Снарядтағы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 7 сабақ.


Сабақ тақырыбы:

Снарядтағы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы

8.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу;

Бағалау критерииі

кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтайды.

снарядта орындалатын жаттығулар жинағын көрсетеді және бағалай біледі.

Бейне көрсетілім көрсету

Акробатикалық жаттығуларға сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=G38vw9xLZ6E

«ҮКІ» ойыны

Дайындық. Ойыншылар арасынан «Үкі» таңдалады. Ойыншылар – «Дала тышқандары» барлық зал қабырғаларында «інде» жайылады. Үкінің «Ұясы» ойын алаңының шетінде орналасады. «Үкі» өзінің ұясында.

Бейнелеу.Ұстаз «Күн!» деп айтады. Барлық тышқандар залдың ортасына жүгіріп шығады: жүгіреді, секіреді. «Үкі» ұясында ұйықтап отырады. Ұстаз «Түн!» деп айтады. Барлық тышқандар орындарында қатып қалады, ал «Үкі» оянады, аң аулауға шығады және ойыншылардың қайсысы қозғалғандығын бақылайды. Егер «Үкі» тышқандардың қозғалғандығын байқап қалса, оларды өз ұясына әкетеді. «Үкі» ұстаз «Күн!» деген бұйрық бергенше тышқандарды аулайды. «Күн!» белгісі берілгенде «Үкі» өз ұясына ұшып кетеді. Ал ұсталмаған тышқандар «Түн!» деген белгі берілгенше жүгіреді. Ұяда 3-5 тышқан ұсталса, жаңа «Үкі» тағайындалады. Осылай бірнеше рет ойналады. Соңында бір де бір ұсталмаған тышқан және басқаларға қарағанда тышқандарды тез арада ұстаған, өте байқампаз «Үкі» аталып өтеді.

Топтық тапсырма

Әртүрлі биіктіктегі арыста

1.Тартыла секіріп, аяқты ашып міну.

2.Шалқаю

3.Қолын арыстан ұстап жабдықтың үстінде отыру.

4.Қарлығаш жасау.

5.Бұрыш жасап

6.90о-қа айналып секіріп түсу, жаттығуларын жетілдіру.

Акробатикалық жаттығулар

1.Алға домалау

2.Көпір жасау.

3.Артқа домалау

4.Жауырынға тұру.

5.Аяқты басынан асыра жерге тигізіп, алқанын жерге қою.

6.Жарты шпагатқа келіп отыру жаттығуларын жетілдіру.

Дескриптар

1 топ

- арыста тартылу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды

- арыста денені шалқайтып тұра алады.

-арыста түрлі жаттығу орындайды.

2 топ

-алға домалау жаттығуын орындайды.

-артқа домалап жауырынға тұрады

- көпірше жасай алады

«Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу