Әр снарядтарды лақтыру. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 10 сабақ.


1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

Оқу мақсаты:

6.1.2.1. Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындау

Сабақтың тақырыбы:

Әр снарядтарды лақтыру

Сабақтың мақсаттары:

Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындауды үйрету

Бағалау критерийлері :

Снарядтарды лақтыруға арналған түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын және кейбір жаттығулардағы реттілігін құрастырады және орындайды;

Кіші допты лақтыру кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды.

Дескрипторлар:

Кіші допты лақтырудағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын

және жаттығулардағы реттілігін құрастырады;

Снарядты лақтыруға арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;

Лақтыру техникасын дұрыс орындайды.

Тілдік мақсаттар

Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.

Мыналарды қамтиды:

арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттері

лақтыру

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Лақтыру техникасын қалай жетілдіруге болады?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Бастапқы білім:

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

Тапсырманың мазмұны:

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. Осыдан кейін кіші допты лақтыру кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен техникасының орындалуы түсіндіріліп, көрсетіледі.

Үйренген әдіс бойынша оқушылар екі топқа бөлініп, алаңның екі шетіне орналасады. Өздерінің саптарындағы оқушылармен арақашықтықтары 3м, ал қарама қарсы тұрғандарынан 15-20м арақашықтықта орналасады да, мұғалімнің белгісі бойынша доп лақтыруды орындайды. Тапсырманы орындар болған соң талдау жүргізіледі.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Кіші допты лақтырудағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және жаттығулардағы реттілігін құрастырады;

- Кіші допты лақтыру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Допты дұрыс ұстайды: үш саусақпен (бас бармақ, сұқ саусақ, ортан терек.) Аяқ иық деңгейінде, дене салмағы аяқтың ұшына түскен;

-Доп ұстаған қол иықтың алдында, шынтақ буынында бүгулі, ал екінші қол төмен түскен қалыпта;

- Жүгіріп екі адым жасағаннан кейін лақтыратын қолын артқа түзу созып, лақтыру сызығына жақындайды;

- Аяқты қайшылау әдісін дұрыс орындайды. Оң аяғын бүгіп оң жамбасын сол жақ алға бұрады.

- «Керілген садақ» әдісін дұрыс орындайды. Денені бұрып, соңғы күш салуды дұрыс орындайды.

- Допты лақтырғаннан кейін белгі сызығын баспайды.

 Сұраңыз: Кіші допты лақтырудағы қимыл-қозғалыс реттілігін қандай? Допты лақтыру кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Рефлексия

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап,

рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады.

Үйге тапсырма:

Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсері.

Рефлексия

"Бағдаршам" әдісі бойынша кері байланыс

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Бағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігін

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік. ойын алаңы, ысқырық, өлшеуіш, конустар.

Снарядтарды лақтыру кезіндегі қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=DPdxWZfsr7s

Ойындарға сілтеме:

http://bmsi.ru/doc/548d197a-e862-49b2-8938-9781a5b6dfb7

Кіші допты лақтыру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=3sPBOU-Cxfc

Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу