Жұптық және топтық жұмыстардағы тапсырмалар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 57 сабақ.


№57 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Жұптық және топтық жұмыстардағы тапсырмалар.

Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.

Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.

Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Мұғалімнің қызметі оқушылыр жаттығулармен жұмыс жасау кезінде кемшіліктерді айтып, ескертіп, бағалап отыру керек.

Сабақтың негізгі бөлімінде сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Негізгі бөлім: «Жұптық және топтық жұмыстардағы тапсырмалар»

Оқу мақсатына жету үшін оқушыларға қимыл-қозғалыс ойындары арқылы жетуді түсіндіру. Оқушыларға ойналатын ойындардың ережесін түсіндіру. Қауіпсіздікті ескерту.

«Өз жағалауларына» ойынын ойнату.

Ойынға қатысушылар бірнеше топтарға бөлініп (5-6 адамнан) әрқайсысы дөңгелек құрайды. Әрбір шеңбердің түстері әртүрлі болады.

Ойынға барлық қатысушылар, кезекшілерден басқалар, белгі бойынша әр жаққа барып, залда беттерімен қабырғаға қарап тұрады, немесе көздерін жұмады. Осы уақытта кезекшілер шусыз орындарын ауыстырады. Басқарушы: «Барлығың өздеріңнің 9 жалауларына!» - деп бұйрық береді. Ойыншылар көздерін ашады да, өздерінің жалауларына қарай жүгіреді де, кезекшіні ортасына алады. Дөңгелекті ең бірінші құрған топ жеңіске жетеді.

«Үшіншісі артық» ойыны

Дайындық. Ойыншылар үлкен шеңбердің бойына жұптасып тұрады. Яғни, жұптар бір-бірінің алдына қатарласа тұрады. Әр жұптың ара қашықтығы 3-5 метр. Ойын басында бір жұпты таңдап, біреуін «қашқын», біреуін «қуғын» қылып сайлап алады.

Ойын ережесі. Мұғалімнің «баста» деген командасынан кейін «қашқын» шеңберді айналып қос аяқпен қашады. Ал, «қуғыншы» оны қуады. «Қашқын» шаршаған уақытта шеңбер бойында тұрған жұптың алдына келіп тұра қалса, артыңдағы ойыншы «қашқын» болып қашады. Егерде «қуғыншы» да шаршаса, олда осындай әрекет жасайды. «Қуғыншы» «қашқынды» ұстап алса, керісінше бірін-бірі қуады. Ойын барлық жұп қатысқанша жалғасады.

(суретегідей жұптарды орналастыру қажет)

Дискриптр:

1. Белгі берілгенде жүгіреді.

2. Шеңбердің сыртында ойыншылар қос аяқпен жүгіреді

3. Шеңбердің ішінде бір аяқпен секіріп жүгіреді.

Мұғалім әрекеті:

Ойын кезінде оқушыларды бақылап, кемшіліктерді айтады және оқушыларды өз тарапынан бағалайды. Оқушылардың қимыл-қозғалыстарының дағдылануын бағалау, бақылау. Оқушылардың қозғалыс координацияларының жетілуіне мақтау, мадақтау сөздер айтып, қызығушылықтарын ояту мен қатар икемділік, ептілік дағдыларын дамыту.

Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір ойыннан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.

Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.

Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.

Жұптық және топтық жұмыстардың мағыздылығы.

Жұптық жұмыста оқушы біріншіден, өз бетімен жұмыстанады,өзін –өзі бағалап, жақсы нәтижеге жетеді, екінші жағынан өзіне деген сенімділік қалыптасады, үшіншіден өз білімін өзі жетілдіреді, төртіншіден жолдастарынан қолдау көреді, бір-бірімен тығыз байланыста болады, Сабақ барысында оқушы жұмысын бағалау тек бағамен шектелмей, бір бірін мадақтауы, қолдау көрсетуі және білдірулері оқушының оқуға ынтасын көтерді деуге болады. Осы сабағымның соңында өзімнің алған жағымды әсерім- әр оқушының табыс өлшемімен өз- өзін бағалаудағы әділдігі ерекше болды.

Топтық жұмысты тиімді ұйымдастыруының шарттарының бірі-топты дұрыс іріктеу болып табылады. Топты іріктеуде екі белгіні негізге алуымыз керек: оқушылар арсындағы оңтайлы қарым қатынастары мен оқушының оқу жетістіктерінің деңгейі.

Оқушы санына байланысты топқа 5-6 оқушыдан іріктеледі. Топтық жұмысты бастамастан бұрын оқушылармен бірге топ ережелерін жасау керек. Мысалы топ ережелері төмендегідей болуы мүмкін:- Бірін-бірі тыңдау- Өзгенің пікірін сыйлау- Сөзін бөлмеу- Уақытқа бағыну- Шапшаңдық- Бәсекелестік- Бірлестік

Топпен жұмыс жасаудағы мұғалімнің қызметі: Мұғалім сабақты ұйымдастырушы және құрастырушысы. Ұжымдық  іс әрекеттің мүшесі.Өтілетін жұмыстың мақсатын түсіндіреді.•    Оқушыларды топқа бөледі.•    Топқа берген тапсырмаларға түсініктеме береді.•    Топтық жұмысты бақылайды.•    Олардың іс әрекетін белсендіреді.•    Оқушылардың топтық жұмысын бағалайды.•    Топтық жұмысқа қорытынды шығарады.•    Жіберілеген қателіктерге көңіл аударады.

Қорыта келе, топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талпынады. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады. Топтық жұмыс оқушы белсенділігін арттыруда үлкен жетістікке жеткізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу