Бензолдың органикалық синтездегі қолданылуы. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.


 Бензолдың қолданылуы

 Бензол көптеген органикалық қосылыстардың синтезі үшін бастапқы зат болып табылады.

 1. Нитрлеу реакциясы арқылы нитробензол, бензолды хлорлау арқылы –хлорбензол С6Н5Сl (еріткіш) және басқа да хлортуындыларын алады.

 2. Бензол дәрілік және хош иісті заттардың, түрлі бояғыштардың, жоғарымолекулалы қосылыстардың мономерлерінің, т.б. синтезінде бастапқы өнім ретінде қолданылады.

 3. Сонымен қатар ол қасиеттерін жақсарту мақсатында моторлық жанармайға қоспа ретінде және еріткіш ретінде қолданылады.

 4. Бензолдың және басқа да көмірсутектердің хлортуындылары ауыл шаруашылығында өсімдіктерді химиялық қорғайтын зат ретінде қолданылады. Осылай бензолдағы сутек атомдарының хлормен орынбасу өнімі - гексахлорбензол C6Cl6 қатты қаракүйеге (твердая головня) қарсы бидай және қарабидай дәндерін өңдеуге қолданылады. Бензол арамшөптерді жою үшін, өсімдіктерді түрлі аурулардан қорғау үшін, т.б. қолданылады. Улы химикаттарды қоодану олардың қасиеттерін жақсы білуді және олардың қолдану ережелерін қатаң сақтауды талап етеді. Себебі, дұрыс қолданбаған жағдайда олар адам үшін қауіпті және қоршаған үлкен зардап тигізеді.

Алынатын бензолдың көп бөлігін басқа заттардың синтезінде қолданады:

  • шамамен 50 % бензолды этилбензолға (бензолды этиленмен алкилдеу) айналдырады;
  • шамамен 25 % бензолды кумолға (бензолды пропиленмен алкилдеу) айналдырады;
  • шамамен 10—15 % бензолды циклогексанға гидрлейді;
  • шаммаен 10 % бензолды нитробензол өндірісінде қолданады;
  • 2—3 % бензолды тізбекті алкилбензолдарға айналдырады;
  • шамамен 1 % бензол хлорбензол синтезінде қолданылады.

Өте аз мөлшерлерде бензол басқа қосылыстардың синтезінде қолданылады. Өте сирек жағдайларда, бензол өте улы болғандықтан, еріткіш ретінде қолданылады.

Сонымен қатар, бензол бензиннің құрамына кіреді. 1920-30 ж.ж. октан санын көтеру үшін бензинге қосты, алайда 1940 жылдары жоғарыоктанды бензиндермен бәсекелестікке шыдамады. Өте улы болғандықтан жанармайдағы бензолдың мөлшері 1%.-дейін заманауи стандарттар бойынша шектелген.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру