Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 9 сабақ.
Сабақ тақырыбы: Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері
3 сынып
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы
қозғалыс әрекеттеріОқу мақсаттары:
3.1.2.2 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін білу және түсіну.
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
Әр түрлі қашықтыққа лақтыруды біледі.
Қашықтыққа бірнеше адым жасап келіп лақтыруды біледі.
Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлерін біледі.
Жүгіріс тура сызықпен 10-12 қадамнан аспайды.
Жүгіріс жылдамдықты үдетуден басталады.
Тым қатты жүгіруге болмайды. Себебі қатты жүгіріс лақтырғанда белгілі қиындықтар туғызады. Лақтыру сызығына жақындағанда қолды жазып артқа жібереміз. Кеуде оңға бұрылады. Сол жақ аяқ сызықтан аспай жартылай бүгіліп кеп жерге тиеді. Сол аяқты сызығынан асырмай қойып, денеміз оң жаққа бұрылған күйі сәл артқа шалқайып сол қол жылдам артқа кетеді де допты ұстаған қол иықтан және бастан асып допты барынша қатты лақтырады.
Серпілу (жерден көтерілу)
Серпілуді мүмкіндігінше тез жасау керек.Серпілетін аяқтың барлық буындары бүгіліп салмақтың екпін күшімен секіруші тік қалыпқа келуі керек.
Самғау (ұшу немес қалықтау)
Көтерілу кезінде сілтенетін аяқ жоғары көтерілген жамбаспен бірге алға қарай сілтеніп,серпілетін аяқ артта қалады.
Жерге түсу
Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері
Тапсырма
Ойынның алдында сыныпты 5-7 оқушыдан бірнеше командаға бөліңіз. Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, шынжыр құрайды. Шынжырдың алдында «жүргізуші» тұрады. Ол барлық оқушыларды соңынан ертіп жүгіреді. Жүгіру кезінде ойын алаңында шұғыл бұрылыстар жасап, кедергілерден секіріп өтіп, түрлі пішіндерді көрсетеді. Қалып қойған ойыншылар ойыннан шығады. Ойыншылар жылан үзілмеу үшін бір-бірінің қолдарынан немесе белдерінен (киімдерінен емес) мықтап ұстайды. Ойыншылар «жүргізушінің» қимыл-қозғалысын қайталау қажет. «Жүргізушіге» тез жүгіруге болмайды. Ойынның нұсқасы: «Жүргізушінің» белгісі бойынша жан-жаққа жүгіріп, қайтадан өз орындарына келіп жиналуға болады.
Дескриптор:
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Сабақты қорытындылау.
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру