Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 18 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық № 18 сабақ 2 нұсқа

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.

-ойын арқылы денсаулықты шыңдауды біледі.

-допты тордан асыру тәсілдерін орындайды

Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

(П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Тапсырма бойынша ойынды әр ойнаған сайын қарастырыңыз. Сұраңыз: бұл ойынды қалай дамытуға болады? Команда ойыншылары ретінде не істей аламыз? Біреу ойын тәртібін немесе нұсқаулығын айта алады ма? Біз командалық ойында қарым-қатынас дағдысын қалай жақсарта аламыз?

Сұраңыз: осы ойынды қалай оңай неемсе қиын бола алады? (мысалы, add қорғаушыларды қосу, кеңістікті азайту/көбейту, пасс түрлері, топ арасында бәсекелестік, допты шайбаға және таяқшаға ауыстыру ). Оқушылардан бір екі өзгертулер енгізіп қайта ойнауларын сұраңыз.

Сұраңыз: ойын қалай өзгерді? Оңай болды ма? Қиындады ма? Қызығырақ болды ма? Жақсы пасс үшін не керек? Жақсы қабылдау үшін не керек?

Шеңбердегі ойыншылар бір-бірімен уақытқа ойнаулары мүмкін. Оқушылардың допты алып жүруін қадағалап отырыңыз. Ойыншылар шеңберде сырттағы оыншыны ынталандырып, оның қимылынан өздеріне тәжірибе алып, жаттықтырушылық рөлде ойыншыға дұрыс допты жүргізу әдістерін айтады. Сұраңыз: бізде доп болмаған жағдайда біз осы шараға қатыса аламыз ба?

Тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға өзара бағалау жүргізуді ұсыныңыз.

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Суретке қарап қандай тактикалық әрекет орындағанын атаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу