Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 7 сабақ.
Сабақ тақырыбы: Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері
3 сынып
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы
қозғалыс әрекеттеріОқу мақсаттары:
3.1.2.2 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін білу және түсіну.
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
Әр түрлі қашықтыққа лақтыруды біледі.
Қашықтыққа бірнеше адым жасап келіп лақтыруды біледі.
Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлерін біледі.
Жүгіріс тура сызықпен 10-12 қадамнан аспайды.
Жүгіріс жылдамдықты үдетуден басталады.
Тым қатты жүгіруге болмайды. Себебі қатты жүгіріс лақтырғанда белгілі қиындықтар туғызады. Лақтыру сызығына жақындағанда қолды жазып артқа жібереміз. Кеуде оңға бұрылады. Сол жақ аяқ сызықтан аспай жартылай бүгіліп кеп жерге тиеді. Сол аяқты сызығынан асырмай қойып, денеміз оң жаққа бұрылған күйі сәл артқа шалқайып сол қол жылдам артқа кетеді де допты ұстаған қол иықтан және бастан асып допты барынша қатты лақтырады.
Серпілу (жерден көтерілу)
Серпілуді мүмкіндігінше тез жасау керек.Серпілетін аяқтың барлық буындары бүгіліп салмақтың екпін күшімен секіруші тік қалыпқа келуі керек.
Самғау (ұшу немес қалықтау)
Көтерілу кезінде сілтенетін аяқ жоғары көтерілген жамбаспен бірге алға қарай сілтеніп,серпілетін аяқ артта қалады.
Жерге түсу
Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері
Тапсырма
«Секіруден кейін секіру» ойыны.
Ойыншылар екі тең командаға бөлініп, екі ойыншыдан колоннада тұрады. Екі команда біріне - бірі параллель 2 м. қашықта орналасады. Ойыншылардың барлық жұбы қысқа секіргішті 50-60 см. Қашықтықта еденнен жоғары көтеріп ұстайды. Әр жұптың арақашықтығы 1 м. Жетекшінің белгісі бойынша әр жұп секіргіштерін жерге қойып, бірі колоннаның оң жағымен, екіншісі сол жағымен колоннаның екінші жақ шетіне дейін жүгіріп жетеді. Ал, кері қарай колонна бойындағы ойыншылардын секіргіштерінің бәрінен секіріп өтеді. Орындарына жеткен соң жердегі секіргіштерін алып 50-60 см. Биіктікте көтеріп тартып ұстап тұрады. Қайтып келген ойыншылар секіргіштерін көтерген бойда, екінші жұп ойынды осы түрде жалғастырады. Қай команда бірінші бітірсе, сол жеңеді.
Ережесі.
1.Екінші жұп ойынды алдыңғы жұп секіргішін көтерген кезде жалғастырады.
2. Ойыншылар колоннаның екі жағынан жүгіреді.
3. Секіргіштен екі ойыншы қатар немесе бірінен кейін бірі секіруге болады.
4. Секіргішті жерге қоюға болмайды, оларды 50-60 см. Биіктікте көтеріп тұруы тиіс. Қателескендері үшін айып ұпайлар есептеледі.
Дескриптор:
«Секіруден кейін секіру» ойыны.
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Сабақты қорытындылау.
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру