Ағзаның бейімділік қабілеттерін дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 96 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық
8 бөлім: Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту
Сабақтың тақырыбы: Ағзаның бейімділік қабілеттерін дамыту
Оқу мақсаты: 6.2.5.1. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын ұсыну
Сабақтың мақсаты: Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсынуға үйрету
- Сабақтың басы.
Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.
- Сабақтың ортасы.
Білім алушылар жеңіл атлетикамен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады
ОҚУШЫЛАРҒА СПОРТ ЗАЛЫНДАҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУ
I.Жалпы қауіпсіздік ережелері
1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.
2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.
3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.
4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды.
5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы, тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).
6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.
7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:
-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану);
-ҚТ сақтамаудан (қолдарды, буындарды жарақаттау, соғып алу);
-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.
8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.
II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары
1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.
2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.
3.Спорт залына сабырмен, асықпай, тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.
4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.
5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.
6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.
7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.
III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.
2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.
3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.
4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.
5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.
6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.
7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.
8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.
9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.
IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.
2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.
3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.
V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары
1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.
2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.
3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.
4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.
Жеңіл атлетика
- Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.
- Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
- Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
- Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
- Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.
- Спорт құралдарын (граната, диск, найза т.б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.
- Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.
- Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
- Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
- Жауын-шашында күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.
(Т, Ж, ҚБ) Ойынның алдында ойынның ережесі мен қауіпсіздік ережелері таныстырылады. Білім алушылар бір тізбекке тұрады. Әр ойыншы алдағы тұрғанның белінен ұстайды. Бірінші ойыншы – «басы», ал соңғы ойыншы «құйрығы». Мұғалімнің белгісі бойынша «басы» «құйрығына» қуып жетуге тырысады, ал құйрығы қолын үзбей, ұстатпауға тырысады. Егер ұсталса, екі ойыншы да өздерінің командаларының басына барып ауысады, ал басы мен құйрығы келесі ойыншылар болады. Келісілген уақыттан кейін командалар орындарымен ауысады.
(С, Ж,ҚБ) Білім алушыларға төменгі сөренің орындалу техникасы көрсетіліп түсіндіріледі.
Осыдан кейін олар тапсырманы практика жүзінде орындайды.
Білім алушылар үйренген әдіс бойынша төменгі сөреден шығып жүгіреді. Жүгіру уақытында және өз кезектерін күтіп тұрғанда қауіпсіздік ережелері толығымен сақталады. Мұғалімнің «Сөреге!», «Дайындал!», «Жүгір!» белгісі бойынша оқушылар 4 адамнан кезекпен жүгіріп шығады. Тапсырма әр оқушы 3-4 рет қайталап орындағанша жалғасады.
Жүгірудің пайдасы
Жаздың жайма шуақ күндерінде жүгіріп, денсаулығыңызды түзетіп алыңыз. Себебі, жүгіру көңіл күйді көтеріп, артық салмақ пен ұйқысыздықпен күресуге жол береді. Күнделікті таңертең көше не саябақ ішіндегі жолдың бойымен жүгіріңіз. Егер де жүгіруге ерініп, оның орнына жылы төсекті құп көрсеңіз, сіздің күш-жігеріңіздің деңгейі өте төмен. Ал жүгіру болса, сізге күш беріп, рухтандырады. Жүгірудің арқасында бойыңыздағы жалқаулық, жауапсыздық сияқты қасиеттерден арыласыз. Сәйкесінше, сенімділік, шыдамдылық сияқты қасиеттерді бойыңызға сіңіресіз. Басыңызға қиындықтар түсіп, сәтсіздікке ұшырасаңыз, жүгіріңіз! Себебі, жүгірген кезде адам бойындағы барлық жағымсыз ойлардан арылады. Сондай-ақ, жүгірудің арқасында көңіліңіз көтеріліп, талай мәселелердің шешімін таба аласыз. Жүгіру арқылы басқа жандармен танысып, достарыңыздың қатарын кеңейтесіз. Сондай-ақ, көптен бері кездеспей, сырласа алмаған құрбыңызға бірге жүгіруді ұсынып, дидарласыңыз. Жүгірудің басты пайдасы - денсаулықты түзету. Ұзақ ғұмыр кешем десеңіз, жүгіріңіз. Жүгіру иммунитетті көтеріп, жүрек қан тамырларының жұмысын жақсартады. Сондай-ақ, ұйқысыздықтан арылып, арықтауға жол береді. Жүгірудің алдында 1 сағат бұрын 1 кесе ыстық шәй не 1 стакан айран ішіп, алма я банан жеп алыңыз. Ал жүгіріп болғаннан кейін жаттығулар жасаған абзал. Күн сайын жүгірудің уақытын көбейтіңіз. Жүгірген кезде жеңіл әрі ыңғайлы киім киіп, ыңғайлы аяқ киім таңдаңыз. Егер де жүгірген кезде өзіңізді нашар сезінсеңіз, демалып, күш жинаңыз. Екі-үш күндік үзілістен кейін жүгіруді қайта қолға алыңыз. Ауа-райы нашарлап, жаңбыр я қар жауған кезде жүгіруге болады. Бірақ та, аяздан қорықсаңыз, жаттығу залына жазылыңыз.
- Сабақтың соңы.
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.
Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.
Ресурстар: Үлкен бос кеңістік. Фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:http://osh92.ru/publ/4-1-0-126 https://www.youtube.com/watch?v=s2iFz4CD_7s https://www.youtube.com/watch?v=WAX97LbQfYI Төменгі сөренің орындалу техникасы интернет ресурстарына сілтеме:http://msuathletics.ru/books/sprint/sprint_technique.html https://www.youtube.com/watch?v=L6bi7k_3gz0 Қозғалмалы ойындар интернет ресурстарына сілтеме:https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id=135 https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej http://pedsovet.su/dosug/podvizhnye_igry_dlya_detey
Жүгірудің пайдасы:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру