Аденозинтрифосфат және энергия. Химия, 11 сынып, қосымша материал 2.
Тақырыбы: Аденозинтрифосфат және энергия
Оқу мақсаты:
11.5.1.31 аденозинтрифосфат гидролизі құрылымын және сызбасын құрастыру
Сабақтың басында оқушылардан білімді жаңғырту мақсатында өткен тақырып бойынша жұмыс парағын таратып, тексеру жұмысын алыңыз.
Бұдан кейін жетелеуші сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы анықталып, оқу мақсаттары нақтыланады.
Оқушылар алдарына таратылған мәтінмен танысып, «Өкіл» стратегиясы бойынша топта талқылайды.
Оқушылар дайындалған карточкаларды пайдалана отырып, қарапайым АТФ блок-құрылымын құрып, РНҚ-мен ұқсастығын жазулары керек, АТФ-тің АДФ-қа және фосфат-ионға дейін гидролизденуін көрсету үшін блок картаны пайдалануы керек. Олар АТФ-ң тотығу процесі кезінде бөлінетін энергияның регенерациялануы жайлы қорытынды жасауы керек.
Оқушыларға АТФ молекуласы, гидролизі және маңызы туралы қосымша түсінік беріледі. Олар энергия жылу түрінде бөлінбейтінін түсіну керек.
Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында жұмыс парағын таратыңыз. Оқушылар жұптық жұмыс жасайды. Жұпаралық бағалау жүргізіңіз.
Сабақ соңында үйге тапсырма беріңіз.
Оқушылармен кері байланыс жүргізіңіз.
Тиімді сілтеме:
http://www.chemguide.co.uk/CIE/section111/learningl.html
http://www.youtube.com/watch?v=QWf2jcznLsY&feature=relmfu
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?