыншы екпін, сермеу – тура шабуыл ұрысты орындауға тән барлық әрекеттерді орындайды. Бірақ қол сермеу жағдайында белгіленбейді.

Ойыншы ұшудың жоғары нүктесіне жетп, денесін торға перпендикуляр бұрып, бір уақытта «ұратын» қолын басының артына түсіреді де басқа қолын секіріп тұрып лақтыру үшін бастапқы жағдайға көтереді.

Артқа қарай лақтыру кезнде алаңдату осылай орындалады. Ойыншы барлық өзінің түрімен алдыға қарай лақтыратынын көрсетеді, бірақ соңғы сәтте ол доп басынының үстінде болуы үшін доптың астына жылдам тұрады да, артқа қарай лақтыру техникасымен байланысты барлық қимыл-қозғалыстарды орындайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу