Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 15 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №15 сабақ
Оқушыларға пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».
Сұраңыз: Сіздер үшін қозғалмалы ойындар арқылы денсаулықты шыңдау нені білдіреді деп сұрақ қояды.
Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Күтілетін нәтижелер
- қауіпсіздік ережесін біледі.
-ойын арқылы денсаулықты шыңдауды біледі.
-арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді;
Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.
«Ең зейінді» стратегиясын қолданыңыз.
Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады. Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді.
Сұраңыз: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?
Тапсырмамен түрлендіру: оқушылар қабілеті нашар болса, кері лақтырмас бұрыс қағып ала алады. Допты ырғудан бұрын қайтару жақсы шабуыл тактикасы екенін айтыңыз. Бұл жаттығуда қандай өзге шабуыл тактикаларын қолдандың? Қабілеті жоғары оқушылар үшін ойыншы лақтырудан бұрын екі адымнан артық жасай алмайтыны, бірақ допты жібергенде секіруге болатыны туралы ереже енгізіңіз. Бұл сәйкесінше жұптар арасында жұмсақ ұру қимылдарына айнала алады. Бұл ойында қандай тактиканы қолдандың? Кеңістік біреу болды, бірақ сен өзгелерді шабуылшы / қорғаушы ретінде қолдана алдың ба?
Ойын техникасы – жарыс нәтижелерін қамтамасыз ететін арнайы амалдар мен орындайтын тәсілдер: тұрыс және ауыстыру, беру, беруден допты алу, шабуыл ұрыс үшін беру, шабуыл ұрыстар мен жалған әрекеттер, блоктау, алаңның түбнде шабуыл ұрыстар мен жалған әрекеттерден допты алу, шабуыл ойыншыларын және қорғаныста серктестерді сақтандыру.
Негізгі техникалық амалдарды ерекшелейді: беру, әрі қарай беру, шабуыл ұрыс, беруден допты қабылдау, болктау, және әртүрлі ойын жағдайларында негізгі амалдардың орындауын қамтамасыз ететін немесе олардың құрамдас бөлігі болып табылатын (секіруде, құлауда, төмен немесе жоғары тұруда, әрі қарай беру, секіруде беру, жүгіру ұмтылысынан секірудегі шабуыл ұрыс) қосымша (ауыстыру, тұрыс, секірулер, құлау).
Шабуыл ұрыстарға арналған әрі қарай берулер.
Шабуыл ұрыстарға арналған әрі қарай берулер шалғайлық, доптың ұшу бағыты, траектория және жылдамдық бойынша бөлінеді.
Шалғайлық бойынша допты әрі қарай берулер бөлінеді:
— тар – бр зона аралығында;
— орташа – бір зонадан келесіге;
— кең – зона арқылы.
Доптық ұшу бағыты бойынша әрі қарай берулер айрықшаланады:
— тігінен: торға параллель;
— көлденең – торға қарай 90 градусқа жақын немесе тең бұрышпен;
— диагональ – торға қарай үшкірлі бұрышпен (алаң түбінен әрі қарай берулер де жатады).
Доптың ұшу траекториясы бойынша әрі қарай берулерді айрықшалайды:
— төмен – ұшу биіктігі тор деңгейнен 0,5 м дейін;
— орташа – ұшу биіктігі тор деңгейінен 1,5 м дейін;
— биік — ұшу биіктігі тор деңгейінен 2 м дейін;
Доптың ұшу жылдамдығы бойынша әрі қарай беру түрлері айрықшаланады:
— өлшелінген – мұнда допқа минималды жылдамдық және де шұғыл траектория беріледі;
— жартылай өлшемделген – жоғары жылдамдықпен және жазық траекториямен;
— өлшемделген – тордың жоғарғы шетінен шабуылшы үшн белглі максималды жылдамдылығымен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру