Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 12 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 12
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика | |||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.1.1 Негізгі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс машықтарын білу, түсіну және жақсартып жалғастыру. 3. 3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарап, түсіндіру | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Негізгі дене жаттығуларын орындағанда қозғалыс машықтарын біледі және түсінеді. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігің керектігін түсінеді. | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
біледі;
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология: Мыналарды қамтиды:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар
| |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. Эстафета таяқшасын беру жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс машықтарын түсінеді. | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша эстафета элементтері бар жеңіл атлетика түрлерін (АКТ қолданған жағдайда) көрсету. | |||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс қызметте іс- шаралар кезінде эстафета элементтері бар жеңіл атлетика бойынша түсінігі бар. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен... иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба? Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай . 1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру. 2. Жеңіл жүгіріске көшу . 3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру. 4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде 5. Жылдамдыққа жүгіру 6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру. Ж.Д.Ж. орнында ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді Оқушылар бір-бірін бағалайды Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. Жолдарды салуға арналған ленталар. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин.
| (Б, Тәж., К, ҚБ) «Біріктірілген эстафета». Сынып командаларға бөлінеді. Әр команда ойыншыларын кезеңдерге қояды. Кезеңдерде берілген тапсырмаларды орындап өтеді. Қатысушылар өз тапсырмаларын берілген қашықтықты өтіп орындайды да, эстафетаны келесі қатысушыға береді: 1. Біріншілер шеңберді үш рет өздерінен өткізіп, келесіге қолын тигізу арқылы эстафетаны береді. 2. Екінші қатысушылар бір орында секіртпе жіппен 5 рет секіреді. 3. Үшінші қатысушы эстафетаны алып, орындыққа ішімен жатып, қолдарымен көмектесіп сырғанайды. 4. Келесі қатысушы гимнастикалық маттың соңына дейін жанымен домалайды. Екі аяғы бірге, екі қолы түзу жоғары созылған. 5. Бесінші қатысушы бір орында 3 рет отырып тұруды орындайды. 6. Алтыншы қатысушы келесі кезеңге дейін бір аяқта секіріп барады. 7. Жетінші қатысушы бар жылдамдығымен мәреге жүгіредді. Жеңімпаз-команда уақытпен анықталады. Дескриптор:
ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау (Ж, Т, К, ҚБ) Оқушылар шеңберге тұрады. Жүргізуші оның ортасына өтіп, «Доп жоғарыға» сөзімен допты жоғары лақтырады. Оқушылар осы сәтте шеңбердің ортасынан барынша алыс жүгіріп кетуге тырысады. Жүргізуші допты қағып алып, «Тоқта!» -деп айғалайды. Барлығы тоқтау керек. Жүргізуші орыннан қозғалмастан допты өзіне бәрінен жақын тұрғанға лақтырады. Кімге доп тисе, сол жүргізуші болады. Егер жүргізуші тигізе алмаса, онда ол жүргізуші болып қала береді де, ойын жалғасады. Қосымша ойын нұсқасы ретінде: Жүргізуші шеңбердің сыртында тұрып, доппен жаттығу жасайды, оқушылар беске дейін санайды. «Бес» дегенде олар тез жан-жаққа қашады. Жүргізуші «Тоқта!» деп айқайлап, жақын тұрған ойыншыға допты лақтырады. Кімге допты тигізс, сол жүргізуші болады. Егер ол тигізе алмаса, ол допқа жүгіреді, осы кезде ойыншылар барынша одан алысқа қашуға тырысады. «Тоқта!» деген белгіге барлығы тоқтайды. Жүргізуші тағыда жақын тұрған ойыншыға тигізуге тырысады. Оқушылар ойында белгілерге тез әрекет етуге және өте сақ болулары керек. Дескриптор: Қауіпсіздік ережесін сақтайды. Ойынның ережесін біледі, қорғаныстағы әдіс-тәсілдерді құрады және оны ойында қолданады. ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау | Үлкен, бос кеңістік, ысқырық. Шеңберлер, секіртпе жіптер, гимнастикалық маттар, орындықтар, конустар, бор, уақыт өлшеуіш. «Жеңіл атлетика элементтері бар эстафета ойындары» интернет ресурсына сілтеме: http://u-s.kz/publ/10618-podvizhnye-igry-i-estafety-s-elementami-legkoy-atletiki.html Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, ысқырық, бор. «Қозғалмалы ойындар және эстафета элементтері бар жеңіл атлетика» сілтемесі: http://u-s.kz/publ/10618-podvizhnye-igry-i-estafety-s-elementami-legkoy-atletiki.html «Балаларға арналған жеңіл атлетика элементтері бар қозғалмалы ойындар» сілтемесі: | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Сабақты қорытындылау.
Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? | Құрал-жабдықтарды жинау. Кері байланыс үшін парақ | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
|
Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау | Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу; Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету; Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау. Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу. | ||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру