![]() |
|
![]() |
Қызықты ойындарды құру. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене
шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді
CАБАҚ ЖОСПАРЫ №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Бірлескен іс-әрекетті қажет ететін қызықты ойындар. | Мектеп: Алматы қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: ? | |||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Қызықты ойындарды құру. | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.2.6.6 Жарыс іс-әрекеттері және төрелік ету ережелерін білу | |||||
Сабақ мақсаттары | Жарыста төрелік ету ережелерін меңгеру және түсіну мен қолдану. | |||||
Жетістік критерийлері | Қызықты ойындардарға байланысты баламалы нұсқаларын анықтау және қолдана білу, бірлескен жұмыс арқылы бірқатар төрелік жасау сапасын дамыту жолдарын қарастыу. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушыларды пікірталас диалогтарға қатыстыру (мәселен, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін қажет лексикалық қормен қамтамасыз ету); | |||||
Құндылықтарды дарыту
| Олар сондай-ақ ойынға және басқа оқушыларды үйретуге арналған ережелер мен ұсыныстарды әзірлеп, өздерінің оқыту тапсырмаларын жасайды. Оқушылар командалық жұмыста сәтті болу үшін ынтымақтасу және араласу қажеттілігін ұғынуды бекіту үшін әртүрлі командалық ойындар арқылы өздерінің әлеуметтік дағдыларын дамытады. Отан сүйгіштік, тілге деген құрмет, патриотизм деген құндылықтарды қосып қойса жақсы болады деп ойлайм | |||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы. Өтпейді жаратылыс тану және басқа пәндермен байланыстыру керек | |||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану. | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сыныптардағы және мектептен тыс қызметтегі оқыту кезіндегі әртүрлі спорттық ойындардың нұсқаларын орындай алады деп күтілуде. | |||||
Сабақ барысы. | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 12-15 мин. | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. | Үлкен, бос кеңістік. Оқушылардың әр тобына арналған баскетбол шығыршықтары (бейімделгіш биіктігімен). Әр оқушыға арналған баскетбол добы, маркерлер, конустар. | ||||
Сабақтың ортасы 20-25 | Барлық ойыншылар екі командаға бөлінеді. Командалардың ішінде нөмірлер тәртібі бойынша саналу жүргізіледі. Командалардың әрбірінен тең қашықтықта бір доптан жатыр. Мұғалім еркін түрде ойыншының нөмірін атайды. Аталған нөмірлер жүгіріп шығады, доптарын көтереді және оны белгіленген сызыққа дейін жетелейді (оған дейінгі қашықтық екі команда үшін бірдей болуы керек), одан кейін кері бұрылып, допты жүргізумен бірге оралады және доптарын бастапқы қалпына қояды. Жеңімпаз өзінің командасына 1 ұпай әкеледі. Оқушылар «Соқыртеке» ойынын ойнайды (соқыр, жабайы «теке»). Бұл ойын ойынның барысында және одан кейін талқыланатын болатын тактиканы талап ететінін түсіндіріңіз. Оқушыларды үш топқа бөліңіз. Әрбір топта бір оқушыныңкөзі байланады (соқыр, жабайытеке). Осы топтағы қалған оқушылар олардың айналасына белгілі бір аумақта жиналады және көзі байланған ойыншыға тиісуге әрекет жасайды, бірақ ұсталынып қалмауы керек. Егер оқушы жүргізгішті ұстап алған болса, ол жаға жүргізгіш болады. Оқушылар тактиканы талқылау үшін, командада жұмыс істейотырып, әлеуметтік дағдыларын дамытады. Одан кейін олар, пайдаланған тактикасын, өздерін тиісуден қорғау үшін бейнелейді, ал «жүргізгіш» болса олардың еркін оқушыларды ұстап алу үшін қандай тактикасын пайдаланғандығын ойлауы керек. «соқыртеке» ойыны | Үлкен, бос кеңістік. Ойын алаңы, баскетбол доптары, бор
https://www.youtube.com/watch?v=nxrNR76AMXg (1.17 және 1.18 мин).
| ||||
Сабақтың соңы 3-5мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім спорттық ойындарды ойнаған кезде, әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойындарға балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын бақылау. | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, спорттық ойындарды жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету. Қозғалыс үйлесімділігіне назар аудару, көңіл бөлу. | Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Ойындар арқылы қозғалыс сапасын артыру. Белсенді қимыл-қозғалыс, тапсырмаларды сапалы орындауларына назар аудару. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. | Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023