Олеумнің түзілуіне және сұйытылуына есептер шығару. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.3С Азот және күкірт

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Олеумнің түзілуіне және сұйытылуына есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.2.3 олеумнің түзілуіне және сұйытылуына есептер шығару;

 Сабақ мақсаттары

11.2.2.3 олеумнің түзілуіне және сұйытылуына есептер шығару;

Бағалау критерийлері

11.2.2.3 олеумнің түзілуіне және сұйытылуына есептер шығару;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

олеумнің түзілуіне және сұйытылуына есептер шығаруды сипаттай алады

Пәндік лексика және терминология

күкірт қышқылы, олеум, зат мөлшері, күкірт ангидриді

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Олеум түзілуі үшін ....... қажет.

Әрекеттескен немесе қосылған күкірт ангидридін табу үшін .......

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Жаһандық азаматтық:

Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуға ұмтылу.

Дағдылар:сыни және шығармашылық ойлау, өзіне сенімділік және рефлексия жасай алу.

экологиялық сауаттылықтарын жоғарылату

 Пәнаралық байланыстар

Биология, география

 АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=wjtIsBxNPv0

презентация

Бастапқы білім

10.1C Химиялық байланыс

10.1D Периодтылық

10.2B Термодинамикаға кіріспе

10.2C Кинетика

10.3А Химиялық тепе-теңдік

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

- оқушылардың зейінін шоғырландыру-- «Өзіңе тілегенді өзгеге тіле!»

Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

презентация

Сабақтың ортасы

15 минут

25 минут

(С)(М) Оқушылармен олеумнің түзілуі мен сұйылтылуына қатысты бір есептің шығарылуын талқылау. Талқылау үдерісінде оқушылардың барлық сұрақтарын ескеру керек, содан кейін оқушылармен бірге ең тиімді әдісті таңдау

https://www.youtube.com/watch?v=wjtIsBxNPv0

Есеп: 24 % олеум алу үшін массасы 306 г суда күкірт (VI) оксидінің қандай массасын еріту керек?

1-әдіс

SO3 + H2O = H2 SO4

1)Wзат = mзат/mерітінді

W(SO3)=m (SO3)/m (олеум) = m (SO3)қосылған - m (SO3)сумен әрекеттескен/ m (SO3)қосылған + m(H2O)

2) SO3 + H2O = H2 SO4 пропорция құрамыз

80г(SO3) – 18г (H2O)

Х(SO3) – 306 г(H2O)

Х = 1360г (SO3) сумен әрекеттесті

Хг - SO3 қосылды деп есептейік, сонда

0,24 = Х-1360/Х + 306

0,24х (х + 306) = х-1360

0,24х + 73,44 = х – 1360

0,24х – х = - 1360 – 73,44

-0,76 х = - 1433,44

Х = 1886,105

2-әдіс

SO3 + H2O = H2 SO4

Пропорция құрамыз:

18г H2O ---98г H2 SO4

306г H2O----Х H2 SO4

Х = 1666г H2 SO4

W (H2 SO4) = 100% - 24 % = 76%

Wзат = mзат /mқоспа m(олеум) = 1666г/0,76 = 2192,105г

m(SO3) қосылған= 2192,105-306 = 1886,105г

(Жж) Осыған ұқсас есептер шығару дағдысын дағдысын қалыптастыру үшін оқушыларға жеткілікті дәрежеде есептер ұсыну.

1-ЕСЕП

75 %-тік 288 г күкірт қышқылының ерітіндісіне 400 г күкірт (VI) оксидін қосқан. Күкірт (VI) оксидінің олеумдегі массалық үлесін есептеңіз.

Шешуі:

  • 75 % = m/288 г
  • m(H2SO4 )= 216 г
  • т (Н2О)= 288 – 216 = 72 г.
  • Есептің шарты бойынша: n(SO3 ) = 400/80= 5 моль

Күкірт (VI) оксидінің бір бөлігі сумен реакцияға түседі. Барлығы күкірт (VI) оксиді 5 моль. Сумен реакцияға күкірт (VI) оксидінің 4 моль жұмсалады. 1 моль күкірт (VI) оксиді қалады.

SO3 + H2O = H2SO4. Реакция теңдеуі бойынша барлық реагенттер бірдей қатынаста әрекеттесіп тұр.

n (H2O) =72 г/18 г/моль = 4 моль.

n (SO3) = 5 моль-4 моль = 1 моль.

m (SO3)қалғ. = 80г/моль * 1 моль = 80 г.

m (H2SO4) = 4моль*98 г/моль = 392 г.

m ерітінді = 288+400 = 688 г.

W = 11,6 %. Жауабы: 11,6 %.

2- есеп

92 %-тік 562,5 г. күкірт қышқылының ерітіндісіне массы 240 г. күкірт (VI) оксидін қосты. Түзілген олеумдегі күкірт (VI) оксидінің массалық үлесін есептеңіз.

Шешуі:

  • 92 %=m/562,5 г
  • m(H2SO4 ) = 517,5 г
  • т (Н2О)= 562,5 – 517,5 = 45 г.

Күкірт (VI) оксидінің бір бөлігі сумен реакцияға түседі. Барлығы күкірт (VI) оксиді 3 моль. Сумен реакцияға күкірт (VI) оксидінің 2,5 моль жұмсалады. 0,5 моль күкірт (VI) оксиді қалады.

SO3 + H2O = H2SO4. Реакция теңдеуі бойынша барлық реагенттер бірдей қатынаста әрекеттесіп тұр.

n (H2O) =45 г/18 г/моль = 2,5 моль.

n (SO3) = 3 моль-2,5 моль = 0,5 моль.

m (SO3)қалғ. = 80г/моль * 0,5 моль = 40 г.

m ерітінді = 562,5+240 =802,5 г.

W = 4,98 %.

Жауабы: 4,98 %.

3- есеп

10 %-тік олеум алу үшін 20 %-тік 200 г күкірт қышқылының ерітіндісіне күкірт (VI) оксидінің қандай массасын қосуға болатынын есептеңіз.

4- есеп

20 %-тік олеум алу үшін 90 %-тік 250 г күкірт қышқылының ерітіндісіне күкірт (VI) оксидінің қандай массасын қосуға болатынын есептеңіз.

5 - есеп

20 %-тік 200 г олеум алу үшін 50 %-тік күкірт қышқылының және күкірт (VI) оксидінің қандай массасын алу қажет?

6-есеп.

20 % -тік массасы 400 г олеум дайындауға қажетті күкірт (VI) оксиді және 25 %-тік күкірт қышқылының массасын есептеңіз.

7 - есеп.

16 %-тік 200 г олеум дайындау үшін күкірт ангидридінің және 40 %-тік күкірт қышқылының ерітіндісінің қанша массасы қажет екенін есптеңіз.

Қабілетті оқушыларға жұмыс аяқталғаннан кейін, жұмыстарды өзара бағалауды ұсыну.

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=wjtIsBxNPv0

Сабақтың соңы

3 минут

Үйге тапсырма

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

презентация арқылы қойырған сұрақ-жауаптар, қалыптастырушы бағалау тапсырмасы кері байланыс беру арқылы бағаланады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?