Жаһандық жылыну. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Класс:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

11.4 D Жасыл химия

Сабақтың тақырыбы

Жаһандық жылыну.

Бастапқы білім

Оттектің аллотропиясы

Оқыту мақсаттары

11.4.1.4 «парниктік эффект» салдарын болжау;

11.4.1.5 «парниктік эффект» пен озон қабатының бұзылу проблемаларын ажырата білу;

 Сабақтың мақсаттары

-жаһандық жылыну туралы толық ақпарат алады;

-«парниктік эффект» салдарын болжайды;

-озон қабатының бұзылу проблемаларын қарастырады;

-«парниктік эффект» пен озон қабатының бұзылу проблемаларын ажырата біледі;

Жетістік критерийлері (10-12 сыныптар) / бағалау критерийлері (7-9 сыныптар)

Білу және түсіну, қолдану:

-балалар толық сабақ барысына қатысады;

-жаһандық жылынуға толық анықтама бере алады;

- озон қабатының бұзылу проблемаларын толық түсінеді;

-«парниктік эффект» пен озон қабатының бұзылу проблемаларын ажырата алады;

 Тілдік мақсаттар

 

қазақша

орысша

ағылшынша

жаһандық жылыну

глобальное потепление

global warming

қоршаған ортаны қорғау

защита окружающей среды

environmental protection

парниктік эффект

парниковый эффект

greenhouse effect

озон қабаты

озоновый слой

ozone layer

ғаламдық проблемалар

глобальные проблемы

global problems

 Дифференциация

- тапсырма таңдау барысында: жеке оқушыға, топқа арналған әр түрлі деңгейлі тапсырмалар дайындау

 Пәнаралық байланыстар

Пән

Экология және биология

Кезең

Тапсырмалар

 Құндылықтарды

 дарыту

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Сабақта жұптық және топтық жұмыстарды жүргізу арқылы, бір- бірін құрметтеп, топта жұмыс жасай алу, ұйымшылдық қасиеттерін арттыру. Қызықты мәліметтерді пайдалана отырып, оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын арттырып, өмір бойы білім алу құндылығын дарыту.

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

3-5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық орта қалыптастыру.

Оқушылармен амандасып, оқушылар санын түгелдеу.

Тақырыпқа кіріспе (сұрақтарға жауап)

Климат дегеніміз не және оның маңызы қандай?

Климат— белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.

Климатта болатын өзгерістерге нені жатқыза аламыз? Өзгерісттердің болу себептері?

Климаттың өзгерулері- түгелдей жер бетінде немесе оның ірі аймақтарында климат жағдайларының ұзақ бағытты немесе ырғақты өзгерулері. Палеогеографиялық зерттеулердің негізінде анықталған геологиялық климаттың өзгерулері Жер тарихында ұзаққа созылған жылы және суық кезендердің болғанын дәлелдейді.

Ғаламдық проблемалар деп нені айтуға болады? Мысал келтіріңіз.

Сабақтың тақырыбы: Жаһандық жылыну

Сабақтың мақсаты:

-жаһандық жылыну туралы толық ақпарат алады;

-«парниктік эффект» салдарын болжайды;

-озон қабатының бұзылу проблемаларын қарастырады;

-«парниктік эффект» пен озон қабатының бұзылу проблемаларын ажырата біледі;

Оқушылармен бірлесе отырып сабақтың барысы айқындалады.

Слайд

Сабақтың ортасы

5-10 мин

10-20 мин

20-25 мин

25-30 мин

30-35 мин

Жаңа тақырып бойынша бейнеролик

https://youtu.be/hhpHrOz3iRs

Миға шашабуыл (бейнероликтегі ақпараттарды бекіту сұрақтары)

1. Жаһандық жылыну дегеніміз не?2. Соңғы жаһандық жылыну қашан болды?3. Ғалымдардың жаһандық жылыну туралы ойы?4. Жаһандық жылынудың жер бетіне әкеліп соғатын негізгі зардабы?5.Алғаш жаһандық жылыну мәліметтерін ғалымдар қандай зерттеу тәсілімен анықтады?

Қызықты мәліметтер! (Жаһандық жылыну тақырыбы бойынша қызықты 2-бейнеролик көрсетіледі)

https://youtu.be/YqEaXRGUb6w

Видеоролик бойынша негізгі түсініктерді қалыптастырып, пікір таласу арқылы кері байланыс жасалады.

Тақырыпты тереңдете түсіндіру.

Парниктік эффект

Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын-парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ-көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышықыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр түрлі мәліметтер бойынша 50 %-дан 65 %-ға дейін жетеді. Басқа парниктік газдарға метан, азот оксидтері, озон, фреондар (хлорфтор көміртек) және басқа да газдар жатады. 

Тақырыпты пысықтау(кластер құру)

Тақырыпты тереңдете түсіндіру.

Озон қабаты

Озон қабаты (озоносфера) бүкіл Жер шарын 10-50 км аралығында қоршап тұр, ал ең көп жинақталуы 20-25 км биіктікте болады. Атмосфераның озонмен қанығуы планетаның кез келген бөлігінде өзгерісте, ең жоғары жинақталуы полярлық аймақтарда болады.«Озон тесігі» деген атау алып, Антарктида үстіндегі кеңістікте озон мөлшерінің (50%) төмендеуіне байланысты ең бірінші озон қабатының жұқаруы 1985 жылы жүрт назарына ілікті. Содан бергі өлшеулер нәтижесі озон қабатының азаюын дәлелдеуде. Жердің озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроағзалар тіршілігі үшін қатер болып табылады.

Пысықтау сұрақтары.

True/False

1. Озонның формуласы О2

False

2. Озоносфера бүкіл Жер шарын 10-50 км аралығында қоршап тұр

True

3. Озон қабатының жұқаруы 1985 жылы жұрт назарына ілікті

True

4. Озон қабаттары ультракүлгін сәулелерінен қорғану қабілетін кемітеді

False

5. 1973 жылдан бергі байқаулар Қазақстанның үстіндегі озон қабатының қалыңдығы 5-7%-ға азайғанын көрсетті

True

6. Біздің ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келісімдерге 1998 жылы қосылды

True

Пысықтау тапсырмасы (бос ұяшықтарды толтыру, талқылау)

«Парниктік эффект» пен озон қабатының бұзылу проблемаларын ажырата білу

https://youtu.be/hhpHrOz3iRs

https://youtu.be/YqEaXRGUb6w

Слайд

Слайд

Слайд

Слайд

Слайд

Сабақтың соңы

35-38 мин

38-40 мин

Тақырыпты қорытындылау(жаһандық жылыну, ғаламдыық проблема сөздеріне анықтама беру)

1. Зат есім(1)2. Сын есім(2)3. Етістік(3)4. Сөйлем(4)5. Синоним(1)

Рефлексия

Екі жүрек бір арман.

Оқушылар бүгінгі сабаққа қатысты ұнаған 2 жағын және 1 ұсынысын айтады.

Слайд

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?