Қауіпсіздік ережесі. Дене белсенділігі кезінде жүрек соғысы және тыныс алуы. Дене шынықтыру, 1 сынып, сабақ жоспары. 1-2 сабақ.


Сабақ жоспары 1-2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім - Ойын арқылы қозғалыс дағдыларын үйрету

Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Баранбаев Е.А.

Сынып: 1В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі.

Дене белсенділігі кезінде жүрек соғысы және тыныс алуы

Оқу мақсаттары

Дене қызметіндегі жалпы денсаулық туралы түсінікті анықтау

Дене жаттығуларындағы бұлшық ет жұмысы маңыздылығын сезіну

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушыларды қауіпсіздік ережелермен таныстыру және денсаулық туралы мәлемет беру.

 Жетістік критерийлері

Дене шынықтыру жаттығуларын орындайды, нәқты түсіндіреді және көрсете алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар біледі: сабақ барысында ойын ережесін сақтау ойынның негізі болып саналады.

 Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, ынтымақтастық

 Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыс - дене мүшелерін анықтай біледі.

 АКТ қолдану дағдылары

Ойынның видео және суретін қәжетімен қолдану

Бастапқы білім

Оқушылардан бала бақшада және үйдегі ойынға негізделген тәжірибелері болады деп күтіледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-15мин

Сабақтың ортасы

16-35 мин

Сабақтың соңы

36-40 мин

Дайындық бөлімі. Сапқа тұру. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Техника қауіпсіздігі. Саптық жаттығулар.Орыннан оңға, солға бұрылу. Оқушылар жүгіру жаттығуларын орындайды.

Аяқты артқа бүгіп жүгіру. Тізені жоғары қөтеріп жүгіру. Оң жақ иықпен адымдап секіру. Сол жақ иықпен адымдап секіру. Әрбір адымда секіріп жүгіру. Ж.Д.Ж.бір орында

«Үлкен доп» ойыны. Бұл ойынға үлкен доп керек. Ойыншылар шеңбер құрып, қол ұстасады. Доп ұстаған жүргізуші ортада тұрады да, допты аяқпен шеңберден сырғытып шығаруға тырысады. Допты жіберіп қойған ойыншы жүргізуші болады, тек шеңбер сыртында тұрады. Ойыншылар шеңберге арқаларын беріп тұрады, ал жүргізуші допты шеңбер ішіне домалатып кіргізуі қажет. Осы секілді, ойын бірнеше рет қайталанады.

«Ізіне түсіп қуу» ойыны. Бір-бірінен 3-4 м қашықтықта орналасқан А мен В старт сызықтарының әр біріне тұрып, екі команда ойынға қатысады. С финиш сызығы В сызығынан 9-11 м қашықтықта орналасқан. Мұғалімнің «Назар аударыңыз!» деген бұйрығы бойынша, А мен В сызықтарында тұрған оқушылардың барлығы бастапқы қалыпқа енеді –отыра таянып, жатып таянып, отырып, жоғары старт, т.б. «Марш!» деген белгі берілгенде, екі топ та жүгіре бастайды, тек А тобының ойыншылары қарсыластарын С финиш сызығына жеткенше, қолмен салып қалуға тырысады. Әрбір ұсталған ойыншы үшін қуғыншылар тобына 1 ұпай беріледі. Келесі жүгіруді ұйымдастырған кезде, командалар рөлдерімен ауысады.

Қозғалмалы ойын «Тышқандар мен мысық»

Оқушылар отырындар. Бұл жүрек соғысы жиілігімізді баяулатып, ойымыз бен денемізді тыныштандыруға мүмкіндік береді. Сыныпқа оралу.

Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік. Әр оқушыға үлкен көбік доп.

Доптар: түрлі мөлшер, текстура, түс, салмақ, т.б.

Доптар (түрлі мөлшерлі). Нысана ретінде түрлі қайта өңделе алатын заттар қолданыла алады: пластикалық саптаяқ / шөлмектер, картон туба / жәшіктер.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларды төрешілікке және ойын басқаруға тарту.

  • Көру, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін

Кауіпсіздік ережелерімен таныстыру

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Балалардың сабақ барысындағы коңіл күйлері? Бүгін оқушылар нені үйренді? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Жауап орыны

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Братко Е.Ю.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу