Табиғатта кездесетін түрлері және жай заттарының алыну әдістері. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша хабарламаКремнийдің ашылу тарихы. Кремний – жер қыртысының негізі. Кремнийдің латынша тауы - силициум, ол жер қыртысының негізін құрайды. Жер бетіндегі ең негізгі химиялық қосылыс, ол - кәдімгі құм, кремнезем. 1823 жылы Швед химигі И. Я. Берцелиус кремний фторлы калийге калий қосып қыздыру арқылы сол өнімді бөліп алды. Ол жаңа элемент алғанын хабарлап, оны «солиций «деп атады. Қазақша: қатты тас. 1834 жылы академик Г. И. Гесс қысқаша «кремний»деген атауды (грекше» кремнос - жартас. шың, құз»деген мағынада ) ұсынды.Кремнийдің табиғатта таралуы. Табиғатта оттегінен кейінгі көп таралған элемент - кремний. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі - 25%. Кремний табиғатта тек қосылыс түрінде ғана, көптеген силикаттар мен барлық өсімдік (әсіресе қырықбуындылар мен бамбук) құрамында кездеседі. Сондай - ақ тірі организмдер мен кейбір микроорганизмдер денесінде де болады. Адам организмінде де 0, 1 процентке жуық кремний болады, оны әзірге биологиялық рөлі белгісіз.Қолданылуы. Таза кремний көбінесе темір, мыс, алюминий, қорғасын тәрізді әртүрлі құймалар түрінде қолданылады. Аса таза кремний күн фотоэлементтерін даярлауда қолданылады. Күн батареясы космос корабльдерін электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Кремний шала өткізгіштер – диодтар, триодтар және радиотехникада – қабылдағыш үдеткіштер даярлауда, әртүрлі приборлар жасауға қолданылады. Шыны, цемент т. б. құрылыс материалдары үшін де кремний қосылыстары қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?