Доппен түрлендірілген ойындар. Дене шынықтыру, 4 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Қарым-қатынас орнату үшін ойындар.

Ортақ тақырып: Ғарышқа саяхат.

IV-тоқсан

Күні:

Мектеп:

Сынып: 4

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы:

Доппен түрлендірілген ойындар.

Оқу мақсаты

4.1.6.1 жаттығулардың әр түрін орындау кезінде тәуекелдерді қысқарту және туындайтын қиындықтарды еңсеру қабілеттілігін көрсетіп, орындалатын жаттығулардың күрделілігінің деңгейін тани білу.

Сабақ мақсаттары

Қарым-қатынас ойындарында доппен түрлендірілген ойындарды құрастыру және тәуекелдерді, туындайтын қиындықтарды еңсеру, күрделі жаттығулардың орындалуын жүйелендіру, орындау.

Бағалау критерийі

Қарым-қатынас ойындарында тәуекелдерді, туындайтын қиындықтарды анықтайды, еңсеру қабілеттілігін көрсетеді және күрделілі жаттығулардың орындалуын пысықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқудың тілдік мақсаты. Білім алушылар:

  • Допты иелену, өрнекті қимылдар.

Пәндік лексика және терминология. Мыналарды қамтиды:

  • Допты тоқтату;
  • Кеңістікті елестету;
  • Допты ұстау, қадағалау.

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ойын алаңында орын ауыстыру тактикасын өзгертудің қажеттілігі неде?

Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салтына дағдылануды жоспарлы орындау, дене шынықтыру компоненті ретінде ұстану, білім мен түсінік қалыптастыруға бірегей мүмкіндік беру.

Пән аралық байланыс

Қазақ тілі, дүние тану.

АКТ қолдану дағдылары

Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану;

Қозғалмалы ойындар интернет ресурсына сілтеме: https://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D1%81_%D0%BC%D1%8F%D1%87%D0%BE%D0%BC

Бастапқы білім

Бұл бөлімде оқушылар спорттық ойындардың элементтерін үйренеді және тиімді ойын үшін тактикалық әдіс дағдыларын дамытады.

Жоспарлардағы әрекеттер

С = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ҚБ = қалыптастырушы бағалау Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақ кезендері

Сабақтағы іс-әрекеттер

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 минут

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.

Білім алушыларды қатарға тұрғызу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақтың оқу мақсатын және сабақ мақсатын түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.

Мұғалімді мұқият тыңдау.

Қатардағы жаттығулар . Оңға бұрылу. Солға бұрылу. Бір қатардан екі қатарға тұру. Екі қатардан бір қатарға тұру. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Оңға бұрылып оң иық алға жүру. Жүрісті сол аяқтан бастауларына көңіл аудару.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. 1.Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен. Алақан бір-біріне қарайды, шынтақ түзу. 2.Қол желкеде, өкшемен жүру. Кеуде түзу, шынтақтардың арасын ашу.3. Қол белде, табанның сыртымен, ішімен жүру. Тізе түзу, басты тік ұстау.4. Қол белде, жартылай отырып жүру. Кеуде түзу, басты тік ұстау.5. Қол тізеде, толық отырып жүру. Кеудені көтеріп, асықпай қозғалу. Аяқтарды сілкіп, босаңсытып қалыпқа келтіру.

Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. 1.Қол белде, оң бүйірмен тіркеме адыммен.2. Қол белде, сол бүйірмен тіркеме адыммен .3. Арқамен алдыға жүгіру. Сол иықтан алдыға қарау.Тұра жүгіру. 4.Тізені жоғары көтеріп жүгіру. Қол алдыда. 5.Аяқты артқа бүгіп, сермей жүгіру. Қол артта. 6.Аяқты алдыға сермеп жүгіру. Қол белде. Тізені түзу ұстау. 7.Аяқты түзу артқа сермеу. Қол желкеде. 8. Оң бүйірмен қайшылап адымдау. 9.Сол бүйірмен қайшылып адымдау. Қолды еркін ұстау.10.Оң аяқпен секіру. 11.Сол аяқпен секіру. Тура және ирелеңдеп, бағыт өзгертіп жүгіру. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Қолды жоғары көтеріп тынысты ішке алып, төмен түсіріп тынысты сыртқа шығару.

Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Гимнастикалық таяқшамен жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. 1. Таяқшаның екі ұшыннан ұстап жоғары көтеріп оңға, солға жантаю. Шынтақты түзу ұстау. 2.Таяқшаны алдыға созып жартылай және толық отыру жаттығулары. Кеудені түзу ұстау. 3. Таяқшаны желкеге, белге қойып оңға, солға бұрылу. Өкшені қозғамау. 4. Таяқшаны жоғары көтеру, төмен еңкейю, қолды алдыға созып отыру, тұру.5. Таяқшадан аттап өтіп, қолды жібермей арқадан айналдырып әкелу.

Допты игеру жаттығулары.

Допты игеру дағдыларын дамыту ойындарда доппен әр-түрлі техникалық амал тәсілдерді және техникалық әрекеттерді құруға арналған жаттығуларды қайталату. Доппен орындалатын жаттығуларды пайдалану.

Үлкен, бос ойын кеңістігі.

Мұғалімге ысқырық, секундомер.

Гимнастикалықтаяқшалар, доптар, орындықтар.

Сабақтың ортасы

25 минут

(С,Тәж) «Футбол добымен теннис ойнау». Ойын алаңының көлемі ойыншылар санына сәйкес анықталады. Бір-бірден ойнаған кезде алаң 10х 5 метрден аспауы тиіс. Төрт-төрттен ойнаған кезде алаң 20х10 метр болғаны дұрыс. Шамамен 1-1,5 метр биіктікте тартылған арқан ойын алаңын екіге бөледі. Әр топ допты қарсылас жағына, екіншілері оны қайтарып бере алмайтындай етіп, өткізуге тырысады. Доп арқанның үстімен өтсе немесе оны тиіп кетсе, сонымен қатар алаңның шектерінен шығып кетсе, онда қателік жасалынды деп есептелінеді. Допты беру артқы сызықтан аяқты көтеру арқылы жүзеге асырылады. Әр қателік жасаған кезде топ бір ұпайға жеңіледі. Ойын 20 ұпай жиналмағанша жалғасады. Егер топтың біреуінде 20 жеңілген ұпай, ал екіншісінде 19 ұпай болса, онда ойын бір топ екі ұпайға артық жинамағанға дейін жалғаса береді.

,Т,ҚБ) «Корей мергені» - бұл қарапайым «ұрдажық» ойынының бір түрі. Айырмашылығы ойыншылардың саны мен тұру қалпында (ойында кем дегенде 15 адам, жақсысы барлық сынып қатысуы керек). Ойыншылар екі топқа бөлінеді (санау арқылы немесе келісіп). Әр командада "мерген" таңдалады, қалғандары қарапайым ойыншы болады. Барлығы келесі жолмен тұрады:

Егер оқушыны қағып жіберсе, ол ойыннан шықпайды, алаңның бүйір жақ сызғына өтеді (әр жақтан теңдей етіп), қарсыласының командасы тұрған жерде тұрып, «мергенге» көмектесе бастайды. Капитан жалғыз өзі жақтау сызықта тұрады. Егер допты «ұшып бара жатқан» кезінде ұстап алса, доп осы командағы өтеді және олар өз «мергендеріне» лақтыра бастайды. Еденнен секіріп доппен қағылған ойыншы қағылған саналмайды, допты ұстап, қарсыласын ары қарай қаға алады. Ойын соңында ойыншылардың үлкен бөлігі өздерінің «мергендерінің» қасында алаңның арғы сызығында тұрады, ал қалғандары «атылған» болады.

Үлкен бос ойын кеңістігі.

Мұғалімге арналған ысқырық, футбол доптары, жіп, жіптерді байлауға арналған бағаналар.

Доптар, мұғалімнің ысқырығы, бос ойын кеңістігі

«Мерген» қозғалмалы ойынына сілтеме:

http://www.kis-brys.ru/t/343/l/0

Сабақтың соңы:

5 минут

Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында білім алушылармен рефлексия жүргізіледі: Доппен түрлендірілген ойындардағы тәуекелдерді, туындайтын қиындықтарды анықтайды және еңсеру амалдарына көзқарасын білдіреді. Білім алушылар таңдаған күрделілі деңгейлі жаттығуларды анықтап, оңтайлы және ыңғайлы қозғалыс дағдыларына әдістемелік нұсқаулық беру.

Үйге тапсырма

Доппен түрлендірілген жаттығуларды орындау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Доппен түрлендірілген ойындар бойынша жалпылау. Доппен түрлендірілген жаттығуларды жүйелей білуге негізделеді. Әр-түрлі тәуекелдерді, туындайтын қиындықтарды анықтау және еңсеру. Түрлі күрделенген жаттығулардың орындау, орындалу сапасын арттыруды көрсету.

Білім алушылардың ынталануы және ойындарға белсенді қатысуы. Тәуекелдерді, туындайтын қиындықтарды еңсерудегі белсенділік танытуы. Топтық доппен іс-әрекеттер құрастыру, орындау. Бірлескен қарым-қатынас ойындары барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар жүргізу.

Сабақ барысында ойында, бірлескен іс әрекетте, техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Тапсырмаларды, жаттығуларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған.

Білім алушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, қателерді түзету арқылы әр түрлі деңгейлі қозғалыс әрекеттердің орындалуына қол жеткізді.

Әр тапсырмаға, ойынға бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалардың орындалу нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыстың тиімділігін, техника ережесін назарда ұстау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген білім алушыларға доппен түрлендірілген ойындарды жүйелей білуге және үйлесімділігін, дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді, күрделенген жаттығуларға байланысты әдістер, қимыл-қозғалыстар қарастырылды.

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Топтық іс-әрекеттер жинағына, қозғалыс әрекеттердің шартына, ойынның мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Топтың, жұптың деңгейін, ынтымақтастық белсенділігін анықтау.

2: Әр-түрлі қозғалыс дағдыларында конструктивтік ұсыныстардың сақталуы. Өзін-өзі, дене өзгерістерін бақылау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Тапсырмалардың, ойындардың және жаттығулардың айырмашылығы, нұсқаларының күрделілігі.

2: Түрлі жүйелі жаттығулардың орындалу үйлесімділігі. Қозғалыстардың орындалу сапасын және мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Топтың белсенділігін, ынтымағын ұстану. Қарым-қатынас орнату үшін ойындарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Доппен түрлендірілген ойындарға және түрлі күрделенген жаттығулардың орындалуына байланысты сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту. Түрлі тәуекелдерді, туындайтын қиындықтарды еңсеруге қатысты сыни тұрғыдан көзқарасын білдіруге, көрсетуге мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу