Тепе-теңдікті дамытуға арналған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 38 сабақ.


№38 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар

Тепе-теңдіқ сақтау жаттығулар 

Тіректің  әртүрлі  жағдайында  тепе теңдігін  сақтау  білу  қабілеті күрделі,  бірақ  өмірде  манызды  дағды  болып  табылады.  Осы  міндет  балалық  шақ  жасынан  дами  бастайды,  6-7  жастағы  балалар  дененің  тік 

қалыппын еркін сақтай алады. Тепе-теңдік сақтау міндеттің табиғи дамуы 

мектеп  жасында  жалғасады,  ал  оны  жетілдіру  үшін  арнайы  жаттықтыру 

керек.

Тепе-теңдік  сақтау  жаттығулар  динамикалық,  қозғалу  кезінде  тепе-

теңдік  сақтау,  және  статикалық,  бір  орында  тұрып  тепе-теңдік  сақтау, 

және  де  аралас,  белгілі  қозғалыс  әрекеттерден  кейін  өз  қалпын  сақтау, 

түрлеріне бөлуге болады. 

Негізгі динамикалық жаттығуларға жатады: 

– жүру  түрлері(жай  жүру,  аяқ  ұшымен  ,  қырындап,  арқамен  адына 

қарап, тіркеме қадаммен, көзді жұмып, қолдың, дене және аяқтың әр түрлі  қозғалыстарын қоса жүру), 

– әртүрлі әдістермен жүгіріп өту, жүқ көтеріп жүру, 

– кедергілерден өту және т.б. 

Осы  жаттығулар  гимнастикалық  бөренеде  және  орындықтарда  жасауға  болады.  Тіректің  биіктігі  біртіндеп  көтеріледі   1  сыныпта  60  см  бастап,  жоғарғы  сыныптарда  110  см  дейін  көтеріледі.  Тосқауыл  ретінде  секіртпе, таяқтар және т.б. заттар пайдаланады. Жүк ретінде тығыздалған доптар пайдаланады.  Статикалық  жаттығуларға  екі  аяқтағы  әр  түрлі  тұрыстар,бір  аяқтағы  әр  түрлі  қалыптағы  тұрыстар  (бос  аяқ  алдына,  артқа  және  т.б.), шектелген  тіректе,  отыру,  жауырында,  білекте,  баспен  қолда,  қолмен  тік  тұрыстар жатады. 

Аралас  жаттығуларға  қозғалу  әрекеттен  кейін  тұрақты  статикалық  қалыпты  сақтау  керек  қылатын  жаттығулар  жатады.  Осы  топтың  ең сипатты  жаттығулар  әр  түрлі  секірулерден  кейін  жерге  қону  болып  табылады.  Дұрыс  және  тұрақты  жерге  қонуды  бастауыш  сыныптардан бастап  үйрету  керек.  Бастапқыда  оны  қарапайым  қозғалыс  әрекеттерден  (жоғары секіру, шамалы биіктіктен және т.б.) кейін үйретеді. Содан кейін 

біртіндеп, жерге қонудың алдындағы қозғалыс әрекеттер ұшу фазасындағы  әртүрлі  бұрылыстармен  және  қосымша  қимылдармен,  секіріп  түсудің биіктігін үлкейтумен және т.б. тапсырмалармен күрделендіреді.  Сонымен қатар, осы топқа әр түрлі бұрылыстар (екі және бір аяқта – сермеп,  секіріп  жасалатын  бұрылыстар),  еңкею  және  т.б.  қозғалыс 

әрекеттер  кейін  тұрақты  қалпын  сақтау  керек  қылатын  жаттығулар жатады.  Тепе-теңдік  сақтау  жаттығулар  ойын  түрінде  өткізуге  болады.  Мысалы, «әтештер соғысы» деген ойын. Тепе-теңдік  сақтау  жаттығулар  қолдану  кезінде  басшылыққа  келесі 

жалпы ережелер алу керек. 

Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:

Оқушылар мен өткен тақырыптарға шолу жасай отырып, сұрақ-жауап арқылы бүгінгі сабақты жетілдіру.

Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып тепе теңдік жаттығуларын қалай орындаймыз? Сұрақты еркін түрде талқылау.

Бүгінгі мақсатқа жету үшін тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар арқылы жету. Ойын шарттарын оқушыларға түсіндіріп, шағын топтарда ойын ойнату.

Оқушылар жұппен немесе шағын топтарда өздері ұсынған тепе-теңдікте тапсырмалар орындайды.

1 нұсқасы. Биіктігі 80 см дейінгі бөрененің үстімен, нығыздалған доптарды аттап өту арқылы жүру; допты лақтырып, қағып алу арқылы бөрененің үстінен жүріп өту; допты еденге ұрып, қағып алу арқылы гимнастикалық орындықпен жүріп өту; бір аяқпен бөренеге көлденең тұру, екіншісімен алға, жанына, артқа сермеу; бөренеге тігінен тұру, екіншісімен алға, жанына, артқа сермеу.

2 нұсқасы. Бөренеде алшақ адым жасап жүру; гимнастикалық орындықты аударып, үстінен жүру; гимнастикалық орындықтың табаны арқылы қолды, аяқты қимылы арқылы жүру. Гимнастикалық орындықты аударып, үстінен түрлі тапсырмаларды орындай жүру (жіпті аттап өту, допты лақтыру және қағып алу); бір тізені төмен түсіріп, қолдың көмегімен тұру; бір тізені төмен түсіріп, қолдың көмегінсіз тұру

Гимнастикалық бөрененің орнына гимнастикалық скамейкаларды пайдаланып, оқушыларды жекелей үстінен түрлі әдіспен жүргізу.

Келесі ойын:

Сынып төрт командаға бөлінеді. «Көпірдің ұстіндегі лақтар» ойынында оқушылар тапсырмалар орындайды. Оқушылар екі бөлек гимнастикалық орындықтардың үстіне бір-біріне қарама-қарсы тізбектерге тұрады. Олардың ортасында «көпір» -гимнастикалық орындық тұрады Әр команданың бір ойыншысы «көпірдің» үстімен бір-біріне қарсы келеді. Кездескеннен кейін «көпірден» құлап түспеуге тырысып, өтіп кету керек. Алғашқы жұп орындықты босатқаннан кейін, келесі ойыншылар шығады. Ойыншылар бір-біріне тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Ең тату жұптар анықталады.

Ойын ережесін түсініп ойнау. Бір-біріне көмектесуге, қолдау көрсетуге шақыру. Ойынды қорытындылау. Ең тату жұпты немесе топты анықтау.

Сабақтың қорытынды бөлімінде

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)

Қозғалмалы ойындар сайтына сілтеме:

http://www.gomelscouts.com/vyvedenie-iz-ravnovesiya-gimnastika.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу