Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 10
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика | |||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.1.1 Негізгі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс машықтарын білу, түсіну және жақсартып жалғастыру. | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Негізгі дене жаттығуларын орындағанда қозғалыс машықтарын біледі және түсінеді. | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология: Мыналарды қамтиды:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар
| |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. Эстафета таяқшасын беру жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс машықтарын түсінеді. | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша эстафета элементтері бар жеңіл атлетика түрлерін (АКТ қолданған жағдайда) көрсету. | |||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс қызметте іс- шаралар кезінде эстафета элементтері бар жеңіл атлетика бойынша түсінігі бар. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен... иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба? Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай . 1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру. 2. Жеңіл жүгіріске көшу . 3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру. 4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде 5. Жылдамдыққа жүгіру 6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру. Ж.Д.Ж. орнында Күтілетін нәтижелер
ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді Оқушылар бір-бірін бағалайды Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. Жолдарды салуға арналған ленталар. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин.
| (Т, Тәж, ҚБ) «Допты басынан асыра, аяқтың арасынан және аралас түрде беру» ойыны. Сыныпты 2-4 командаға бөлу. Әр команда бөлек-бөлек колонна болып тұрады және колоннада тұрған ойыншылардың өзара қашықтығы қол созым болу керек. Әр колоннаның бастаушысында бір доптан болады. Жүргізушінің белгісі бойынша алда тұрған ойыншылар допты басынан асыра келесі ойыншыға береді. Осы түрде доп колоннаның соңында тұрған ойыншыға жетеді. Ал, соңғы ойыншы допты алып колоннаның оң жағынан айналып келіп бірінші боп тұрады да, допты басынан асырып келесі ойыншыға береді. Ойынды бастаған ойыншы өз орнына қайтып келгенше ойын жалғаса береді. Ол орнына қайтып келген соң допты жоғары көтеріп, өзінің командасында тік тұруға команда береді. Ойынды бірінші бітірген команда жеңген болып есептеледі. Ережесі. 1. Допты тек өзінің көршісіне беруге болады. Допты бірнеше ойыншыдан асырып лактыруга болмайды. 2. Допты түсіріп алган ойыншы допты алып орнына келіп, келесі ойыншыга береді. 3. Соңгы ойыншы колоннаның алдына келгенде, ойыншылар кішкене артқа жылжиды. 4. Айып үпайлары жоқ және ойынды бірінші бітірген команда жеңімпаз атанады. Дескриптор:
ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау. | Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, бор, ысқырық. «Қозғалмалы ойындар және эстафета элементтері бар жеңіл атлетика» сілтемесі: | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Сабақты қорытындылау.
Оқушылар өздерінің жұмысысын екінші топ қол соғу арқылы және жұлдыз беру әдісімен бағалайды. Бағалау: Оқушылар берілген тапсырмаға сай жұмыстануына байланысты және жоғарыда көрсетілген критерийлерге байланысты бағаланады. Сабақ кезінде визуалды бақылау арқылы және сабақ соңында сұрақ-жауап арқылы бағаланады. Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? бәрін жақсы түсіндім. Енді түсініп келемін Түсінбедім Барлығын түсіндім | Құрал-жабдықтарды жинау. Кері байланыс үшін парақ | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
|
| Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу; Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету; Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау. Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу. | ||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру