Күкірттісутек және сульфидтер. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.
Сульфидтер
Күкіртсутек суда ерігенде, көмір қышқылынан да әлсіз күкіртті сутек қышқылын түзеді.
Күкіртсутек қышқылы реакцияда тотықсыздандырғыш қызмет атқарады, ол тіптен темірдің сульфаты мен хлоридін тотықтырады.
2FeCl3 + H2S = 2FeCl2 + S + 2HCl
H2S екі түрлі тұз түзеді: сульфидтер және гидросульфидтер. Гидросульфидтер тек қана сілтілерден және сілтілік жер металдардан ғана түзіледі.
H2S + KOH = KHS + H2O
H2S + HgCl2 = HgS (қ) + 2HCl
Ауыр металдардың сульфидтері суда ерімейді, көпшілігі азот қышқылында ериді.
Сілтілік, сілтілік жер металдардың сульфидтері және аммонийдің тұздары суда оңай еріп, сілтілік орта түзеді.
Сульфидтер тотықсыздандырғыш қасиеттер көрсетеді.
3PbS + 8HNO3 = 3PbSO4 + 4H2O + 8NO
2PbS + 3O2 = 2PbO + 2SO2 (қайнатқанда)
Табиғи сульфидтер металдар мен күкірт қышқылы алынатын негізгі шикізат.
Сульфидтер медицинада, бояғыш заттар өндіруде, ауыл шаруашылығында люминофоры (ZnS, CaS, SrS) секілді, жартылай өткізгіш материал (CuS, CdS, PbS, GeS2 және т.б.) ретінде қолданады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру