Күкірттісутек және сульфидтер. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.


 Күкіртсутек

 Күкіртсутек вулкандық газдың құрамында, емдік минералдық суларда, мұнайгаз кен орындарында кездеседі. Бұл улы, түссіз ашыған жұмыртқаның иісі тәрізді газ. Тыныс алғанда тыныс алу тізбегіне жауапты цитохромоксидаза ферментін зақымдап, сал тудырады.

 Физикалық қасиеттері:

 Температураны – 60°C, –86°C төмендеткенде күкіртсутек қатады.

 Бір көлем суда 2,5 көлем күкіртсутек ериді.

 Күкіртсутекті өндірісте сутек пен күкірттің тікелей әрекеттесуі нәтижесінде алады:

 Н2+S→ Н2S

 Зертханада күкіртсутекті негізінен темір (ІІ) сульфиді мен сұйытылған күкірт немесе тұз қышқылдарының әрекеттесуінен алады:

 FeS+H2SO4→H2S+FeSO4

  Күкірттің ең төменгі тотығу дәрежесі ең төмен, -2 болуына байланысты күкіртсутек электртерістілігі өзінен жоғары элементтермен, элемент қосылыстарымен әрекеттескенде ары қарай электрон қабылдай алмайтын болғандықтан белсенді тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді.

 Көкшіл түсті жалынмен жанады

 2H2S + O2 = 2H2O + 2S

 2H2S + 3O2 = 2H2O + 2SO2

 Галогендермен әрекеттеседі

 Br2 + H2S = 2HBr + S

 Тотықтырғыштармен белсенді әрекеттеседі

 H2S + 2HNO3 = S + 2NO2 +2H2O

 Күкіртсутекті аналитикалық химияда катиондарды анықтау үшін қолданады.

 Күкіртсутек қышқылы басқа қышқылдар сияқты тұздармен, негіздік оксидтермен, негіздермен, металдармен әрекеттеседі. Күкіртсутек қышқылы екі негізді болғандықтан екі қатар: орта (сульфидтер) және қышқыл (гидросульфидтер) тұздар түзеді. Гидросульфидтердің барлығы суда жақсы ериді. Орта тұздардан сілтілік, сілтілік-жер металдардың және аммонийдың сульфидтері суда жақсы ериді. Басқа металдардың сульфидтері суда ерімейді және көпшілігінің өздеріне тән түстері болады. Осы сульфидтердің әр түрлі ерігіштіктері мен әр түрлі түстерін пайдаланып күкіртсутектің көмегімен металдардың катиондарын сапалық жолмен анықтайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?